О переменовании станции "Аккудук" на железнодорожной линии "Хромтау-Алтынсарино" станцией "Коктау" Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
"Хромтау-Алтынсарин" темір жолы бойындағы "Аққұдық" станциясының атауын "Көктау" деп өзгерту туралы
"Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Хромтау аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының Хромтау ауданындағы "Хромтау-Алтынсарин" темір жолы бойындағы "Аққұдық" станциясының атауын "Көктау" станциясы деп өзгерту туралы ұсыныстары қабылдансын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының қарауына ұсынылсын.