О Координационном совете по борьбе с преступностью и коррупцией Күшін жойған
Басқа 0
Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 Заңының 31-бап 1-тармақ 17) тармақшасына, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жыл 2 шілдедегі № 267-І Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жыл 20 сәуірдегі № 377 Жарлығына сәйкес, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігі жанында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі қүрылсын (бұдан былай- Үйлестіру кеңесі) (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Үйлестіру кеңесі туралы Ереже бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Үйлестіру кеңесінің дербес қүрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілуге ұсынылсын.
Тармақ 4
4. «Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жедел штаб қүру туралы» Глубокое ауданы әкімінің 2002 жыл 8 сәуірдегі № 735 шешімінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Басқа 6. Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Үйлестіру
кеңесінің дербес құрамы
Глубокое аудандық әкімдіктің
«20» шілде 2005 ж.
№ 1212 қаулысына 1 қосымша
Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Үйлестіру
кеңесінің дербес құрамы
1.
Плотников
Глубокое ауданының әкімі,
Сергей Викторович
үйлестіру кеңесінің төрағасы
2.
Зорина
Глубокое ауданы әкім аппаратының
Татьяна Анатольевна
кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жүмыс бөлімінің бастығы
3.
Даембаев
Глубокое ауданының прокуроры
Омиржан Бабыкенович
(келісім бойынша)
4.
Имамбаев
Глубокое 'аудандық ішкі істер бөлімінің
Сайранбек Курмашевич
бастығы (келісім бойынша)
5.
Прыгов
Глубокое өңірі бойынша салық
Николай Геннадьевич
полициясы бастығының орынбасары (келісім бойынша)
6.
Джамбулатов Адиль
ҚР ҰҚКД ШҚО бойынша қызметкері
Маратович
(келісім бойынша)
7.
Адильбаева
Глубокое аудандық әділет
Роза Касиевна
басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Глубокое ауданы әкім аппаратының басшысы
А. Баймульдинов
Басқа 7. Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі
Үйлестіру кеңесі туралы
Глубокоө аудандық әкімдіктің
«20» шілде 2005 ж.
қаулысына № 1212
2 қосымша
Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі
Үйлестіру кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
1. Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі (бүдан былай - Үйлестіру кеңесі) аудан әкімдігі жанындағы кеңес беру-кеңесші орган болып табылады, атқарушы, ауданның қүқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті үйымдастыру мәселөлері жөніндегі қызметтерін ведомоствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету үшін қүрылды.
Тармақ 2
2. Үйлестіру кеңесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстант Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс және аудан әкімдіктерінің, облыс және аудан әкімдерінің актілеріне, басқа да норматвитік қүқықтық актілерге, сонымең қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 1. 2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
3. Үйлестіру Кеңесінің негізгі міндеттері мен функциялары болып табылатындар:
1) ауданның атқарушы, қүқық қорғау және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті үйымдастыру мәселелері женіндегі қызметтерін ведомоствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету, қүқық тәртібі мен заңдылықты нығайту;
Тармақша 2
2) аудандағы криминогенді жағдайды талдау, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі іс-шараларды қарау және бекіту;
Тармақша 3
3) ауданның атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарының қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілері және басқа да облыстық және аудандық әкімдіктің, облыс және аудан әкімдерінің нооматвитік қүқықтық актілерінің орындалу жағдайын талдау;
Тармақ 2
Тармақша 4
4) атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың ауданда құқық тәртібі мен заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
Тармақ 3. 3. Үйлестіруші кеңестің өкілеттіктері
3. Үйлестіруші кеңестің өкілеттіктері
4. Өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру барысында Үйлестіру кеңесінің мынадай құқықтары бар:
Тармақша 1
1) заңнамамен бекітілген тәртіпте атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардан жұмысқа қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) кеңес отырысына материалдар дайындау үшін атқарушы, құқық қорғау және ауданның басқа да мемлекеттік органдары қызметкерлерін (келісім бойынша) тартуға құқылы;
Тармақша 3
3) өз отырыстарында атқарушы, құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрееті ұйымдастырудың жай-күйін қарастыруды;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыру үшін ұсыныстарды дайындауды жүзеге асырады.
Тармақ 4. 4. Үйлестіру Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру
4. Үйлестіру Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру
5. Үйлестіру кеңесі жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Оның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кем дегенде бір рет өткізіледі. ,
Үйлестіру кеңесінің отырыстарын төраға, немесе оның тапсырмасы бойынша Үйлестіру кеңесінің бір мүшесі өткізеді және олар мүшелердің жартысынан көбі қатысқан уақытта заңды деп есептеледі. Үйлестіру кеңесінің отырыстарының қорытындылары хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 5
6. Қажеттілігіне қарай Үйлестіру кеңесі қарастырған мәселелер бойынша шешімдер (ұсыныстар) қабылдайды. Үйлестіру кеңесінің шешімдері отырысқа қатысып отырған Үйлестіру кеңесі мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
Дауыс тең болған жағдайда шешуші дауыс төрағалық етушінікі болып табылады.
Тармақ 6
7. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы аудан әкімінің кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі болып табылады.
Глубокое ауданы әкім
Аппратының басшысы
А.Баймульдинов