Об утверждении Правил осуществления мониторинга и контроля за соблюдением условий контрактов на осуществление инвестиций, предусматривающих инвестиционные преференции Күшін жойған
Басқа 0
Инвестициялық преференцияларды көздейтін, инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісім-шарттардың шарттарын сақтаудың мониторингі мен бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
------------Бұйрықтан үзінді--------------
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Инвестициялық преференцияларды көздейтін, инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісім-шарттардың шарттарын сақтаудың мониторингі мен бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті Төрағасының 2005 жылғы 9 тамыздағы N 59-п (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік нормативті құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 3818 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені 2005 ж. қазан, N 19, 168-құжат болып жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді.
--------------------------
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 134-1 , 563-1-баптарын , "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2-тармағын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитеті туралы ережесінің 11-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық преференцияларды көздейтін, инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісім шарттардың шарттарын сақтаудың мониторингі мен бақылауын жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Инвесторлар қызметінің мониторингі мен бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитеті Төрағасының 2003 жылғы 26 наурыздағы N 19-п (Мемлекеттік нормативті құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 2253 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2003 ж. N 23-24, 851-құжат болып жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Инвестициялық преференцияларды көздейтін, инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісім-шарттардың жағдайын сақтаудың мониторингі мен бақылауын жүзеге асыру ережесі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлігінің Инвестиция
комитеті Төрағасының
2005 жылғы 9 тамыздағы N 59-п
бұйрығымен бекітілген
Инвестициялық преференцияларды көздейтін, инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісім-шарттардың жағдайын сақтаудың мониторингі мен бақылауын жүзеге асыру ережесі
Осы Инвестициялық преференцияларды көздейтін, инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісім-шарттардың шарттарын сақтаудың мониторингі мен бақылауын жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 134-1 , 563-1 баптарына , "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетінің (бұдан әрі - Комитет) Инвестициялық преференцияларды қарастыратын, инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісім-шарттардың шарттарын сақтаудың мониторингі мен бақылауын жүзеге асыру тәртібін белгілейді (бұдан әрі - келісім шарт).
Тарау 1. 1. Инвестициялық преференцияларды көздейтін, инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісім-шарттар шарттарын сақтаудың мониторингі мен бақылауын жүзеге асыру
1. Инвестициялық преференцияларды көздейтін, инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісім-шарттар шарттарын сақтаудың мониторингі мен бақылауын жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Келісім-шарттар шарттарын сақтаудың мониторингі мен бақылауын жүзеге асырудың мақсаты болып, келісім-шарт шарттарына сәйкес шарт жасасқан заңды тұлғалардың (бұдан әрі - заңды тұлға) міндеттерді орындауын бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 2
2. Келісім-шарттар шарттарын сақтаудың мониторингі мен бақылауы статистика жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген нысанда заңды тұлғалармен берілетін есеп беруді, аудиторлық қорытындыларды талдау және заңды тұлғалардың келісім шарт міндеттерін орындау мәселелері бойынша тексеруді іске асыруды қарастырады.
Тармақ 3
3. Мониторинг пен бақылау нәтижелері бойынша Комитет осы Ережеде және Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамада көзделген тиісті шараларды қабылдайды.
Тарау 2. 2. Мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру тәртібі
2. Мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 4
4. Келісім-шарттардың шарттарын сақтаудың мониторингі мен бақылауы тексерудің мынадай нысандарымен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есептілік;
Тармақша 2
2) берілген аудиторлық есептіліктердің негізінде;
Тармақша 3
3) инвестициялық қызмет объектілеріне бару, сонымен қатар инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі құжаттарды қарау (барып тексеру).
Тармақ 5
5. Инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есептілік, оның ішінде аудиторлық есептер, Заңның 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес беріледі.
Тармақ 6
6. Жоспарлы барып тексеру Комитет Төрағасының бұйрығымен бекітілген кестеге сай, Комитет Төрағасының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Жоспардан тыс барып тексеру Келісім-шарттың немесе Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасының шарттарының бұзылуы жөніндегі салық, кеден, құқық қорғау немесе жергілікті атқару органдарының ақпараттары негізінде жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Барып тексеруді тағайындау жөніндегі акт
3. Барып тексеруді тағайындау жөніндегі акт
Тармақ 8
8. Барып тексеру мемлекеттік органның тексеруді тағайындау жөніндегі актісі негізінде ереженің 1-Қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Жоспарлы тексеру жайлы заңды тұлғаға тексеруге екі аптадан кем емес уақыт қалғанда ескерту жіберіледі.
Тармақ 10
10. Барып тексеруге келген Комитеттің лауазымды тұлғасы:
Тармақша 1
1) барып тексеруді тағайындау жөніндегі актіні;
Тармақша 2
2) қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті.
Тармақ 11
11. Барып тексерудің басталған уақыты болып, заңды тұлғаға тексеру тағайындау жөніндегі актіні табыс ету уақыты саналады.
Тармақ 12
12. Барып тексеру тағайындау жөніндегі актіні алудан бас тарту тексеруді жоюға негіз болмайды.
Тармақ 13
13. Барып тексеру тек барып тексеру тағайындау жөніндегі актіде көрсетілген лауазымды тұлғамен (тұлғалармен) ғана жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 14
14. Барып тексеру тағайындау жөніндегі акті тек бір ғана заңды тұлғаға ресімделеді.
Тарау 4. 4. Барып тексеру нәтижелері жөніндегі акті
4. Барып тексеру нәтижелері жөніндегі акті
Тармақ 15
15. Барып тексеру нәтижелері бойынша Комитеттің тексерісті жүзеге асыратын лауазымды тұлғасы барып тексеру нәтижелері жөнінде екі дана ереженің 2-Қосымшасына сәйкес акті жасайды.
Тармақ 16
16. Барып тексеру нәтижелері жөніндегі актіге барып тексеру нәтижелерімен байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса берілуі мүмкін.
Тармақ 17
17. Барып тексеру нәтижелері жөніндегі ескертулер мен/немесе ұсыныстар болған жағдайда заңды тұлғаның басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлғаларды жазбаша түрде білдіреді. Бұл ретте ескертулер мен/немесе ұсыныстар, тексерулер нәтижелері жөніндегі актіге қоса беріледі, бұл жөнінде тиісті белгі жасалады.
Тармақ 18
18. Заңды тұлғада бар түпнұсқа көшірмесінен басқа, қосымша көшірмелері бар барып тексеру нәтижелері жөніндегі актінің бір данасы заңды тұлға басшысына не оның міндетін атқарушы тұлғаға танысу және көрсетілген бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар қолдану үшін тапсырылады.
Тарау 5. 5. Тексеру нәтижелері бойынша қабылданатын шаралар
5. Тексеру нәтижелері бойынша қабылданатын шаралар
Тармақ 19
19. Барып тексеру нәтижелері жөніндегі Акті негізінде барып тексеру жүргізуші лауазымды тұлға келісім шарттың Жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелері жөнінде есеп беру дайындайды.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік заттай гранттар беру көзделген келісім шарт шарттары орындалған жағдайда, Комитет тексеру нәтижелері жөніндегі акті негізінде:
Тармақша 1
1) Заңның 18-бабының 1-тармағына сәйкес меншікке немесе жер пайдалануына мемлекеттік заттай грантты өтеусіз беру жөнінде шешім қабылдайды;
Тармақша 2
2) инвестициялық міндеттемелердің орындалуы және мемлекеттік заттай грантты жеке меншікке немесе жер пайдалануға өтеусіз беру жөнінде заңды тұлғаға жазбаша хабарлама жібереді;
Тармақша 3
3) келісім шарт немесе Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес, мемлекеттік заттай грантты жеке меншікке немесе жер пайдалануға беруді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мүлікті және жер ресурстарын басқару саласындағы тиісті мемлекеттік органдарға жазбаша хабарлама жібереді.
Тармақ 21
21. Келісім-шарттың талаптарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Комитет заңды тұлғаға бұзушылықтар түрі көрсетілген жазбаша хабарлама жібереді және оларды жою үшін үш айдан аспайтын мерзім белгілейді.
Тарау 6. 6. Келісім-шартты мерзімінен бұрын тоқтату
6. Келісім-шартты мерзімінен бұрын тоқтату
Тармақ 22
22. Заңның 22-бабының 2-тармағында қарастырылған негіздер бойынша келісім шарттың әрекеті мерзімнен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Тармақ 23
23. Заңның 22-бабы 3, 4, 5-тармақтарында көрсетілген шараларды қолдану үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғау мақсатында келісім шартты бұзу жөніндегі мәліметтер салық органдарына, қажет болған жағдайда кеден және басқа да мемлекеттік органдарға жіберіледі.
Тармақ 24
24. Заңды тұлғаға мемлекеттің заттай грант берілген келісім шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда:
Тармақша 1
1) Заңды тұлға оған мемлекеттік заттай грант ретінде берілген мүлікті заттай, не келісім шарт талаптарына сәйкес берілген күнгі бастапқы құнын қайтарады. Мемлекеттік заттай грантты қайтаруды заңды тұлға Комитет келісім шартты мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай грантты мемлекет меншігіне қайтаруды қамтамасыз ету үшін Комитет мемлекеттік мүлікті және жер ресурстарын басқару саласындағы тиісті мемлекеттік органдарға хабарлама жібереді.
Тарау 7. 7. Әкімшілік жаза
7. Әкімшілік жаза
Тармақ 25
25. Заңды тұлғаның заттай грантты Заңның 22-бабының 7-тармағында белгіленген мерзімде қайтарудан бас тартқан жағдайда, Комитет заңды тұлғаға заңмен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 134-1 , 563-1-баптарына сәйкес әкімшілік жаза қолданады.
Тармақ 26
26. Комитеттің басшысы немесе оның орынбасары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарастырып, төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) әкімшілік жаза қолдану туралы;
Тармақша 2
2) іс бойынша өндірісті тоқтату туралы;
Тармақша 3
3) айыппұл салу жөніндегі қаулыны күштеп орындату.
Тармақ 27
27. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жасалады.
Тармақ 28
28. Комитет басшысының бұйрығымен анықталған Комитеттің жауапты бөлімшесі Заңның 22-бабының 7-тармағында белгіленген мемлекеттік заттай гранттарды қайтару мерзімін бұзған заңды тұлғаға қатысты түзілген ұйғарымдарды, хаттамаларды, қаулыларды және басқа шешімдерді есепке алу журналдарын жүргізуі және сақтауы тиіс. Есепке алу журналдары тігілген, нөмірленген және Комитет мөрімен бекітілген болуы керек.
Басқа 1. Барып тексеруді тағайындау туралы Акт
Инвестициялық преференцияларды
көздейтін, инвестицияларды
жүзеге асыруға арналған
келісім-шарттардың шарттарын
сақтаудың мониторингі мен
бақылауын жүзеге асыру
ережесіне 1-қосымша
Барып тексеруді тағайындау туралы Акт
N _________ "____"______________200__ж.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің
Инвестиция комитеті
________________негізінде, _______________________________________
(Тексерушінің аты-жөні, лауазымы, куәлігінің нөмірі)
____жылғы "___"_______ мен ____жылғы "___"______ кезең аралығындағы
___________мекен-жайында орналасқан ______________________СТН______
(заңды тұлғаның атауы)
__жылғы "__"______N __ Келісім-шартқа сай___жылғы "___"______ мен
(тексеру кезеңі)
__жылғы "__"______ тексерілетін кезең аралығындағы шарттарды сақтау
мәселелері бойынша ____________ тексеру жүргізуді тапсырады.
(тексеру түрі)
Төраға: ____________ _______________________________
(Қолы) (Комитет Төрағасының аты-жөні)
М.О.
Актімен және тексерудің
басталуымен таныстым: _____________ _______________________
(Қолы мен мөрі) (Заңды тұлға басшысының
аты-жөні)
200___жылдың "____"_________
Басқа 2. Барып тексеру нәтижелері туралы Акт
Инвестициялық преференцияларды
көздейтін, инвестицияларды
жүзеге асыруға арналған
келісім-шарттардың шарттарын
сақтаудың мониторингі мен
бақылауын жүзеге асыру
ережесіне 2-қосымша
Барып тексеру нәтижелері туралы Акт
_____________________________сәйкес, 200_жылдың "__"______ мен
(барып тексеру тағайындау туралы актінің реквизиттері)
200_жылдың "__"______аралығында Қазақстан Республикасының Индустрия
және сауда министрлігі Инвестиция комитетінің _____________________
(Тексерушінің аты-жөні, лауазымы, куәлігінің нөмірі)
____________мекен-жайында орналасқан__________СТН _________________
жылғы "___"______ N __ Келісім-шарттың __жылғы "____"________ мен
__жылғы "__"______тексерілетін мерзім аралығындағы шарттарын сақтау
мәселелері бойынша ______ өткізілген тексеру нәтижесінде __________
(тексеру түрі) (бұзушылықтар табылмады
___________________________________________________________________
немесе тиісті тармақтар, баптар, заңнамалар нормалары және/немесе
келісім-шарттарға сүйену арқылы табылған бұзушылықтар туралы
___________________________________________________________________
мәліметтерді және құжаттар реквизиттерін көрсету; мәліметтерді
көрсету; Заңды тұлға Актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда
___________________________________________________________________
тексерушінің тиісті нұсқасы)
Қосымша:
1._________
2._________
_____,_________ 200__ жылғы "___"_________ айында _________________
Қолы) (Аты-жөні) (Акті жасалған орын)
жасалған.
Тексеруге берілген құжаттардың түпнұсқасын куәландырамын,
жауапкершілігім жөнінде ескертілдім. Тексеру нәтижелерімен таныстым.
___________________________________________________________________
(жүргізілген тексеру бойынша ескерту және/немесе ұсыныс)
______________________ ___________________________________
(қолы, күні және мөрі) (тексерілген заңды тұлға басшысының
аты-жөні)
Тексерудің нақты жүргізілген уақыты 200__жылғы "___"__________ мен
200_жылғы "___"________аралығындағы.