О состоянии общественного порядка и борьбы с преступностью в области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстағы қоғамдық тәртіптің және қылмыспен күресудің ахуалы туралы
Құқық бұзушылықтың алдын алудың және қылмыспен күресті жетілдірудің тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Облыстағы қоғамдық тәртіпті және қылмыспен күресудің ахуалы туралы» ақпараты назарға алынсын.
Тармақ 2
2. Ақмола облысының ішкі істер департаменті (келісім бойынша) Ақмола облысының аумағында қоғамдық тәртіпті күзетуді, қылмыстың алдын алуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды күшейтсін.
Тармақ 3
3. Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері:
Тармақша 1
1) «Қоғамдық кауіпсіздікті қамтамасыз етуге азаматтардың катысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілде № 590 Заңын жүзеге асыру мақсатында, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде азаматтардың жұмысына септігін тигізу;
Тармақша 2
2) қоғамдық тәртіпті күзетуге белсенді қатысқандарды БАҚ жариялап ынталандыру жөніндегі жүмысты бұдан әрі дамыту ұсынылсын;
Тармақша 3
3) жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, консьержалар институтын бұдан әрі дамыту және көп кабатты үйлердің пәтерлері мен подъездерін күзету жөніндегі басқа да құрылымдарды енгізу қажеттілігін және олардың жұмыс тәжірибелерін қарастырсын.
Тармақ 4
4. Ақмола облысының білім және денсаулық сақтау департаменттері:
Тармақша 1
1) әлеуметтік-педагогикалық қызметтер құру жөніндегі жұмысты жандандырсын және олардың құқық бұзушылыққа бейім балалармен қызметін тиімді ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) аулалық клубтардың желісін кеңейтсін және оқымайтын, жұмыс істемейтін кәмелетке толмағандардың бос уақытын өткізетін мекемелердің қызметтерін жаксартсын, сондай-ақ жеткіншектер ортасында жағдайды сауықтыру мақсатымен, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттар ашсын;
Тармақша 3
3) құқық қорғау органдарының салалары бойынша өткізілетін, «Подросток», «Лето» жедел-алдын алу шараларына жеткіншектер қылмыстарының алдын алу жөніндегі қызметтерді үйлестіру мақсатында білім беру және денсаулык сақтау қызметкерлерінің қатысуын және олардың жұмыстарының нәтижесін қарауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) облыстың қалалық және аудандық оқу орындарында педагогикалық ұжымдардың күштерімен, кұқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық ілімді насихаттау жөнінде құқық қорғау бағытындағы бос уақытқа арналған іс-шараларды өткізуді ұйымдастырсын;
Тармақ 5
5. Аудандар мен қалалардың әкімдерімен бірлесе отырып, Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті, қаржы департаменті:
патрульді полиция бөлімшелерін, полиция учаскелік инспекторларын (ІІД ұсыныстарына сәйкес) материалдық-техникалық қамтамасыз ету және олардың жұмыс жүргізуіне жағдайлар жасау жөніндегі мәселелерді 2005 жылдың 1 тамызына дейін қарастырсын.
Тармақ 6
6. «Акмолинская правда» және «Арқа ажары» облыстық газеттерінің редакцияларына, облыстық телерадио компаниясына мүдделі ведомстволармен бірлесіп, құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстың жолын кесу, салауатты өмірге табыну бойынша өткізілген жұмыстарды, сондай-ақ Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 29 наурыздағы № А-4/86 «2005-2007 жылдарға арналған Ақмола облысында құқық-бұзушылықтың алдын алу және қылмыскерлікпен күресу» өңірлік Бағдарламасын бекіту туралы», Ақмола облысының Әділет департаментінде 2005 жылдың 20-ы мамырында № 3136 тіркелген қаулысын іске асыру барысын жан-жақты жариялап отыру ұсынсын.
Келісілген:
Ақмола облысы ішкі
істер департаменті
бастығының м.а. А. Қажкенов