Об организации учетной регистрации малочисленных религиозных групп, не имеющих признаков юридического лица Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтардың есептік тіркеуін ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңына , Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін (бұдан әрі - нұсқаулық).
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері осы нұсқаулыққа сәйкес заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтардың есептік тіркеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г. Құсайыноваға жүктелсін.
Басқа 4. Заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулық
Әкімдіктің 2005 жылғы 10 тамыздағы № 279 қаулысымен бекітілген Заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы нұсқаулық заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтардың (бұдан әрі - шағын діни топтар) есептік тіркеу тәртібін белгілейді және қостанай облысының бүкіл аумағында әрекет етеді.
Тармақ 2
2. Шағын діни топтарды есептік тіркеу «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Заңды тұлға белгілері жоқ және заңды тұлға мәртебесімен қазақстан Республикасының діни бірлестіктерінің біріне құрылымдық тұрғыда қатысты жергілікті діни қауымдар тіркеуге алушы органда есептік тіркеуге жататын шағын діни топтар болып танылады.
Тармақ 4
4. Саны аз діни топтарды есептік тіркеу аталған субъектілерге діни қызметті іске асыруда заңға сәйкес қызмет берудің әдісі болып табылады және тіркеуге алушы органның шағын діни топ туралы мәліметтерді есепке алу журналына енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Шағын діни топтарды есептік тіркеудің тәртібі
2. Шағын діни топтарды есептік тіркеудің тәртібі
Тармақ 5
5. Шағын діни топтар оны тіркеуге алатын органда есептік тіркеуге қойылған кезінен бастап діни қызметті жүзеге асыру құқығына ие болады.
Тармақ 6
6. Облыстың қалалық және ауданының әкімдіктері шағын діни топтардың есептік тіркеуін өткізу жөніндегі уәкілетті жұмыс органын анықтайды.
Тармақ 7
7. Шағын діни топтарды есептік тіркеу үшін оның басшысы немесе өкілетті тұлға тіркеуге алатын органға келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) діни топтың атауын, оның діни ұстанымың, мекен-жайын, топтың басшысы туралы мәліметтерді, кәмелеттік жасқа толған мүшелерінің санын, соның шегінде шағын діни топтардың қызметі жүзеге асырылатын діни құрылыстары мен аумақтарының бар болуын көрсетумен бірге есептік тіркеуге қою туралы өтініш (1-қосымша);
Тармақша 2
2) тіркелетін шағын діни топ оған құрылымдық тұрғыда қатысты болып табылатын, заңды тұлға мәртебесі бар діни бірлестік жарғысының көшірмесі.
Тармақ 8
8. Есептік тіркеу шағын діни топ туралы келесі мазмұндағы мәліметтерді арнайы қатаң есептілік журналына енгізу жолымен жүзеге асырылады (2-қосымша):
Тармақша 1
1) тіркеу нөмірі;
Тармақша 2
2) тіркелген күні;
Тармақша 3
3) шағын діни топтың атауы;
Тармақша 4
4) тіркелетін шағын діни топ оған құрылымдық тұрғыда қатысты діни бірлестіктің атауы;
Тармақша 5
5) діни ұстанымы;
Тармақша 6
6) шағын діни топтың мекен-жайы;
Тармақша 7
7) шағын діни топтың қызмет көрсету аумағы;
Тармақша 8
8) діни құрылысының бар болуы;
Тармақша 9
9) шағын діни топтың басшысының немесе өкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
Тармақша 10
10) шағын діни топтың кәмелеттік жасқа толған мүшелерінің саны.
Тармақ 9
9. Есептік тіркеу құжатты тапсырған күннен бастап 15 күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Есепке алу журналына мәліметтер енгізілгеннен кейін тіркеуге алушы орган шағын діни топтың басшысына немесе өкілетті тұлғаға есептік тіркеуге қойылғаны туралы тиісті анықтаманы береді (3-қосымша).
Тармақ 11
11. Шағын діни топта өзгерістер болған жағдайда тіркеуге алушы орган есепке алу журналына бұл жөнінде тиісті мәліметтерді енгізеді.
Тармақ 12
12. Шағын діни топты есепке қою туралы деректер, сондай-ақ есепке алу журналына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қостанай облысының ішкі саясат департаментіне тапсырылады.
Тармақ 13. Шағын діни топтарды тіркеу журналы
13. Шағын діни топ жергілікті уәкілетті жұмыс органында діни бірлестік ретінде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өзінің қызметін нақты тотатқан жағдайда немесе діни бірлестіктің филиалы мен өкілдігінің есептік тіркеуден өткеннен кейін есептік тіркеуден алынады. Заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша _____________________________________ (өтінішті тіркеуші органның _____________________________________ атауы, мекен-жайы) Өтініш _________________________________________________________________________________________ (топ басшысының тегі, аты, әкесінің аты) _________________________________________________________________________________________ (діни топтың атауы, оның діни ұстанымы) _________________________________________________________________________________________ (кәмелетке толған мүшелерінің саны) _________________________________________________________________________________________ (діни топтың мекен-жайы мен діни құрылыстың бар болуы) _________________________________________________________________________________________ (өз қызметін жүзеге асыратын аумақ) Қолы Күні Заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша Шағын діни топтарды тіркеу журналы Р/с № Тіркеу нөмірі мен тіркелген күні Діни топтың атауы Діни топтың діни ұстанымы және оның діни орталыққа жататындығы Діни топтың мекен-жайы Діни топтың қызмет ауданы 1 2 3 4 5 6 Таблицаның жалғысы Діни құрылысының (ғибадат ету) бар болуы Топ басшысының немесе таныстыруға өкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, олардың мекен-жайы, телефон нөмірі Нөмірдің тіркелуі туралы анықтаманы толтырған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты Тіркеу туралы анықтаманы алған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты мен қолы Топтың кәмелетке толған мүшелерінің саны Ескертулер 7 8 9 10 11 12 Заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша _____________________________________ (өтінішті тіркеуші органның атауы) Діни топты есептік тіркеуге қою туралы № _____ анықтама 2005 жылғы "___" ____________ берілді. Діни топтың атауы _______________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ Топты тіркеуге алған органның басшысы Мөр Қолы