Об утверждении Правил осуществления деятельности организаторов торгов с ценными бумагами Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы 📌 Ескерту. ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 Қаулысының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 175 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың (қор биржаларының, бағалы қағаздардың биржадан тыс баға кесу ұйымдарының және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де ықтимал ұйымдардың) қызметін мемлекеттік реттеу мақсатында және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін (қоса берілді).
Тармақ 2
2. Жоғарыда аталған Қағидалардың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәттен бастап, жоғарыда аталған Қағидалардың 2001 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енгізілетін 30-тармағының үшінші бөлігін және жоғарыда аталған Қағидалардың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәттен бастап алты айдан кейін күшіне енгізілетін 59-тармағын қоспағанда, күшіне енгізілетіндігі белгіленсін. 📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 15.03.2000 N 68 қаулысымен.
Тармақ 3
3. "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамы өзінің Ішкі құжаттарын (олар жоғарыда аталған Қағидалардың 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған) жоғарыда аталған Қағидаларға олар күшіне енгізілген күннен бастап екі ай ішінде сәйкес келтіруге міндеттелсін.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларына және инвестициялық қорларына қызмет көрсететін ұйымдар өздерінің қызметін жоғарыда аталған Қағидалардың 57-тармағына олар күшіне енгізілген күннен бастап үш айдың ішінде сәйкес келтіруге міндеттелсін.
Тармақ 5
5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Қағидаларды (олар күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының (оларға осы Қаулыны және жоғарыда аталған Қағидаларды олардың мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және бағалы қағаздар рыногына брокерлік және дилерлік қызметті, бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының мүшелері болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Қағидаларды (олар күшіне енгізгеннен кейін) бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушы қызметін жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
Тармақша 3. Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру Қағидалары
3) осы Қаулының және жоғарыда аталған Қағидалардың орындалысына бақылау жасасын. Ұлттық комиссияның Төрағасы Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы, Алматы қ. 1998 жылғы 23 желтоқсан N 19 Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 қаулысымен бекітілді Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру Қағидалары Осы Қағидалар "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асырудың шарттар мен тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидаларда қолданылған ұғымдар мыналарды білдіреді:
Тармақша 1
1) "Брокер-дилер" - тиісті лицензиясының негізінде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым;
Тармақша 2
2) "Сауда-саттық ұйымдастырушының ішкі құжаттары (Ішкі құжаттар)" - Сауда-саттық ұйымдастырушының құрылтай құжаттары, биржалық сауда қағидалары (олар "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы заңы 44-бабының 2 және 3-тармақтармен айқындалған), бағалы қағаздар рыногының биржадан тыс баға кесу ұйымының қағидалары (олар "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы заңының 54-бабымен айқындалған), Сауда-саттық ұйымдастырушының ӨРҰ ретіндегі қағидалары (олар "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңының 58-бабымен айқындалған), Сауда-саттық ұйымдастырушының акционерлік қоғам ретіндегі ішкі құжаттары (олар "Акционерлік қоғамдар туралы"  Z980281_  Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі заңының 62-бабы 1-тармағының 12)-тармақшасында көзделген, Сауда-саттық ұйымдастырушының жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестік ретіндегі ішкі қызметін реттейтін ішкі қағидалары және өзге де құжаттар (олар "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы"  Z980220_  Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 көкектегі заңында көзделген) және Сауда-саттық ұйымдастырушының органдарының және мүшелері жалпы жиналысының өз құзырлықтары шегінде қабылданған шешімдер;
Тармақша 3
3) "Бағалы қағаздың делистингі (Бағалы қағаздардың делистингі, Делистинг)" - белгілі бір үлгідегі бағалы қағаздарды Сауда-саттық ұйымдастырушының Ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздардың үлгілері және олардың эмитенттері үшін белгіленген басымдықтарды тиісті түрде тоқтата тұрып немесе тоқтатып Сауда-саттық ұйымдастырушының Ресми тізімінен уақытша немесе мүлдем шығару;
Тармақша 4
4) "Рұқсат ету бастамашысы" - бастамасы бойынша бағалы қағаздардың белгілі бір түрі Сауда жүйесіндегі айналысқа рұқсат етілген ұйым;
Тармақша 5
5) "Бағалы қағаздармен жасалған мәмілені орындау (Мәмілені орындау)" - тараптардың мәміледен туындайтын міндеттемелерді орындаулары арқылы бағалы қағаздармен жасасқан мәміле бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) "Бағалы қағаз класы (Бағалы қағаздар класы)" - белгілі бір үлгідегі, өз араларында эмитенттердің сипаты, шығарылым, орналастыру, айналыс тәсілдері бойынша және басқа да ықтимал сипаттары бойынша ұқсас көптеген ашық бағалы қағаздар;
Тармақша 7
7) "Баға кесу" - бағалы қағаздардың белгілі бір түрін сатып алудың және/немесе сатудың Брокер-дилер жариялаған бағасы, ол осы баға бойынша осы бағалы қағаздармен ол жариялаған немесе ол қабылдаған шарттар мен мәмілелер жасасуға дайын; немесе бағалы қағаздардың белгілі бір түрімен оларға белгіленген бағалар бойынша Брокер-дилер жарияланған немесе ол қабылданған шарттар мен мәмілелер жасауға Брокер-дилердің ниетін жариялау; немесе Сауда-саттық ұйымдастырушының оның Сауда жүйесіндегі айналысқа рұқсат етілген бағалы қағаздармен сауда-саттық жасасудың нәтижелері туралы мәліметтерді жинауды, өңдеуді және жариялауды жүзеге асыруы: Сауда жүйесінде тіркелген осындай бағалы қағаздармен жасалған мәмілелердің параметрлері туралы (бағалары, көлемдері және өзге де ықтимал параметрлері) және/немесе Сауда жүйесінде тіркелген осы Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесінің осындай бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға өтінімінің (ұсыныстарының) параметрлері туралы (сатып алудың ең жоғарғы бағалары, сатудың ең жоғары бағалары, көлемдері және өзгеде ықтимал параметрлері);
Тармақша 8
8) "Екі жақты баға кесу" - бағалы қағаздардың белгілі бір түрін сатып алудың ең жоғарғы және сатудың ең төменгі Брокер-дилер жариялаған бағасы, ол осы бағалар бойынша осы бағалы қағаздармен олар жариялаған немесе олар қабылдаған шарттармен мәмілелер жасасуға дайын; немесе Брокер-дилердің бағалы қағаздарды сатып алудың бағасын да сатудың бағасын да көрсетіп баға кесу тәсілі (ниетті жариялау сияқты), ол осы баға бойынша осы бағалы қағаздармен Брокер-дилер жариялаған немесе олар қабылдаған шарттар мен мәмілелер жасасуға дайын;
Тармақша 9
9) "Индикативті баға кесу (Жұмсақ баға кесу)" - белгілі бір үлгідегі бағалы қағаздарды сатып алудың және/немесе сатудың Брокер-дилер алдын-ала жариялаған (бағалау) бағасы, оның негізінде ол осы бағалы қағаздармен әлеуетті сатушымен/сатып алушымен осындай мәміленің шарттары туралы қосымша келісімдер жүргізгеннен кейін мәміленің нақты бағасының бұрын алдын-ала жарияланған (бағалау) бағадан айырмашылығы болады және Брокер-дилер оған қатысты тәуекелдер шегін белгілемеген не жойған не жойылуға жақын әлеуетті сатушы/сатып алушымен мәмілелер жасасудан Брокер-дилер бас тарта алады деген жорамалмен мәмілелер жасасуға дайын; Брокер-дилердің белгілі бір бағалы қағаздарды сатып алудың және/ немесе сатудың алдын-ала (бағалау) бағасын көрсетіп баға кесу тәсілі (ниетті жариялау сияқты), оның негізінде ол осы бағалы қағаздармен әлеуетті сатушымен/сатып алушымен осындай мәміленің шарттары туралы қосымша келісімдер жүргізгеннен кейін мәміленің нақты бағасының бұрын алдын-ала жарияланған (бағалау) бағадан айырмашылығы болады және Брокер-дилер оған қатысты тәуекелдер шегін белгілемеген не жойған не жойылуға жақын әлеуетті сатушы/сатып алушымен мәмілелер жасасудан Брокер-дилер бас тарта алады деген жорамалмен мәмілелер жасасуға дайын;
Тармақша 10
10) "Нақты баға кесу" - бағалы қағаздардың белгілі бір үлгісін сатып алудың және/немесе сатудың Брокер-дилер жариялаған бағасы, ол осы бойынша осы бағалы қағаздармен олар жариялаған немесе қабылдаған шарттармен мәмілелер жасасуға міндетті; немесе Брокер-дилердің белгілі бір бағалы қағаздарды сатып алудың бағасын және/немесе сатудың алдын-ала (бағалау) бағасын көрсетіп баға кесу тәсілі (ниетті жариялау сияқты), ол осы баға бойынша осы бағалы қағаздармен Брокер-дилер жариялаған немесе олар қабылдаған шарттармен мәмілелер жасасуға міндеттенеді;
Тармақша 11
11) "Листинг" - Сауда-саттық ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздардың үлгілері және олардың эмитенттері үшін белгіленген басымдықтары тиісті түрде бере отырып белгілі бір үлгідегі бағалы қағаздарды Сауда-саттық ұйымдастырушылардың Ресми тізіміне енгізу;
Тармақша 12
12) "Лот" - осы үлгідегі бағалы қағаздармен Сауда-саттық ұйымдастырушының Сауда жүйесінде жасалатын мәмілелердің нысанасы болып табыла алатын бағалы қағаздардың Сауда-саттық ұйымдастырушы белгілеген ең төменгі саны;
Тармақша 13
13) "Маркет-мейкер" - осы Сауда-саттық ұйымдастырушы осындай деп таныған және белгілі біл үлгідегі бағалы қағаздар бойынша баға екі жақты кесуді үнемі жариялауға және ұстап тұруға міндеттеме қабылдаған Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі - Брокер-дилер;
Тармақша 14
14) "Ұлттық комиссия" - Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы;
Тармақша 15
15) "Сауда жүйесіндегі (Сауда алаңындағы) айналыс" - бағалы қағаздың сауда жүйесінде (Сауда алаңында) жасалатын мәміленің нысанасы болып табылу мүмкіндігі;
Тармақша 16
16) "Сауда-саттық ұйымдастырушы (Ұйымдастырушы)" - бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушы (биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымы, қор биржасы немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге ұйым);
Тармақша 17
17) "Сауда-саттық ұйымдастырушының Ресми тізімі (Ресми тізім)" - белгілі бір (листингтік) талаптарға сәйкес келетін бағалы қағаздардың үлгілері енгізілген Сауда-саттық ұйымдастырушы Тізімінің бөлігі. Егер Сауда-саттық ұйымдастырушының тізімінде Ресми тізім белгіленбеген жағдайда "Сауда-саттық ұйымдастырушының тізімі" және "Сауда-саттық ұйымдастырушының Ресми тізімі (Ресми тізім)" ұғымдары бір мәнді болып табылады;
Тармақша 18
18) "Сауда-саттық ұйымдастырушының алаңы (Алаң)" - Сауда жүйесінің оның басқа бөліктерінен сауда-саттыққа қатысушыларға және ондағы айналыстағы бағалы қағаздарға қойылатын өзіндік талаптармен, сондай-ақ бағалы қағаздармен мәмілелер жасасудың және оларды орындаудың шарттарымен өзгешеленетін бөлігі. Егер Сауда жүйесін Сауда-саттық ұйымдастырушы жеке бөліктерге бөлмеген жағдайда, "Сауда-саттық ұйымдастырушының Сауда жүйесі (Сауда жүйесі) және "Сауда-саттық ұйымдастырушының Сауда алаңы (Сауда алаңы)" ұғымдары бір мәнді болып табылады;
Тармақша 19
19) "Төлемге қарсы жеткізілім (DVP)" - бағалы қағаздарды немесе ақшаны жеткізу жөніндегі мәміленің қарама-қарсы міндеттемелерін басқа тарап орындамай тұрып бағалы қағаздарды немесе ақшаны жеткізу жөніндегі мәміленің міндеттемесін мәміленің бір тарабының орындалуы мүмкін болмайтын бағалы қағаздармен жасасқан мәмілелерді орындау әдісі;
Тармақша 20
20) "Сауда-саттық ұйымдастырушының растау жүйесі (Растау жүйесі)" - Сауда-саттық ұйымдастырушының оған енгізілген тұлғаларға олардың тапсырмалары бойынша осы Сауда-саттық ұйымдастырушының Сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасасқан мәмілелер туралы мәліметтер алуға және алынған мәліметтерді өңдеудің негізінде осы Сауда-саттық ұйымдастырушыға осындай мәмілелерге растамалар (мәмілелер шарттарының оларды жасасуға берілген тапсырмалардың шарттарына сәйкестігі туралы хабар) беруге не осындай мәмілелерді растаудан бас тартуға мүмкіндік беретін бағдарламалық-техникалық кешені;
Тармақша 21
21) "Сауда-саттық ұйымдастырушының тізімі" - Сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесінде айналысқа рұқсат етілген бағалы қағаздардың барлық үлгісінің Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарына сәйкес жасалған және бекітілген тізімі;
Тармақша 22
22) "ӨРҰ" - Брокерлер-дилерлердің өзін-өзі реттейтін ұйымы;
Тармақша 23
23) "Бағалы қағаздың үлгісі (Бағалы қағаздардың үлгісі)" - сапасы біркелкі, көптеген бағалы қағаздарды басқасынан (оның ішінде осы эмитенттің шығарған бағалы қағаздардың басқа үлгілерінен де) біржақты ажыратуға мүмкіндік беретін сипаттарды иеленген көптеген жабық бағалы қағаздар;
Тармақша 24
24) "Сауда-саттық ұйымдастырушының сауда күні (Сауда күні)" - Сауда-саттық ұйымдастырушы белгілеген, оның Сауда жүйесінде бағалы қағаздармен мәмілелер жасалуы мүмкін күнтізбелік күн шегіндегі кезең;
Тармақша 25
25) "Сауда-саттық ұйымдастырушының Сауда сессиясы (Сауда сессиясы)" - Сауда күнінің бөлігі. Егер Сауда жүйесін Сауда-саттық ұйымдастырушы жеке бөліктерге бөлмеген жағдайда, "Сауда-саттық ұйымдастырушының Сауда күні (Сауда күні)" және "Сауда-саттық ұйымдастырушының Сауда сессиясы (Сауда сессиясы)" ұғымдары бір мәнді болып табылады;
Тармақша 26
26) "Сауда-саттық ұйымдастырушының Сауда жүйесі (Сауда жүйесі)" - өзара байланысты үйлердің, қондырғылардың, мүліктердің бағдарламалық- техникалық құралдардың, Ішкі құжаттардың және Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі - Брокерлер-дилерлер арасындағы бағалы қағаздармен мәмілелер жасалатын өзге де қажетті активтер мен рәсімдердің жиынтығы;
Тармақша 27
27) "Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі - Брокер-дилердің трейдері (Сауда-саттық ұйымдастырушы мүшесінің трейдері, Трейдер)" - осы Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі - Брокер-дилердің атынан бағалы қағаздармен Ұйымдастырушы жүргізетін сауда-саттық қатысушы жеке тұлға;
Тармақша 28
28) "Сауда-саттыққа қатысушы" - осы Сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесіне (Алаңда) бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуға жіберілген және бағалы қағаздармен Ұйымдастырушы жүргізетін сауда-саттыққа қатысатын Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі - Брокер-дилер.
Тармақ 2
2. Сауда-саттық ұйымдастырушының қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте лицензиялауға жатады.
Тармақ 3
3. Сауда-саттық ұйымдастырушының қағидалары Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпте оның мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданады және Ұлттық комиссияның бекітуіне жатады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Сауда-саттық ұйымдастырушы бағалы қағаздардан басқа өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттық өткізуге құқылы. Бұл ретте осы Қағидалардың күші Сауда-саттық ұйымдастырушының тек бағалы қағаздарға қатысты қызметіне ғана қолданылады.
Тармақ 5
5. Сауда-саттық ұйымдастырушының қызметіне бақылау жасауды Ішкі құжаттармен белгіленген тәртіпте оның мүшелері және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құқықтары мен міндеттеріне сәйкес Ұлттық комиссия жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшелері
2-тарау. Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшелері
Тармақ 6
6. Сауда-саттық ұйымдастырушының оның мүшелеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының заңдарымен және Ішкі құжаттармен белгіленген тәртіпте Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшелігіне қабылданған Брокер-дилерлер Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі болып табылады. Сауда-саттық ұйымдастырушы Брокер-дилерге Қазақстан Республикасының заңдарында және Ішкі құжаттарда көзделген негіздер бойынша өзіне мүше етіп алудан бас тартуға құқылы. Бұл ретте Сауда-саттық ұйымдастырушы Брокер-дилерге жазбаша түрде Ішкі құжаттармен белгіленген мерзімде дәлелді бас тарту беруі керек.
Тармақ 7
7. Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарында мүше болудың әр түрі (оның ішінде дауыс беру құқығынсыз мүше болу), сондай-ақ мүше болудың санаттары (Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі сауда-саттыққа қатысуға құқығы бар бағалы қағаздардың кластарына қатысты және/немесе Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі сауда-саттыққа қатысуға құқығы бар Алаңдарға қатысты) көзделуі мүмкін.
Тармақ 8
8. Сауда-саттық ұйымдастырушы мүшесінің:
Тармақша 1
1) оған берілген мүше болу санатына(тарына) (мүше болудың түрлі санаттары болған кезде) сәйкес бағалы қағаздармен Ұйымдастырушы өткізетін сауда-саттыққа қатысуға;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздармен Ұйымдастырушы жүргізетін сауда-саттыққа қатысуға және Сауда-саттыққа ұйымдастырушыдан бағалы қағаздармен жасасқан мәмілелерді орындауға қажетті және жеткілікті ақпараттарды алуға;
Тармақша 3
3) Сауда-саттық ұйымдастырушы органдарының және мүшелерінің жалпы жиналысының қарауына Сауда-саттық ұйымдастырушының қызметінің сауда, есеп айырысу және ақпараттық мәселелері және Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарында көзделген басқа мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Тармақ 9
9. Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы заңдарының және Ішкі құжаттарының Сауда- саттық ұйымдастырушы мүшелерінің және олардың трейдерлерінің қызметін реттейтін талаптарын сақтауға;
Тармақша 2
2) Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшелік жарналарын және алымдарын оның Ішкі құжаттарымен белгіленген құрамда, мөлшерде, мерзімдерде және тәртіпте төлеуге;
Тармақша 3
3) бағалы қағаздармен Ұйымдастырушы өткізетін сауда-саттықтарда мәмілелерді тек сауданың әділетті және тең құқықты принциптерінде, Сауда-саттық ұйымдастырушының және Сауда-саттық ұйымдастырушының басқа мүшелерінің, бағалы қағаздар эмитенттерінің және инвесторлардың (Сауда-саттық ұйымдастырушы мүшелерінің клиенттерінің) мүдделерін нұқсан келтірмей жасауға;
Тармақша 4
4) бағалы қағаздармен Ұйымдастырушы өткізген сауда-саттықта жасасқан мәмілелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарының және Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарының талаптарына негізделген өзге де міндеттемелерді уақытында, толық және аса оңтайлы тәсілмен орындауға міндетті.
Тармақ 10
10. Сауда-саттық ұйымдастырушы мүшелерінің осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көрсетілгендерден басқа өзге де құқықтары мен міндеттемелері Қазақстан Республикасының заңдарымен (оның ішінде осы Қағидалармен) және Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен белгіленеді.
Тармақ 11
11. Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен ол өзінің мүшелеріне және өзге де ықтимал мүдделі тұлғаларға беруге міндетті ақпараттардың көлемі және осындай ақпаратты берудің тәртібі айқындалу керек. Бұл ретте осындай ақпараттың құрамына осы Сауда-саттық ұйымдастырушының қызметін Ұлттық комиссияның тексергендігі туралы мәліметтер міндетті түрде енгізілуі керек.
Тармақ 12
12. Ұлттық комиссияның немесе ӨРҰ-ның осы Брокер-дилерге, оның қызметкерлеріне және оның аффиллиирленген тұлғаларына қатысты қолданған кез келген тәртіптік әрекеттері туралы осы Сауда-саттық ұйымдастырушыны Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі - Брокер-дилер шұғыл түрде ескертуге міндетті.
Тармақ 13
13. Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарында оған мүше болуды тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың негіздері көзделу керек. Бұл ретте бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға осы Брокер-дилерге бұрын берілген лицензияны (бұдан әрі "Лицензия" деп аталады) қолдануды тоқтата тұру немесе тоқтату оның барлық Сауда-саттық ұйымдастырушыға мүше болуын тоқтата тұруға немесе тоқтатуға сөзсіз негіз болып табылады. Ұлттық комиссия Лицензияны қолдануды тоқтата тұру немесе тоқтату жөнінде Сауда-саттық ұйымдастырушыларды тиісті шешім қабылданған күні ескертеді. Лицензиясын қолдану тоқтата тұрылған немесе тоқтатылған Брокер-дилерді Сауда-саттық ұйымдастырушылар бағалы қағаздармен олар өткізетін сауда-саттыққа қатысудан аталған ескертпені алған сәттен бастап босатуға міндетті.
Тармақ 14
14. Брокер-дилердің Сауда-саттық ұйымдастырушыға мүше болуын тоқтата тұру немесе тоқтату осы Брокер-дилерді осы Ұйымдастырушының бағалы қағаздармен өткізетін сауда-саттыққа қатысудан босатуға, сондай- ақ Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен және Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен белгіленген өзге де құқықтарын тоқтата тұруға немесе тоқтатуға әкеп соғады.
Тармақ 15
15. Сауда-саттық ұйымдастырушы Ұлттық комиссияны өзіне мүше етіп қабылдау, мүше етіп қабылдаудан бас тарту, мүше болуды тоқтата тұру, мүше болуды жаңарту және мүше болуды тоқтату туралы барлық жағдайлар жөнінде осындай жағдайдың басталған күнінен кейінгі келесі күнінен кешіктірмей ескертуге міндетті.
Тарау 3. 3-тарау. Трейдерлер
3-тарау. Трейдерлер
Тармақ 16
16. Ұлттық комиссияның қолданылып жүрген бірінші санатты (бағалы қағаздармен мәмілелер жасау жөніндегі жұмыстарды орындауға рұқсат ету құқығымен) біліктілік куәлігін (бұдан әрі "Біліктілік куәлігі" деп аталады) иеленген жеке тұлға ғана Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі - Брокердің-дилердің Трейдері бола алады. 📌 ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.04.20. N 30 қаулысымен.
Тармақ 17
17. Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі - Брокер-дилер сауда-саттық ұйымдастырушыға осы Сауда-саттық ұйымдастырушы белгілеген көлемде өзінің трейдері туралы мәліметтер беруге міндетті. Осындай мәліметтерді беру оларда көрсетілген тұлғалардың осы Брокер-дилердің атынан бағалы қағаздармен Ұйымдастырушы өткізетін сауда-саттыққа қатысуға және сауда-саттық алдындағы және сауда-саттықтан кейінгі ықтимал рәсімдерді орындауға арналған барлық қажетті өкілеттіктерді иеленгендіктерін (трейдерлердің құзырлықтарына қатысты) және осы Брокер-дилер өзіне осы тұлғалардың оларға берілген өкілеттіктерден туындайтын әрекеттері (әрекетсіздіктер) үшін және осындай әрекеттердің (осындай әрекетсіздіктің) салдары үшін барлық жауапкершілікті қабылдайтындығын білдіреді.
Тармақ 18
18. Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарында трейдерлерді Сауда жүйесіне жіберудің шарттары, оның ішінде Сауда жүйесінде жұмыс істеуге міндетті түрде алдын ала оқыту шарты, Сауда жүйесінде жұмыс істеуге міндетті түрде мерзімді қайта оқыту шарты және осы Сауда-саттық ұйымдастырушының трейдерлері міндетті түрде (оның ішінде мерзімді) сертификациялау шарты көзделу керек. Сауда-саттық ұйымдастырушы жоғарыда аталған трейдерлерді оқыту, қайта оқыту және сертификациялау үшін ақы белгілеуге құқылы.
Тармақ 19
19. Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі - Брокер-дилер өзінің трейдерлерінің құрамындағы кез келген өзгерістер туралы мәліметтер беруге міндетті және оған осындай мәліметтерді бермеудің немесе уақытында бермеудің салдары үшін барлық жауапкершілік жүктеледі.
Тармақ 20
20. Бағалы қағаздармен Ұйымдастырушы өткізетін сауда-саттыққа және сауда алдындағы және саудадан кейінгі ықтимал рәсімдерге (трейдерлердің өкілеттігіне қатысты) байланысты трейдердің кез келген әрекеттері және кез келген әрекетсіздігі осы трейдердің Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі - Брокер-дилерге ұсынған әрекетіне (әрекетсіздігіне) теңестіріледі.
Тармақ 21
21. Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарында осы Ұйымдастырушының бағалы қағаздармен сауда-саттық өткізу және сауда-саттық алдындағы және сауда-саттықтан кейінгі ықтимал рәсімдерді (трейдерлердің құзырлықтарына қатысты) орындау барысындағы трейдерлер әрекеттерінің нормаларын реттейтін құжаттарды (бұдан әрі "Трейдердің кодексі" деп аталады) енгізу мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Трейдер кодексінің нормаларын орындау жөніндегі міндеттемелерді қабылдаудың нысаны (ерікті немесе міндетті) (Трейдер кодексіне қосылудың нысаны) Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен айқындалады. Трейдер кодексіне міндетті қосылу нысаны жағдайында осындай қосылу Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарында трейдерлерді Сауда жүйесіне жіберу шарты ретінде көзделуі мүмкін.
Тармақ 22
22. Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарында трейдерді осы Ұйымдастырушының бағалы қағаздармен өткізетін сауда-саттыққа қатысудан босатудың негіздері көзделу керек. Бұл ретте осы трейдерге берілген Біліктілік куәлігін қолдануды тоқтата тұру немесе тоқтату оны бағалы қағаздармен Ұйымдастырушылар өткізетін сауда-саттықта қатысудан босату үшін сөзсіз негіз болып табылады. Ұлттық комиссия Сауда-саттық ұйымдастырушыларды Біліктілік куәлігін қолданудың тоқтата тұрылғандығы немесе тоқтатылғандығы жөнінде (бақылау жасауды Сауда-саттық ұйымдастырушылар өздері дербес жүзеге асыратын қолданылу мерзімінің аяқталу жағдайын қоспағанда) тиісті шешім қабылданған күні ескертеді. Біліктілік куәлігін қолдану тоқтата тұрылған немесе тоқтатылған трейдерді аталған ескертпе алынған сәттен бастап (Біліктілік куәлігінің мерзімі аяқталған күннен кейінгі жақын арадағы Сауда күнінен бастап) Сауда-саттық ұйымдастырушылар бағалы қағаздармен олар өткізетін сауда-саттыққа қатысудан босатуға міндетті.
Тармақ 23
23. Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі - Брокер-дилердің барлық трейдерлерін бағалы қағаздармен осы Ұйымдастырушы өткізетін сауда- саттыққа қатысудан босату осындай сауда-саттыққа Брокер-дилердің өзін қатыстырудан шұғыл түрде босатуға әкеп соғады.
Тарау 4. 4-тарау. Сауда-саттық Ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде айналыста болатын бағалы қағаздар
4-тарау. Сауда-саттық Ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде айналыста болатын бағалы қағаздар
Тармақ 24
24. Сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда Жүйелерінде бағалы қағаздардың және қаржы құралдарының мынадай түрлері мен кластары айналыста бола алады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Ұлттық Банкі шығарған, оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланған (осы тармақша Ұлттық комиссияның 1999 жылғы 06 көкектегі N 28 қаулысымен толықтырылған);<*> 📌 ЕСКЕРТУ. 1)-тармақ толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1999.04.09. N 28  V990765_ қаулысымен.
Тармақша 1-1
1-1) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдар шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздары, оның iшiнде басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес эмиссияланған (осы тармақша Ұлттық комиссияның 1999 жылғы 06 көкектегi N 28 қаулысымен енгiзiлген);<*> 📌 ЕСКЕРТУ. 24-тармақ 1-1)-тармақшамен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1999.04.09. N 28  V990765_ қаулысымен.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары, оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланған;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 25-тармағында айқындалған халықаралық қаржы ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары;
Тармақша 4
4) шетелдік ұйымдардың басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланған және Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысқа қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жіберілген эмиссиялық бағалы қағаздары;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық міндеттемелері (вексельдер);
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздардың ұйымдасқан  рыногына айналысқа жіберілген өзге де бағалы қағаздар және қаржы құралдары.
Тармақ 25
25. Сауда-саттық ұйымдастырушылардың Сауда жүйесіндегі айналысқа мынадай халықаралық қаржы ұйымдары эмиссияланған бағалы қағаздар жіберіледі:
Тармақша 1
1) Халықаралық қайта құру және даму банкі;
Тармақша 2
2) Еуропа қайта құру және даму банкі;
Тармақша 3
3) Америкалық даму банкі;
Тармақша 4
4) Халықаралық есеп айырысу банкі;
Тармақша 5
5) Азия даму банкі;
Тармақша 6
6) Африка даму банкі;
Тармақша 7
7) Халықаралық қаржы корпорациясы;
Тармақша 8
8) Ислам даму банкі.
Тармақ 26
26. Әртүрлі Сауда-саттық ұйымдастырушылардың Сауда жүйелерінде бірдей үлгідегі бағалы қағаздарды айналысқа жіберуге рұқсат етілмейді.
Тармақ 27
27. Бағалы қағаздардың үлгісіне қойылатын, оларды Сауда-саттық ұйымдастырушының Тізіміне енгізу үшін сақтауға қажетті талаптар осы Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен белгіленеді және оған:
Тармақша 1
1) эмитенттің ұйымдық-құқықтық нысанына қойылатын талаптар;
Тармақша 2
2) эмитенттің заңды тұлға ретінде жұмыс істеуінің ұзақтығына қойылатын талап;
Тармақша 3
3) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) санына қойылатын талап;
Тармақша 4
4) эмитенттің жарғылық капиталының өлшеміне қойылатын талап;
Тармақша 5
5) осы үлгіде шығарылған бағалы қағаздардың санын қойылатын талап;
Тармақша 6
6) эмитенттің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне қойылатын талап;
Тармақша 7
7) эмитенттің аудиторына және аудитіне қойылатын талап;
Тармақша 8
8) эмитенттің қаржылық есеп берушілігін жасаудың және берудің (жариялаудың) тәртібіне қойылатын талап;
Тармақша 9
9) Рұқсат ету бастамашысына қойылатын, оның ішінде осы үлгідегі бағалы қағаздарды Сауда-саттық ұйымдастырушының Тізімінде ұстап тұру жөніндегі талап;
Тармақша 10
10) өзге де ықтимал талаптар енгізіледі.
Тармақ 28
28. Осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген талаптар осы Қағидалардың 24-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар кластары үшін белгіленбейді.
Тармақ 29
29. Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес белгіленген талаптар листингтік (ресми) және листингтік емес болып бөліне алады. Осындай бөлініс болмаған кезде барлық аталған талаптар листингтік (ресми) болып танылады. Листингтік (ресми) талаптар да және листингтік емес талаптар да Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен талаптардың жекеленген санаттарына (кластарына) бөліне алады.
Тармақ 30
30. Бағалы қағаздың үлгісі Сауда-саттық ұйымдастырушы белгілеген талаптарға сәйкес келген кезде ол осы Сауда-саттық ұйымдастырушының Тізіміне (Ресми тізімге немесе Сауда-саттық ұйымдастырушының өзге бөлігіне) енгізуі мүмкін. Сауда-саттық ұйымдастырушының Тізімі оның Ішкі құжаттарына сәйкес жасалады және бекітіледі. Бұл ретте Сауда-саттық ұйымдастырушының Ресми тізімінің листингтік (ресми) талаптардың аса жоғары санаты (аса жоғары класы) белгіленген және маркет-мейкер(лер) жоқ бағалы қағаздың тұрпаты болмайтын бөлігіне енгізіле алмайды. Егер Ресми тізімнің аталған бөлігінде бір де бір маркет-мейкер қалмаған жағдайда осы тұрпаттағы бағалы қағаз осындай жағдай басталған күннен бастап үш ай ішінде міндетті делистингке немесе Сауда-саттық ұйымдастырушы Тізімінің басқа бөлігіне (Сауда-саттық ұйымдастырушының Ресми тізімінің басқа бөлігіне) ауыстыруға жатады. Егер листингтік (ресми) талаптар Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен жеке санаттарға (кластарға) бөлінбесе, онда осы тармақтың және осы Қағидалардың 32-тармағының төртінші бөлігінің мақсаттары үшін барлық листингтік (ресми) талаптар аса жоғары санатқа (аса жоғары класқа) жатқызылған болып танылады.<*> Ескерту: 30-тармақтың 3-бөлігі жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 1999 жылғы 11 қазандағы N 46 қаулысымен.  V990937_
Тармақ 31
31. Рұқсат ету бастамашысына бағалы қағаздың осы үлгісін өзінің Тізіміне енгізуден Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Сауда- саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарында көзделген негіздер бойынша Сауда-саттық ұйымдастырушы бас тартуға құқылы. Бұл ретте Сауда-саттық ұйымдастырушы Рұқсат ету бастамашысына дәлелді бас тартуды жазбаша түрде Ішкі құжаттармен белгіленген мерзімде ұсыну керек.
Тармақ 32
32. Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарында бағалы қағаз делистингінің негіздері (белгілі бір үлгідегі бағалы қағаздарды Ресми тізімнен басқа, Сауда-саттық ұйымдастырушы Тізімінің бөлігінен шығарып тастау) көзделу керек. Бұл ретте бағалы қағаздар эмиссиясын Ұлттық комиссияның жарамсыз деп тануы олардың жарамсыз эмиссияның бөлігіндегі делистингі (осы үлгідегі бағалы қағаздарды Ресми тізімнен басқа, Сауда-саттық ұйымдастырушы Тізімінің бөлігінен шығарып тастау) үшін сөзсіз негіз болып табылады. Ұлттық комиссия тиісті Сауда-саттық ұйымдастырушыны бағалы қағаздар эмиссиясын тоқтата тұру туралы немесе оны жарамсыз деп тану туралы тиісті шешім қабылданған күні ескертеді. Сауда-саттық ұйымдастырушы жарамсыз эмиссияның бағалы қағаздарын өзінің Тізімінен аталған ескертпені алған сәттен бастап шығарып тастауға міндетті. Егер қандай да болмасын эмитенттің акциялары Сауда-саттық ұйымдастырушының Ресми тізімінің листингтік (ресми) талаптардың аса жоғары санаты (аса жоғары класы) белгіленген, ал олармен (қарапайым және артықшылықты акциялардың жиынтығы) жасасқан мәмілелердің көлемі шығаруға жарияланған жалпы санның жарты пайызынан аспаған жағдайда, онда Сауда-саттық ұйымдастырушы осындай акциялардың делистингін өткізуге немесе оларды Тізімінің басқа бөлігіне (Сауда-саттық ұйымдастырушының Ресми тізімінің басқа бөлігіне) ауыстыруға міндетті.<*> Осы тармақтың төртiншi азатжолында белгiленген талап тұрпаты бойынша осы Қағидаларға және Сауда-саттық ұйымдастырушының iшкi құжаттарына толық сәйкес өзiнiң функциясын орындайтын, оның iшiнде оның осы акцияларды сатып алудың және сатудың Сауда-саттық ұйымдастырушының iшкi құжаттарында белгiленген әдеттегi (арнайы осы маркет-мейкер үшiн айқындалған) өлшемнен аспайтын мөлшерде жариялаған бағалары арасындағы спрэдтерді (айырмашылықтарды) қамтамасыз ететiн маркет-мейкер бар акцияларға қолданылмайды.<*> Ескерту: 32-тармақтың 4-бөлігі жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 1999 жылғы 11 қазандағы N 46 қаулысымен.  V990937_ Ескерту: 32-тармақтың 4-бөлiгiн қолдану 2001 жылғы 01 қаңтарға дейiн тоқтатылды - ҚР бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 26 ақпандағы  N 65 қаулысымен.  V001076_ Ескерту:  32-тармақ толықтырылды - ҚР бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 11 қаңтардағы  N 96 қаулысымен.  V011400_
Тармақ 33
33. Сауда-саттық ұйымдастырушы бағалы қағаздардың қандай да болмасын үлгісін өзінің Тізіміне енгізудің, бағалы қағаздардың қандай да болмасын үлгісін өзінің Тізіміне енгізуден бас тартудың, белгілі бір түрдегі бағалы қағаздардың үлгісінің делистингінің (белгілі бір үлгідегі бағалы қағаздарды Ресми тізімнен басқа, Сауда-саттық ұйымдастырушы Тізімінің бөлігінен шығарып тастау) барлық жағдайлары туралы осындай жағдай басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей Ұлттық комиссияны ескертуге міндетті.
Тарау 5. 5-тарау. Сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйесі
5-тарау. Сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйесі
Тармақ 34
34. Бағалы қағаздармен үздіксіз сауда-саттықты қамтамасыз ету мақсатында Сауда-саттық ұйымдастырушының, әдетте, біреуі негізгі, ал қалғаны резерв ретінде пайдаланылатын бірнеше Сауда жүйелері болу керек. Бірнеше Сауда жүйелері пайдаланылған кезде Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттармен негізі және резервтік Сауда жүйелері, сондай-ақ резервтік Сауда жүйелерін шұғыл оңтайландыруға дайын жағдайында ұстап тұрудың және оларды пайдаланудың тәртібі айқындалу керек.
Тармақ 35
35. Бір ғана Сауда жүйесі пайдаланылған кезде Сауда-саттық ұйымдастырушыда оның резервтік компоненттері болу және оны шұғыл оңтайландыру жағдайында ұстап тұру керек. Сауда жүйесінің резервтік компоненттерін шұғыл оңтайландыру жағдайында ұстап тұрудың және оларды пайдаланудың тәртібі Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен айқындалу керек.
Тармақ 36
36. Сауда-саттық ұйымдастырушы өзінің Сауда жүйесін жұмыс жағдайында ұстап тұру үшін барлық ықтимал күштерді қолдануға және тез арада барлық ықтимал тәсілдермен сауда-саттыққа қатысушыларды және өздерінің өзге де мүшелерін оның жұмысындағы тоқтап қалулар және осындай тоқтап қалуларды жою жөніндегі шаралар туралы ескертуге міндетті.
Тармақ 37
37. Сауда-саттық ұйымдастырушының Сауда жүйесінің жұмысындағы дүркін-дүркін тоқтап қалу фактісін (қатарынан үш ай ішіндегі үш және одан да көп) Ұлттық комиссия бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушы ретіндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны қолдануды тоқтата тұру немесе қайтарып алу үшін негіз ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Тармақ 38
38. Сауда-саттық ұйымдастырушының Сауда жүйесін жеке Алаңдарға бөлу оның Ішкі құжаттарымен белгіленеді.
Тарау 6. 6-тарау. Бағалы қағаздармен сауда-саттық жүргізу және мәмілелер жасасу. Маркет-мейкерлер
6-тарау. Бағалы қағаздармен сауда-саттық жүргізу және мәмілелер жасасу. Маркет-мейкерлер
Тармақ 39
39. Бағалы қағаздармен Ұйымдастырушы өткізген сауда-саттықтарға осы Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшелері - Брокерлер-дилерлер оларға берілген мүше болу санаттарына (мүше болудың әртүрлі санаттары болған кезде) сәйкес қатысуға (өздерінің трейдерлері арқылы) құқығы бар. Өзге тұлғалар (Сауда-саттық ұйымдастырушының оның Ішкі құжаттарымен сауда-саттықтарға Сауда жүйесінің әкімшіліктері немесе бақылаушылары ретінде қатысуға/қатысып отыруға уәкілеттік берілген қызметкерлерінен басқа) бағалы қағаздармен Ұйымдастырушы өткізетін сауда-саттықтарға осы Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпке сәйкес тек бақылаушы ретінде ғана қатысуға құқығы бар. Бұл ретте оларға сауда-саттық процесіне тікелей немесе жанама түрде араласуға тыйым салынады.
Тармақ 40
40. Сауда күннің және жекелеген Сауда сессияларының (осындайлар болған кезде) басталу және аяқталу уақыты, сондай-ақ Сауда жүйесінің (осындайлар болған кезде) жұмысындағы технологиялық үзілістердің басталу және аяқталу уақыты (ұзақтығы) Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен белгіленеді.
Тармақ 41
41. Бағалы қағаздармен сауда-саттық өткізудің әдістері Сауда- саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен белгіленеді және олардың Алаңдары бойынша түрлендіріле алынады. Бағалы қағаздармен үздіксіз сауда-саттықты қамтамасыз ету мақсатында Сауда-саттық ұйымдастырушының, әдетте біреуі негізгі, ал қалғаны резерв ретінде пайдаланылатын әрбір жекелеген Алаңға арналған бірнеше сауда-саттық өткізу әдістері болу керек. Бір Алаң шегінде сауда-саттық өткізудің бірнеше әдістері пайдаланылған кезде Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен сауда-саттық өткізудің негізгі және резервтік әдістері, сондай-ақ сауда-саттық өткізудің резервтік әдістерін пайдаланудың тәртібі айқындалу керек.
Тармақ 42
42. Бағалы қағаздармен Ұйымдастырушы өткізетін сауда-саттықтарда мәмілелер жасасуды оның қатысушылар Сауда-саттық ұйымдастырушының өзге де ықтимал нормалардан басқа, бағалы қағаздардың кластарын (үлгілерін) айқындауға қатысты пайдалануға рұқсат етілген немесе белгілі бір алаңда баға кесудің тәсілдерін көрсетілетін Ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізеді. <*> Ескерту: 42-тармақтың 2 бөлігі алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 1999 жылғы 11 қазандағы N 46 қаулысымен.  V990937_
Тармақ 43
43. Сауда-саттық ұйымдастырушы өзінің мүшелеріне қатысты маркер- мейкер жүйесін енгізуге құқылы. Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі - Брокер-дилерге маркет-мейкер мәртебесін беру өзге де ықтимал талаптардан басқа осындай мәртебені ізденушіге қойылатын мынадай талаптар міндетті түрде болатын осы Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен айқындалады:
Тармақша 1
1) маркет-мейкерлерге Қазақстан Республикасының заңдарымен және Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен қойылатын барлық талаптарды сақтау жөніндегі (маркет-мейкерлерге жүктелетін барлық функцияларды атқару) міндеттемелерді ең кемінде қатарынан өткізілген отыз Сауда күні ішінде беру;
Тармақша 2
2) Брокер-дилерлер үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген өз немесе жарғылық капиталының белгілі бір мөлшері және қаржылық тұрақтылық мөлшерлерін (нормативтерін) сақтаудың белгілі бір деңгейінің болуы;
Тармақша 3
3) ізденуші маркет-мейкер функциясын атқаруға ниеттенетін бағалы қағаздар үлгісін беру;
Тармақша 4
4) маркет-мейкер функциясын атқаруға ізденуші ниеттенетін бағалы қағаздар үлгісі бойынша мәмілелердің күнделікті көлемінің ең жоғарғы шектеуін беру (бұдан әрі "Мәмілелерді шектеу" деп аталады);
Тармақша 5
5) ізденуші маркет-мейкер функциясын атқаруды бастауға ниеттенетін күнді беру.
Тармақ 44
44. Бағалы қағаздың әрбір жекелеген үлгісі бойынша маркет-мейкер мәртебесі бірнеше Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі - Брокер-дилерлерге берілуі мүмкін.
Тармақ 45
45. Маркет-мейкер мынадай талаптарды сақтауға (мынадай функцияларды атқаруға) міндетті:
Тармақша 1
1) үлгілеріне маркет-мейкер мәртебесі берілген бағалы қағаздар бойынша екі жақты нақты (Сауда күні ішінде Мәмілелерді шектеу аяқталғанға дейін) және екі жақты жұмсақ (Мәмілелерді шектеу аяқталысымен Сауда күні аяқталғанға дейін) баға кесуді үнемі (әрбір Сауда күні басталғаннан) жариялауға және ұстап тұруға. Аталған баға кесулер маркет-мейкерлердің жеке есебінен де және олардың клиенттерінің есебінен де (клиенттердің тапсырмаларына сәйкес) жариялана және ұстап тұрыла алынады. Бұл ретте аталған баға кесулердің осы бағалы қағаздармен Сауда жүйесінде бұрын жасасқан мәмілелердің бағасынан Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен белгіленген мөлшерде көп айырмасы болмайды;
Тармақша 2
2) үлгілері бойынша маркет-мейкер мәртебесі берілген бағалы қағаздарды сатып алудың және сатудың олар жариялаған, Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен белгіленген мөлшерден аспайтын бағалары арасындағы спрэдтерді (айырмаларды) қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Брокер-дилерлер үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген өз және жарғылық капиталының және қаржы тұрақтылығының мөлшерін (нормативтерін) сақтау деңгейінің Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен айқындалған мөлшерін ұстап тұру;
Тармақша 4
4) Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен белгіленген өзге де талаптарды сақтау (өзге де функцияларды атқару).
Тармақ 46
46. Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен маркет-мейкерлер үшін арнаулы жеңілдіктер және басымдықтар, оның ішінде Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшелік жарналары мен алымдарын төлеу жөніндегі, белгіленуі мүмкін.
Тармақ 47
47. Үлгісі бойынша маркет-мейкер мәртебесі берілген бағалы қағаздар бойынша ол жариялаған екі жақты нақты баға кесулерді маркет-мейкер Сауда сессиясының кез-келген сәтінде өзгертуге құқылы. Бұл ретте Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен маркет-мейкерлер үшін жаңа бағалардың бұрын жарияланған бағаларын ауытқуларының шекті өлшемдері белгіленуі мүмкін.
Тармақ 48
48. Маркет-мейкер мәртебесін беру Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі - Брокер-дилерге сауда-саттыққа қатысуға құқық беретін бағалы қағаздардың өзге де түрлеріне (үлгілері бойынша маркет-мейкер мәртебесі берілгендерден басқа) қатысты қандай да болмасын шектеулер қоймайды.
Тармақ 49
49. Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі - Брокер-дилер маркет- мейкер мәртебесінен уақытша немесе мүлдем, бірақ ол бағалы қағаздың осы үлгісі бойынша маркет-мейкер функциясын атқарған отыз Сауда күнінің аяқталысынан ерте емес уақытта, бас тартуға құқылы. Осындай Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі - Брокер-дилердің тиісті ескертпесін Сауда-саттық ұйымдастырушы жорамалданған күнге дейін он Сауда күні бұрын кешіктірмей алу керек. Осындай Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі - Брокер-дилерге бағалы қағаздың осы үлгісі бойынша қайтадан маркет-мейкер мәртебесін беру ол бағалы қағаздың осы үлгісі бойынша маркет-мейкер мәртебесін атқаруды тоқтатқан күннен бастап он Сауда күні аяқталысынан ерте емес уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 50
50. Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшесі - Брокер-дилер маркет-мейкер функциясын атқаруды бастаған немесе тоқтатқан Сауда күнінің басталуына дейін бес Сауда күнінен кешіктірмей Сауда-саттық ұйымдастырушы бұл туралы Ұлттық комиссияны және осы Сауда-саттық ұйымдастырушының басқа да Мүшелері - Брокер-дилерлерге ескертуге міндетті.
Тармақ 51
51. Сауда сессиясы ішінде сауда-саттыққа қатысушы бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу бойынша оларға нақты баға кесуді жариялаудан туындаған міндеттемелерден Сауда жүйесінің жұмысындағы тоқтап қалу немесе Сауда жүйесінің сауда-саттықтың осы қатысушы пайдаланатын терминалының тоқтап қалуы болған жағдайда және бұл туралы сауда-саттықтың осы қатысушысының Сауда жүйесінің әкімшілігін кез келген ықтимал тәсілмен ескерту шартымен босатылады. Сауда жүйесі әкімшілігінің сауда-саттықтың басқа қатысушыларын тиісті хабарлау сәті сауда-саттыққа қатысушыны жоғарыда аталған міндеттемелерден босату сәті болып табылады. Сауда-саттыққа қатысушыны Сауда жүйесіндегі жұмыстың тоқтап қалуына (Сауда жүйесінің сауда-саттықтың осы қатысушы пайдаланатын терминалының) байланысты жоғарыда аталған міндеттемелерден босату қажеттілігі туралы ескертпені Сауда-саттыққа қатысушы алысымен Сауда жүйесінің әкімшілігі Сауда жүйесінен сауда-саттықтың осы қатысушысының барлық нақты баға кесулерін алып тастайды.
Тармақ 52
52. Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен бағалы қағаздармен сауда-саттықтарды тоқтата тұрудың жағдайлары және тәртібі, сондай-ақ оларды кейіннен жаңартудың тәртібі белгілену керек. Бұл ретте Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарында өзге де ықтимал жағдайлардан басқа, сауда-саттықтарды міндетті тоқтата тұрудың мынадай жағдайлары көзделу керек:
Тармақша 1
1) егер Сауда жүйесінде айналыстағы бағалы қағаздардың сапасы инвесторлардың мүддесіне елеулі нұқсан келтіретіндей дәрежеде өзгерсе;
Тармақша 2
2) егер бағалы қағаздармен жасасқан мәмілелердің бағаларының немесе сауда-саттыққа қатысушылар жариялаған баға кесулердің бұрын тіркелген мәндерден ауытқуы Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттармен белгіленген шекті өлшемге жетсе.
Тармақ 53
53. Ұлттық комиссия оның жекелеген нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген негіздер бойынша бағалы қағаздармен Ұйымдастырушы өткізетін сауда-саттықты тоқтата тұруға құқылы. Ұлттық комиссияның бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұру туралы шешімінде оларды тоқтата тұрудың және жаңартудың тәртібі мен шарттары болу керек.
Тармақ 54
54. Бағалы қағаздармен мәміле оны Сауда жүйесінде Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпте тіркегеннен кейін жасалған деп саналады.
Тармақ 55
55. Бағалы қағаздармен сауда-саттыққа қатысушылар жасасқан мәмілелерді ресімдеудің тәртібі Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен белгіленеді.
Тарау 7. 7-тарау. Бағалы қағаздармен жасасқан мәмілелерді растау
7-тарау. Бағалы қағаздармен жасасқан мәмілелерді растау
Тармақ 56
56. Сауда-саттық ұйымдастырушыда жұмыс тәртібі оның Ішкі құжаттарымен белгіленетін Растау жүйесі болуға міндетті.
Тармақ 57
57. Сауда-саттық ұйымдастырушының Растау жүйесін бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларына және инвестициялық қорларына қызмет көрсететін ұйымдар міндетті түрде қосылу керек.
Тармақ 58
58. Сауда-саттық ұйымдастырушының Растау жүйесіне қосылған тұлғаның тапсырмасы бойынша бағалы қағаздармен жасасқан және осындай тұлға растамаған (ол бойынша растау беруден бас тарту осындай тұлғадан келіп түссе) мәмілені Сауда-саттық ұйымдастырушы орындауға бере алмайды.
Тарау 8. 8-тарау. Бағалы қағаздармен жасасқан мәмілелерді орындау
8-тарау. Бағалы қағаздармен жасасқан мәмілелерді орындау
Тармақ 59
59. Бағалы қағаздармен Сауда-саттық ұйымдастырушының Сауда жүйесінде жасасқан мәмілелерді орындаудың тәртібі өзге де ықтимал шарттардан басқа, мынадай шарттар міндетті түрде болатын оның Ішкі құжаттарымен айқындалады:
Тармақша 1
1) Сауда-саттық ұйымдастырушының Ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздармен жасасқан мәмілелерді орындау тек қана Орталық депозитарий арқылы, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Орталық депозитарийдің қағидалар жинағымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылу керек;
Тармақша 2
2) Сауда-саттық ұйымдастырушының Ресми тізіміне енгізілген, бағалы қағаздармен жасасқан мәмілелерді орындау тек қана "Төлемге қарсы жеткізілім" әдісі бойынша жүзеге асырылу керек;
Тармақша 3
3) Сауда-саттық ұйымдастырушының Ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздармен жасасқан мәмілелерді орындау Сауда-саттық ұйымдастырушының Сауда жүйесіндегі мәміле жасау күнінен бастап (мәміле жасау үшін қоспай) үшінші жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқталу керек.
Тармақ 60
60. Егер, сауда-саттыққа қатысушының Орталық депозитарийде шоты болмаған жағдайда, олардың бағалы қағаздармен жасасқан, міндетті түрде Орталық депозитарий арқылы жүзеге асырылуға жататын мәмілелердің орындау сауда-саттықтың осы қатысушының Орталық депозитарийдің депонентіндегі шоты бойынша жүргізіледі.
Тармақ 61
61. Бағалы қағаздармен Сауда-саттық ұйымдастырушының Сауда жүйесінде жасасқан мәмілелерді орындамағандық (дер кезінде орындамау немесе толық орындамау) үшін жауапкершілік міндетті түрде бағалы қағаздармен Сауда-саттық ұйымдастырушының Сауда жүйесінде жасасқан мәмілелерді орындаудың мерзімдері осындай жағдаяттардың әрекет ету мерзімдеріне созылуы мүмкін форс-мажорлық жағдаяттар (қарсы тұруға келмейтін күш жағдаяттары), сондай-ақ Сауда-саттық ұйымдастырушының және оның мүшелері - Брокер-дилерлердің осындай жағдаяттар туындаған кезде әрекет жасау тәртібі көзделетін осы Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен айқындалады.
Тармақ 62
62. Сауда жүйесінде бағалы қағаздармен мәмілелер жасау мәселелері жөніндегі Сауда-саттыққа қатысушылар арасындағы, сондай-ақ сауда- саттыққа қатысушылар мен олардың Ұйымдастырушылары арасындағы даулары шешудің және оларды орындаудың тәртібі Сауда-саттық ұйымдастырушының Төрелік комиссиясын құру және оның қызмет тәртібі міндетті түрде көзделетін осы Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен айқындалады. Бұл ретте осындай Ішкі құжаттарды қабылдау (бекіту), сондай-ақ Төрелік комиссияның сандық және жеке құрамын және оның мүшелерінің құрылымын айқындау сауда-саттық ұйымдастырушының атқарушы органының құзырлығында бола алмайды.