О внесении изменений и признании утратившими силу некоторых решений маслихата города Актобе Қолданыста
Басқа 0
Ақтөбе қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мэслихаты
ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қалалық мэслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясында 2000
жылғы 19 қаңтардағы № 79 шешімімен бекітілген Ақтөбе облысы әділет басқармасында 2001 жылғы 21 ақпанда № 928 санымен тіркелген (Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті он алтыншы сессиясының 2005 жылғы 14 наурыздағы № 118 "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 79 "Ақтөбе каласының жасыл желек қорын сақтау, қорғау мен күту ережесін бекіту туралы", шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгертулер енгізілген, Ақтөбе облысы әділет департаментінде 2005 жылғы 19 сәуірде № 3139 болып тіркелген) Ақтөбе қаласының жасыл қорын сақтау, қорғау және күту Ережесіне келесі өзгерістер енгізілсін:
8 тармағында "қаланың бас жоспары бойынша қаралғаннан басқа" сөздері
алынып тасталынсын.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Басқа 3
Ақтөбе қалалық мәслихатының
2005 жылғы 31 тамыздағы
№ 169 шешіміне қосымша
1) "Ақтөбе қаласы аумағында жарнамалық кеңістікті пайдаланған үшін алынатын арендалық алымның ережесін бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 1999 жылғы 4 сәуірдегі № 344 шешімі, Ақтөбе облысы әділет
баскармасында 1999 жылғы 20 наурызда № 413 болып тіркелген.
2) "Елді мекендердің жерлеріне және қала шегінде орналасқан өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлеріне және басқа да ауылшаруашылық емес мақсатындағы жерлеріне салынатын салық ставкаларын бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті төртінші сессиясының 2000 жылғы 5 қаңтардағы № 37 шешімі, Ақтөбе облысы әділет басқармасында 2000 жылғы 19 қаңтарда № 529
болып тіркелген.
3) "Ақтөбе қаласы аумағында жекелеген нысандарды жобалау, келісу және
салу тәртібін бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының алтыншы сессиясының 2000 жылғы 27 қазандағы № 61 шешімі, Ақтөбе облысы әділет басқармасында 2000 жылғы 25 желтоқсанда № 841 болып тіркелген.