О предоставлении льгот по оплате жилищно-коммунальных услуг и услуг связи лицам, достигшим столетнего возраста и старше Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жүз жасқа толған және одан да үлкендерге тұрғын үй-коммуналдық және байланыс қызметтері бойынша жеңілдіктер беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7 баптарына сәйкес, жүз жасқа толған және одан да үлкендердің тұрмыстық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жүз жасқа толған және одан да үлкен адамдарға тұрғын үй - коммунапдық және байланыс қызметтерінің шығындарды Ақтөбе калалық бюджет қаржысынан қосымшаға сәйкес өтелсін және үйдің меншік иесі немесе жалға алушы болуына қарамастан жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің атқарушы құзыретті органы болып "Калалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
Тармақ 3
3. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Бөртебаева Н. Х.) осы шешімнің қолдану тәртібін белгілесін.
Тармақ 4
4. "Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Айдашева Р.) осы шешімнің жүзеге асырылуына арналған ақша қаражатының мерзімінде берілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден кейін қолданысқа енгізілсін.
Басқа 6
Ақтөбе қалалық мәслихаты кезекті жиырмасыншы сессиясының 2005 жылғы 31 тамыздағы №164 шешіміне қосымша Тұрғын - үй коммуналдық қызметтерінің шығындары және олардың өтеу мөлшері:
Тармақ 1
1. Орталықтандырылған және жеке көгілдір отынмен жылыту бойынша бір адамға 18 шаршы метр пайдалы алаң шегінде, бірақ тұрғын үйде нақты тұратын алаңынан аспайтын мөлшерде;
Тармақ 2
2. Электрқуатымен жабдықтау бойынша бір адамға 50 киловатт электрқуатынан аспайтын;
Тармақ 3
3. Байланыс қызметі бойынша абоненттік төлем шегінде;
Тармақ 4
4. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің басқа түрлері бойынша (ыстық, салқын сумен жабдықтау және канализаңия, тамақ әзірлеуге газбен жабдықтау, қоқыс шығару (қоқыстарды тазарту), лифт қызметі әр абонентке белгіленген нормалар және тарифтер шегінде немесе есептеу құралдарының көрсеткіштеріне сәйкес, бірақ белгіленген тарифтер мен нормалардан аспайтын мөлшерде. Есептеу құралдарының көрсеткіштері үйде тіркелген тұрғындардың санына бөлінеді.