О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Занының 10-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7 баптарына сәйкес, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізу жерлері болып келесі орындар белгіленсін: "Авиақалашық" ауданындағы стадион; облыстық халық шығармашылығы үйінің мәжіліс залы (Әйтеке би көшесі, 39); облыстық "Алақай" қуыршақ театрының көрермендер залы (Бейбітшілік даңғылы, 17 "А").
Тармақ 2
2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.