Об утверждении Правил осуществления деятельности по инвестиционному управлению пенсионными активами Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сай қоса беріліп отырған Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына жіберсін.
Тармақ 5
5. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензиясына ие жинақтаушы зейнетақы қорлары 2006 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімге өздерінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
Тармақ 6
6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Басқа 0. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 273 қаулысына N 1 қосымша Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
Тарау 2. 2-тарау. Инвестиция объектілері
2-тарау. Инвестиция объектілері
Тармақ 2
2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі ұйым (бұдан әрі - Ұйым) және/немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі - Қор) әрбір жеке Қордың инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерін осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген зейнетақы активтерінің жалпы көлеміндегі мөлшерде (мәміле жасалған күнге инвестицияның ағымдағы көлемін және Қордың кастодианының инвестициялық шоттарындағы ақша қалдығын қосқанда) қаржы құралдарына дербес орналастырады.
Тарау 3. 3-тарау. Инвестициялау шарттары және тәртібі
3-тарау. Инвестициялау шарттары және тәртібі
Тармақ 3
3. Зейнетақы активтері есебінен жасалатын мәмілелерді Ұйым (Қор) инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы орган қабылдаған инвестициялық шешім негізінде жасайды. Ұйымның (Қордың) мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелерін бастапқы ұйымдаспаған рынокта (оларды орналастыру кезінде) Ұйым (Қор) дербес жасайды. Ұйымның (Қордың) мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелерін Ұйым (Қор) қайталама рынокта осы тармақтың төртінші абзацында белгіленген жағдайдан басқа жағдайда тек қана бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында жасайды. Ұйым (Қор) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес эмитенттің инвестициялық портфеліндегі бар акциялары үшін төлем талап етуіне болады.
Тармақ 4
4. Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті, сондай-ақ клиенттер шоттарын жүргізу құқығы жоқ брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензиясы болған жағдайда Қор тек онда басқаруда болған зейнетақы активтеріне және дербес активтерге қатысты брокерлік, дилерлік қызмет көрсетеді.
Тармақ 5
5. Зейнетақы активтерінің қатысуымен ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында жасалған мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері ашық сауда-саттық әдісімен жасалуы тиіс. Зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын "кері репо" мәмілелері 30 күннен аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Ұйымның (Қордың) бір эмитентінің екінші деңгейдегі банктердің біріндегі салымдарға салған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарының инвестиция мөлшері Ұйым (Қор) үшін белгіленген пруденциалдық нормативтердегі белгіленген нормативтерге сәйкес келуі тиіс. Ұйым (Қор) осы бағалы қағаздармен сауда-саттықты сауда-саттық ұйымдастырушы бастапқы рынокта (оларды орналастыру кезінде) уақытша тоқтатқан жағдайда сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып ала алмайды.
Тармақ 7
7. Ұйымның (Қордың) жеке активтері және Қордың зейнетақы активтері орналастырылған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі және екінші деңгейдегі банктердің біріндегі салымдар бойынша алынған сыйақының жылдық ставкасы салымның осыған ұқсас мерзімімен инвестицияланған кезеңдегі ұлттық немесе шетел валютасымен номинирленген (салым жөніндегі ставка тәуелді валютаға қатысты) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша көрсетілген аппроксимирленген кірістілік ставкасынан төмен болмауы тиіс. Аталған аппроксимирленген кірістілікті қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен сауда-саттық өткізген сауда-саттықты ұйымдастырушының қалыптасқан сауда-саттық нәтижесіне байланысты логарифмдік аппроксимация әдісімен былайша белгілейді:
Тармақша 1
1) зейнетақылық немесе меншікті активтердің салымға орналастырылған күнінің алдындағы бір апта ішіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютаға номинирленген мемлекеттік бағалы қағаздарына қатыстылығын;
Тармақша 2
2) зейнетақылық немесе меншікті активтердің салымға орналастырылған күнінің алдындағы бір ай ішіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютаға номинирленген мемлекеттік бағалы қағаздарына қатыстылығын. Апроксимирленген кірістілік мынадай формула бойынша есептеледі: I = a*ln(x) + b, мұнда x - салым мерзімі, мұнда I i(t) - зерттелетін кезеңдегі белгілі мәндер бойынша процентпен кірістілік; t - өтелгенге дейінгі күн саны; n - теңестіру коэффициентін анықтаған кезде пайдаланылған кірістілік мәнінің саны.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша номиналы ұлттық немесе шетел валютасымен белгіленген осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген жуықтатылған кірістілікті уәкілетті орган апта сайын аптаның бірінші жұмыс күні алматы уақытымен 18.00 және 21.00 сағат аралығында "кiрiстiлiктiң қисық сызығы" түрiнде Интернет желiсiнің уәкілетті органның web-cайтындағы "Активтердi бағалау" бөлiмiнде жариялайды және жаңартады. Ұйымның (Қордың) меншікті активтерін және Қордың зейнетақы активтерін Ұлттық Банкте немесе екінші деңгейдегі банкте салымға орналастыру мерзімі отыз алты айдан аспайды. Осы мерзім өткенге дейін салым сомасы және ол бойынша сыйақы сомасы Қордың инвестициялық шотына есептелуі тиіс.
Тармақ 9
9. Қордың кастодиан банктегі инвестициялық шотына, осы Қордың шетелдік кастодиандық банктердегі кастодиан банктің корреспонденттік шотына және халықаралық депозитарий-есеп айырысу жүйесіне қатысушы - шетелдік ұйымдардағы кастодиан банктің шотына түсетін зейнетақы активтері жеті жұмыс күні ішінде ағымдағы шегерімдерді шығарып тастағанда толық көлемде Ұйымның (Қордың) инвестициялауы тиіс. Қордың аталған шотындағы ақша қалдығы осы ереженің 10-тармағымен белгіленген шектен төмен болған жағдайдан басқа жағдайда осы тармақтың бірінші абзацымен белгіленген талаптар бұзылған кезде, Ұйым (Қор) тәртіп бұзылған күннен кейінгі бір күн ішінде уәкілетті органға осы тәртіп бұзуды жоюдың іс-шаралар жоспарын қоса беріп, осы тәртіп бұзу фактісі және себептері туралы ақпарат жібереді. Ұйым (Қор) осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шарттарды бұзған жағдайда ережені бұзған күннен бастап бір күннің ішінде уәкілетті органға осы ережені бұзу фактісі мен себептері туралы ақпарат береді.
Тармақ 10
10. Қордың инвестициялауға арналған ақша қалдығы Қордың жиынтық ақшасын қосқандағы: кастодиан банктегі инвестициялық шоттардағы; осы Қордың шетелдік кастодиан банктеріндегі кастодиан банктің корреспонденттік шоттарындағы; осы Ереженің 9-тармағының бірінші абзацының талаптарын бұзу фактілері мен себептері туралы уәкілетті органға ақпаратты тәртіп бұзылған күннен бастап бір күн ішінде Ұйымнан (Қордан) талап етілмейтін шетелдік ұйымдардың - халықаралық депозитарлық-есеп айырысу жүйесіне қатысушылардың кастодиан банкінің шоттарындағы барынша жоғары мөлшері бір миллиард және одан көп болғанда - зейнетақы активтерінің 1,5% мөлшерін құрайды. Осы Ереженің 9-тармағының екінші абзацында көрсетілген ақпаратты уәкілетті орган осы Ереженің 9-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес айқындалған мерзім аяқталғанға дейін алуға тиісті. Егер осы мерзім аяқталғанға дейін екі жұмыс күнінен аз қалса, өтініште оны кешіктіріп ұсыну себептері түсіндірілуі тиіс.
Тармақ 11
11. Ұйым (Қор) зейнетақы активтері инвестициялық басқаруға қабылданған Қор салымшыларының мүдделері үшін ғана әрекет жасайды. Сонымен қатар Ұйым (Қор) бірдей ұлттық бірегейлендіру номері бар бағалы қағаздарды Ұйымның (Қордың) инвестициялық басқаруындағы меншікті активтері есебінен және зейнетақы активтері есебінен сатып алу (сату) туралы бір күнде инвестициялық шешім қабылдауға құқылы емес.
Тармақ 12
12. Егер қандай да болмасын жағдайдың нәтижесінде Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің құрылымы осы Ереженің 2 және 6-тармақтарында белгіленген жағдайларға сәйкес келмегенде, Ұйым (Қор) мұндай сәйкессіздікті тереңдететін инвестициялық қызметті дереу тоқтатады және бір күннің ішінде уәкілетті органға осы сәйкессіздік фактісі және себептерін оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының қосымшасын қоса ұсыну арқылы хабарлайды.
Тармақ 13
13. Ұйым (Қор) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметін мыналарды (оның ішінде) айқындайтын мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырады: зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібін; зейнетақы активтерінің қатысуымен мәміле жасау және оларды аяқтауды жүзеге асыру тәртібін; деректер мен құпия ақпараттың тұтастығын қамтамасыз етуге ішкі бақылау жасау тәртібін.
Тармақ 14
14. Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін берілетін ұсынымдар (бұдан әрі - ұсынымдар) негізінде қабылданады.
Тармақ 15
15. Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібінде мыналар болуы тиіс:
Тармақша 1
1) мыналарды көздейтін ұсынымдарды беру үшін ақпаратты жинау, өңдеу және талдау тәртібі болуы тиіс: ұсынымдарды беретін уәкілетті лауазымды тұлғалардың тізбесі; зейнетақы активтері портфелінің жай-күйін талдау; инвестиция жасау болжалданып отырған қаржы құралдарына талдаудың болуы, сұрату және кірістілік талаптары; инвестиция жасау болжалданып отырған қаржы құралдарына байланысты тәуекелдерді талдау; уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген түрлендіру нормаларын сақтауды талдау; ұсынымдарды беру кезіндегі өзге де маңызды факторларды талдау;
Тармақша 2
2) соларды негізге алып қабылданған ұсынымдар мен инвестициялық шешімдердің бірегей тіркеу журналында тіркелу тәртібі;
Тармақша 3
3) инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы органға кіретін лауазымды тұлғалардың тізбесі;
Тармақша 4
4) инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы органның инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібі.
Тармақ 16
16. Ұсынымда мыналар болуы тиіс:
Тармақша 1
1) берілген күні және ұсыным нөмірі;
Тармақша 2
2) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпарат көздерінің тізбесі (сипаттамасы);
Тармақша 3
3) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижесі;
Тармақша 4
4) инвестициялық шешімнің ұсынылып отырған нұсқалары;
Тармақша 5
5) ұсынымды берген тұлғалардың қолдары.
Тармақ 17
17. Инвестициялық шешімде мыналар болуы тиіс:
Тармақша 1
1) инвестициялық шешімнің қабылданған күні және нөмірі;
Тармақша 2
2) негізінде инвестициялық шешім қабылданған ұсынымның берілген күні және нөмірі;
Тармақша 3
3) аяқталуы тиіс мәміленің түрі;
Тармақша 4
4) мәміле аяқталуы тиіс қаржы құралын бірегейлендіргіш;
Тармақша 5
5) аяқталуы тиіс мәміленің көлемі, бағасы және сомасы (көлемінің диапазоны, бағалар және сомалар);
Тармақша 6
6) мәміленің аяқталу мерзімі;
Тармақша 7
7) мәміленің аяқталуы болжалданатын рыноктың типін (бастапқы немесе қайталама) көрсету;
Тармақша 8
8) мәміленің (осындай болған жағдайда) аяқталуы оның көмегі арқылы болжалданатын делдалдың (брокердің) атауы;
Тармақша 9
9) мәміленің аяқталуы зейнетақы активтері есебінен болжалданып отырған қордың атауы;
Тармақша 10
10) инвестициялық шешім қабылдаған тұлғалардың қолы.
Тармақ 18
18. Зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасау және олардың аяқталуына бақылау жасау тәртібінде мыналар болуы тиіс:
Тармақша 1
1) зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле (осындай болған жағдайда) жасау көмегі арқылы болжалданып отырған делдалмен (брокермен) қарым-қатынас жасау тәртібі;
Тармақша 2
2) зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасауды аяқтауға бақылау жасауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тізбесі;
Тармақша 3
3) зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасауды аяқтауға бақылау жасау тәртібі;
Тармақша 4
4) кастодиан банктермен және қорлармен салыстыруды жүзеге асыру тәртібі;
Тармақша 5
5) ішкі аудитті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасауын аяқтау дұрыстығын тексеру және кастодиан банктермен және қорлармен мәміле жасау дұрыстығын тексеру тәртібі және мерзімділігі;
Тармақша 6
6) ішкі есеп және құжат айналымын енгізу тәртібі.
Тармақ 19
19. Зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасауға бақылауды жүзеге асыру үшін мыналарды толтыруы тиіс: мәміле жасауға қажетті тапсырыстарды есепке алу журналы; орындалған және орындалмаған мәмілелерді есепке алу журналы; банк салымының шарттарын есепке алу журналы; кастодиан банктердің бұйрықтарын тіркеу журналы; кастодиан банктермен және қорлармен салыстыру актілерін тіркеу журналы. Осы аталған журналдардан басқа Ұйым (Қор) басқа да қосымша есепке алу журналдарын жүргізуі мүмкін.
Тармақ 20
20. Деректер мен құпия ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі ішкі бақылау тәртібінде мыналар болуы тиіс:
Тармақша 1
1) құпия санатқа жататын ақпараттар тізбесі;
Тармақша 2
2) құпия ақпарат болып табылатын құжаттарды жасау, ресімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау тәртібі;
Тармақша 3
3) лауазымды қызметі бойынша құпия ақпаратқа рұқсат берілген тұлғалар көрсетілген құпия ақпаратқа рұқсат беру тәртібі;
Тармақша 4
4) деректердің электронды массивінің сақталуын қамтамасыз ету тәртібі.
Тармақ 21
21. Ұйым (Қор) осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген хеджирлеу құралдарын пайдалануы мүмкін. Хеджирлеу құралын пайдалану шегі осы Ереженің 1-қосымшасымен белгіленген хеджирлеу объектісіне (базалық актив) салынған инвестиция мөлшерінің мәні осы Ереженің 22-тармағымен белгіленген талаптарды ескере отырып, осы Ереженің 2-қосымшасында белгіленген мәннен аспауы тиіс. Осы Ереже мақсаттары үшін хеджирлеу құралы деп осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын қаржы құралдарын түсінуге болады. Хеджирлеу объектісі (базалық актив) деп осы Ереже белгілеген мөлшердегі зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарын түсінуге болады. Хеджирлеу деп жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінде бар немесе осыған байланысты бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес анықталған ақшаның түсуін хеджирлеу объектісі әділ құнының өзгеруінің ішінара немесе толық өтемақысын хеджирлеудің бір немесе бірнеше құралдарын пайдалануды түсінуге болады. Хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру туралы шешімді инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы орган қабылдайды. Осы шешімде мынадай ақпарат болуы тиіс:
Тармақша 1
1) шешім нөмірі, қабылданған күні;
Тармақша 2
2) негізінде инвестициялық шешім қабылданған ұсынымның берілген күні және нөмірі;
Тармақша 3
3) хеджирлеу құралының түрі, оның жасалу мерзімі, көлемі, құны (сыйақылар), хеджирлеу операцияларын жасау жоспарланып отырған рынок көрсетілген хеджирлеу құралының жан-жақты сипаттамасы және осы құралдың басқа да сипаттамалары (талаптары);
Тармақша 4
4) осы хеджирлеу құралын қолданудан күтіліп отырған нәтижелер;
Тармақша 5
5) хеджирлеу объектісінің түрін (проценттік, бағалық, валюталық және басқа), сондай-ақ оны бағалау әдістемесін көрсетіп, хеджирлеу объектісінің тәуекеліне (базистік актив) баға беру;
Тармақша 6
6) қажетті деректемелері көрсетілген (ұлттық бірегейлендіру нөмірі, саны, құны, көлемі, валютасы), сондай-ақ осы хеджирлеу объектісін зейнетақы активтері есебінен сатып алған қордың атауы көрсетілген хеджирлеу объектісі;
Тармақша 7
7) хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдау үшін пайдаланылған ақпаратты талдау қорытындылары;
Тармақша 8
8) инвестициялық шешімді қабылдаған тұлғалардың қолы.
Тармақ 22
22. Егер бір хеджирлеу объектісін хеджирлеу үшін хеджирлеудің бірнеше құралдарын қолдану жоспарланған болса, онда қабылданған шешімде хеджирлеу құралының әрбір түрі көрсетіледі. Хеджирлеудің бірнеше құралдарын қолдану кезінде оларды пайдаланудың жиынтық шегі әрбір хеджирлеу құралына қатысты белгіленген хеджирлеу объектісіндегі инвестиция мөлшерінің мәнінен аспауы тиіс.
Тармақ 23
23. Хеджирлеу операциялары бойынша қабылданған барлық шешімдер Ұйымда (Қорда) инвестициялық шешімдерді есепке алу журналында көрсету жолымен сақталады.
Тармақ 24
24. Хеджирлеу операциялары аяқталған соң тиісті шешіммен оның аяқталғандығы туралы белгі қойылады және осы хеджирлеу құралының түрін пайдаланудың нақты нәтижесі көрсетіледі.
Тармақ 25
25. Хеджирлеу операциялары процесі жағдайында хеджирлеу құралының түрін, мерзімін және басқа сипаттамаларын өзгерту қажеттігі туған жағдайда, осы шаралар осы Ереженің 21-тармағының 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді келтіре отырып, хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру туралы тиісті шешімде көрсетіледі.
Тармақ 26
26. Хеджирлеу операцияларын, сондай-ақ ол бойынша кірісті және шығынды Ұйымның (Қордың) қаржылық есеп беруінде есепке алу және көрсету қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Осы операцияның хеджирлеу операциясына қатысты екенін растау мақсатында Ұйым (Қор) хеджирлеу операцияларын жүзеге асыратын әр шешімге осы жасалған операциялардың хеджирлеу объектісі бойынша болуы мүмкін шығынның (ала алмаған кіріс) мөлшерін түсіруге алып келетінін растайтын тиісті есеп жасайды.
Басқа 1.1
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесінің 1-қосымшасы
Тармақ 1
1. Ұйым (Қор) қаржы құралдарының тізбесіне әрбір жеке Қордың инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерін зейнетақы активтерінің және оларға қойылатын талаптардың жалпы көлемінен орналастыра алады. N Қар­жы құ­рал­да­ры­ның ата­уы Ин­ве­сти­ци­я­ның мөл­ше­рі 1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жер­гі­лік- ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды қо­с­па­ған­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры (бас­қа ме­ле­кет­тер­дің заң­да­ры­на сәй­кес эмис­си­я­лан­ған­дар­ды қо­сқан­да), сон­дай-ақ мем­ле­кет­тің ке­піл­ді­гіне шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кін­де­гі са­лым­дар 25%-тен кем емес 2 Осы ба­ға­лы қа­ға­з­дар са­уда-сат­тық­ты ұй­ым­да­сты­ру­шы­ның са­уда жүй­е­ле­рін­де ай­на­лы­сқа жі­бе­рі­л­ген­ді­гі және уәкі­лет­ті ор­ган­ға зей­не­та­қы ак­тив­те­рі­нің есе­бі­нен са­тып алу­ға рұқ­сат ет­кен­ді­гі ту­ра­лы та­ла­бы­мен, жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар шы­ғар­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры (оның ішін­де бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­да­ры­на сәй­кес эмис­си­я­лан­ған­дар) 5%-тен астам емес 3 Осы Қо­сым­ша­ның 3-тар­ма­ғы­на сәй­кес ай­қын­дал­ған екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­де­гі са­лым­дар­ға, (Ере­же­нің 6 және 7 тар­мақ­та­ры бел­гі­лен­ген шек­те­улер­мен қо­са) 20%-тен астам емес 4 осы Қо­сым­ша­ның 4-тар­ма­ғы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін шет ме­ле­кет­тер­дің ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры, осы Қо­сым­ша­ның 5-тар­ма­ғы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін ше­тел эми­тент­те­рі­нің мем­ле­кет­тік емес ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры, осы Қо­сым­ша­ның 2-тар­ма­ғы­мен ай­қын­дал­ған ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры­ның ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры, оның ішін­де  көр­се­ті­л­ген ин­ве­сти­ци­я­лық қор­лар­дың пай­ла­ры: 40% -тен астам емес, оның ішін­де: 1) Осы Қо­сым­ша­ның 4-тар­ма­ғы­ның 1) тар­мақ­ша­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін шет мем­ле­кет­тер­дің ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры, осы Қо­сым­ша­ның 4-тар­ма­ғы­ның 1)-2) тар­мақ­ша­ла­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін ше­тел эми­тент­те­рі­нің мем­ле­кет­тік емес ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры; 40%-тен астам емес 2) Осы Қо­сым­ша­ның 4-тар­ма­ғы­ның 2) тар­мақ­ша­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін шет мем­ле­кет­тер­дің ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры, осы Қо­сым­ша­ның 5-тар­ма­ғы­ның 3)-4) тар­мақ­ша­ла­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін ше­тел эми­тент­те­рі­нің мем­ле­кет­тік емес ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры; 30%-тен астам емес 3) Осы Қо­сым­ша­ның 4-тар­ма­ғы­ның 3) тар­мақ­ша­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін шет мем­ле­кет­тер­дің ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры, Осы Қо­сым­ша­ның 5-тар­ма­ғы­ның 5)-6) тар­мақ­ша­ла­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін ше­тел эми­тент­те­рі­нің мем­ле­кет­тік емес ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры; 20%-тен астам емес 4) Осы Қо­сым­ша­ның 4-тар­ма­ғы­ның 4) тар­мақ­ша­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін шет мем­ле­кет­тер­дің ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры, Осы Қо­сым­ша­ның 5-тар­ма­ғы­ның 7)-8) тар­мақ­ша­ла­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін ше­тел эми­тент­те­рі­нің мем­ле­кет­тік емес ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры; 10%-тен астам емес 5) Morningstar "***" тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се "Standard & Poor's Fund Awards" "***" ("Standard & Poor's Ranking") тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар ше­тел­дік ин­ве­сти­ци­я­лық қор­лар­дың пай­ла­ры 5%-тен астам емес 5 Са­уда-сат­тық­ты ұй­ым­да­сты­ру­шы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ұй­ым­да­ры­ның ипо­те­ка­лық об­ли­га­ци­я­ла­ры 20%-тен астам емес 6 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның және бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­да­ры­на сәй­кес шы­ға­ры­л­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ұй­ым­да­ры­ның мем­ле­кет- тік емес эмис­си­я­лық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры, ипо­те­ка­лық об­ли­га­ци­ядан бас­қа, "А" са­на­ты бой­ын­ша са­уда-сат­тық­ты ұй­ым­да­сты­ру­шы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген­дер; "ВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рей­тинг агент­тікте­рі­нің жік­те­лі­мі бой­ын­ша) неме­се "Ва2" тө­мен емес ("Moody's Investors Service" рей­тинг агент­ті­гі­нің жік­те­лі­мі бой­ын­ша) рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се Standard & Poor's ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша "kzА" рей­тинг­тік ба­ға­сы бар шет мем­ле­кет­тер­дің неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұй­ым­да­сты­ры­л­ған ры­н­ок­та­рын­да ай­на­лы­ста бо­ла­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның эми­тент-ре­зи­дент- те­рі­нің ак­ци­я­ла­ры; "ВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рей­тинг агент­тікте­рі­нің жік­те­лі­мі бой­ын­ша) неме­се "Ва2" ("Moody's Investors Service" рей­тинг агент­ті­гі­нің жік­те­лі­мі бой­ын­ша) тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се Standard & Poor's ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша "kzА" рей­тинг­тік ба­ға­сы бар шет мем­ле­кет­тер­дің неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұй­ым­да­сты­ры­л­ған ры­н­ок­та­рын­да ай­на­лы­ста бо­ла­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның эми­тент-ре­зи­дент­те­рі­нің бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры 50%-тен астам емес 7 "Ка­зақ­стан Да­му Бан­кі" АҚ ке­піл­ді­гі­мен шы­ға­ры­л­ған "Қа­зақ­стан Да­му Бан­кі" АҚ об­ли­га­ци­я­ла­ры және ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры 15%-тен астам емес 8 Лон­дон­ның қым­бат ме­тал­дар ры­но­гы қа­уым­да­стығ­ы­ның (London bullion market association) қа­был­да­ған ха­лы­қа­ра­лық са­па стан­дар­ты­на сәй­кес ке­ле­тін та­зар­ты­л­ған қым­бат ме­тал­дар және "Лон­дон­дық са­па­лы жет­кі­зу" стан­дар­ты ре­т­ін­де ("London good delivery") осы қа­уым­да­стық­тың құ­жат­та­рын­да бел­гі­лен­ген. 5%-тен астам емес 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ұй­ым­да­ры­ның ин­фро­құ­ры­лым­дық об­ли­га­ци­я­ла­ры 15%-тен астам емес 10 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның және бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­да­ры­на сәй­кес шы­ға­ры­лып, "В" са­на­ты бой­ын­ша са­уда-сат­тық­ты ұй­ым­да­сты­ру­шы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ұй­ым­да­ры­ның бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры, осн­дай-ақ "А" және "В" са­нат­та­ры бой­ын­ша са­уда-сат­тық­ты ұй­ым­да­сты­ру­шы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген ара­лық ин­ве­сти­ци­я­лық қор­лар­дың пай­ла­ры, бас­қа­ру­шы ком­па­ни­я­сы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы- ның ре­зи­ден­ті бо­лып та­бы­ла­ды. 5%-тен астам емес
Тармақ 2
2. Мынадай халықаралық қаржы ұйымдарымен эмиссияланған бағалы қағаздар:
Тармақша 1
1) Халықаралық қайта құру және даму банкі;
Тармақша 2
2) Еуропа қайта құру және даму банкі;
Тармақша 3
3) Америка аралық даму банкі;
Тармақша 4
4) Халықаралық есеп-айырысу банкі;
Тармақша 5
5) Азия даму банкі;
Тармақша 6
6) Африка даму банкі;
Тармақша 7
7) Халықаралық қаржы корпорациясы (The International Finance
Тармақша corporation
Corporation);
Тармақша 8
8) Ислам даму банкі;
Тармақша 9
9) Еуропа инвестициялық банкі.
Тармақ 3
3. "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) санаттарынан төмен емес ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және дербес рейтингі бар резидент емес бас банк, "А" санаты бойынша немесе еншілес резидент банкпен сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне бағалы қағаздары енгізілген орналасу күнінде банк болуы керек, банктегі салымдарға.
Тармақ 4
4. Осы Қосымшаның 1-тармағымен белгіленген шектеулерді ескере отырып шет мемлекеттердің бағалы қағаздары:
Тармақша 1
1) шетел валютасында халықаралық кредиттік рейтинг шәкілі бойынша "ААА" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ааа" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді рейтинг бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары;
Тармақша 2
2) шетел валютасында халықаралық кредиттік рейтинг шәкілі бойынша "АА"("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Аа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді рейтинг бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары;
Тармақша 3
3) шетел валютасында халықаралық кредиттік рейтинг шәкілі бойынша "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді рейтинг бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары;
Тармақша 4
4) шетел валютасында халықаралық кредиттік рейтинг шәкілі бойынша "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді рейтинг бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары.
Тармақ 5
5. Осы Қосымшаның 1-тармағымен белгіленген шектеулерді ескере отырып шет мемлекеттердің бағалы қағаздары:
Тармақша 1
1) "ААА" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) немесе "Ааа" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар;
Тармақша 2
2) "ААА" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) немесе "Ааа" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар эмитенттердің акциялары;
Тармақша 3
3) "АА" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Аа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздары;
Тармақша 4
4) "АА" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Аа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар эмитенттердің акциялары;
Тармақша 5
5) "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтинг бағасы бар борыштық бағалы қағаздар;
Тармақша 6
6) "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар эмитенттердің акциялары;
Тармақша 7
7) "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ( "Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтинг бағасы бар борыштық бағалы қағаздары;
Тармақша 8
8) "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтинг бағасы бар эмитенттердің акциялары.
Басқа 2
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесінің 2-қосымшасы Р/сN Хеджір­леу құ­ра­лы­ның ата­у­ла­ры Пай­да­ла­ну ше­гі 1. Фью­черс 50%-тен астам емес 2. Оп­ци­он 50%-тен астам емес 3. Своп 50%-тен астам емес
Басқа 2.2. Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 273 қаулысына N 2 қосымша Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2484 тіркелген, 2003 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Вестник Национального Банка Казахстана" N 19 басылымында жарияланған);
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 488 қаулысы , Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2484 тіркелген", (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2003 жылғы 31 желтоқсанда N 2665 тіркелген, 2004 жылғы 28 қаңтарда "Казахстанская правда" N 16(24326) баспасөз басылымында жарияланған);
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 12 шілдедегі N 202 қаулысы , Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2484 тіркелген", (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 18 тамызда N 3020 тіркелген, 2004 жылы "Финансовый вестник" N 9(9) баспасөз басылымында жарияланған);
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 382 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3402 тіркелген, 2005 жылы "Финансовый вестник" N 2(14) баспасөз басылымында жарияланған);
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 134 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3637 тіркелген, 2005 жылы "Финансовый вестник" N 6(18) баспасөз басылымында жарияланған).