Об установлении повышенных окладов и тарифных ставок работникам некоторых государственных учреждений, работающим в сельских округах Күшін жойған
Басқа 0
Селолық округтарда жұмыс істейтін кейбір мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілену туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 және 7 баптарына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2005 жылғы 1 қарашадан бастап Благодарное, Қарғалы, Құрайлы, Новый және Сазды селолық округтерінде жұмыс істейтін білім беру, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының қызметкерлеріне Ақтөбе қалалық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі" ММ (Р. Айдашева) белгіленген жоғары айлықақы мен тарифтік ставкаларды қаржыландырсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.