Об утверждении Правил по определению монопольно высокой и монопольно низкой цены Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Монополиялы жоғары және монополиялы төмен бағаны айқындау жөніндегі ережені бекіту туралы -------------Бұйрықтан үзінді---------------- "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрiнiң күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң 2006 жылғы 26 қыркүйектегі N 245 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрiнiң күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi
Тармақ 1
1. "Монополиялық жоғары және монополиялық төмен бағаны айқындау жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Индустрия және сауда министрiнiң 2005 жылғы 14 қыркүйектегi N 301 бұйрығы ("Юридическая газета" газетiнде жарияланған, 2005 ж., N 193 (927) Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3837 нөмiрiмен тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жаршысында басылған, 2005 ж., N 19, 170-құжат)... ----------------------------- "Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2003-2006 жылға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 5 қыркүйегіндегі N 903 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Монополиялы жоғары және монополиялы төмен бағаны айқындау жөніндегі ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аппарат - Әкімшілік-құқықтық жұмыстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бірінші вице-министр И.Кравченкоға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Министр
Басқа 9. Монополиялы жоғары және монополиялы төмен бағаны айқындау жөніндегі ереже
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Индустрия және сауда Министрінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі N 301 бұйрығымен бекітілген Монополиялы жоғары және монополиялы төмен бағаны айқындау жөніндегі ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Монополиялы жоғары және монополиялы төмен бағаны айқындау жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1212 қаулысымен бекітілген тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілері тауарларының (жұмыстарының, қызметтер көрсетуінің) бағаларын мемлекеттік реттеуді енгізу ережесі және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Төрағасының 1999 жылдың 25 тамызындағы N 61-НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындардың жүзеге асыратын қызметтеріне бағаларды реттеу ережесі (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 930 тіркелген), сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық кесімдері негізінде әзірленді. Осы Ереженің мақсаты белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілері (бұдан әрі - доминант) белгілейтін монополиялы жоғары және монополиялы төмен бағаны айқындау болып табылады.
Тарау 2. 2. Негізгі ұғымдар
2. Негізгі ұғымдар
Тармақ 2
2. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) монополистік қызмет - рынок субъектілерінің, мемлекеттік органдардың бәсекеге жол бермеуге, оны шектеуге немесе жоюға бағытталған және (немесе) тұтынушылардың заңды мүдделеріне қысым жасайтын осы Заңға қайшы іс-әрекеттері;
Тармақша 2
2) монополиялы жоғары баға - доминант негізделмеген шығындарды өтеу және (немесе) үстем (монополиялық) жағдайды асыра қолдану нәтижесінде қосымша табыс алу мақсатында белгілейтін баға;
Тармақша 3
3) монополиялы төмен баға - доминант тауар рыногынан бәсекелестерді ығыстыру жолымен бәсекелестікті шектеу мақсатында саналы түрде белгілейтін тауар бағасы;
Тармақша 4
4) монополиялық табыс - рынок субъектісінің монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алған табысы;
Тармақша 5
5) монопсония - бір ғана сатып алушы тауарға сұраныс ұсыну кезіндегі рыноктың жай-күйі, ал ұсыныс сатушылардың көптігімен қалыптасады, тұтынушы бағасын қалыптастыруда олардың бірде біреуі әсерлі ықпал ете алмайды.
Тармақша 6
6) монопсониялық төмен баға - тұтынушыға (сатып алушыға) қажетті тауар сататын (өндіретін) рынок субъектілері есебінен өндірістің өзі шығысын төмендету жолымен үстеме пайданы алу немесе/және негізсіз шығынды өтеу мақсатында доминант белгілеген тауардың монополиялы төмен бағасы;
Тармақша 7
7) негізделген баға - оның қызметінің монополиялық түрін жүзеге асыру үшін қажетті негізделген пайданы не салалар бойынша қалыптасқан орташа пайданы ескере отырып, оның нақты шығынынан қалыптасқан тауарды монополиялы сататын (өндіретін) доминант бағасы;
Тармақша 8
8) монополияға қарсы орган - бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік орган;
Тармақша 9
9) рынок субъектілері - тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру, өткізу, сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың филиалдары мен өкілдіктері;
Тармақша 10
10) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) - қызметтің сатуға және айырбастауға арналған өнімі (жұмыстарды, қызметтерді қоса алғанда).
Тарау 3. 3. Монополиялы жоғары және монополиялы төмен бағалардың белгілері
3. Монополиялы жоғары және монополиялы төмен бағалардың белгілері
Тармақ 3
3. Монополиялық төмен бағаларды белгілеуде көрінген рынок субъектісінің монополистік қызметінің белгілері мыналар:
Тармақша 1
1) өзінің қызметін, тауарын монополиялы сататын рынок субъектісі дәл сол тауар рыногында жүзеге асырылатын, рынок субъектілер өнімдері бағасынан рынок субъектінің монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауардың баға өсімінің асып кетуі;
Тармақша 2
2) оларға монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауардың өзіндік құнының өсуінен монополиялы сатылатын тауарлар бойынша доминант табысы өсімінің асып кетуі;
Тармақша 3
3) өнім бірлігінің өндірістік өзіндік құн өсімінен өнім бірлігіне арналған кезең шығыстары өсімінің асып кетуі;
Тармақша 4
4) монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауарларға сұраныстар бар кезінде кәсіпорынның жобалық қуаттылығымен салыстыру бойынша өндірістік қуаттарды толық көлемде негізсіз пайдалану;
Тармақша 5
5) тауарды сату (жеткізу), сондай-ақ тұтынушылардың сұраныс (тапсырыстар беру) мүмкіндіктері бар кезінде доминанттың оларды сату (жеткізу) көлемдерін негізсіз қысқартуы немесе оның сатылуын (жеткізуін) тоқтатуы;
Тармақша 6
6) монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауардың сапасын және басқа да сипаттарын (мысалы өнім бірлігінің салмағы) төмендету жолымен монополиялы сатылатын (өндірілетін, жеткізілетін) тауарға арналған бағаны жасырын жоғарлату;
Тармақша 7
7) доминанттың іс-әрекеті мыналарға: доминанттың тұтынушыға тауарды сатуға (өндіруге) арналған шарт мәніне қатысы жоқ қосымша шарттарды күштеп ұсыну байқалатын бағаны жасанды ұлғаютуға; олардың тауарды сатуға (өндіруге) арналған шартқа монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауарды басқа да тұтынушылармен салыстырғанда белгілі тұтынушыны әркелкі жағдайға алып келетін кемсітушілік шарттарын қосуға; доминанттың тауарды сатуға (өндіруге) арналған шартты жасауға монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауарға бағалардың ұлғаюына алып келетін оған белгілі шарттар енгізген кезде ғана келісімін білдіруге бағытталған;
Тармақша 8
8) сатылатын (өндірілетін) тауардың өзіндік құнына тауарды сатумен (шығарумен) байланысты емес шығындарды қосу;
Тармақша 9
9) сатылатын (өндірілетін) тауардың өзіндік құнының негізсіз өсуі;
Тармақша 10
10) құны рынок субъектісінің шығынына қосылатын монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауар шығынының озық өсуі;
Тармақша 11
11) өндірістік персоналдың жалақысының өсу қарқынымен салыстырғанда әкімшілік персоналдың жалақысының өсу қарқынын ұлғайту;
Тармақша 12
12) кезең шығыстарының өсу қарқынын негізсіз ұлғайту;
Тармақша 13
13) монополиялы сатылатын тауардың пайдалылық деңгейі пайдалылықтың орташа салалық көрсеткішінен және/немесе басқа рынок субъектісінің соған ұқсас басқа тауардың пайдалылығынан асуы (бұл ретте, егер монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауардың өзіндік құнының құрылымындағы барынша басым салмағын тексерілетін рынок субъектісінің шығынының қандай да бір түрі иеленсе, онда серпіні бойынша шығынның бұл түрін баға монополиялы жоғары мен жоқ па екені туралы айтуға болады).
Тармақ 4
4. Монополиялы төмен бағаны белгілеуінен көрінген рынок субъектісінің монополистік қызметтерінің белгілері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) рынок субъектісінің монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауардың өзіндік құны монополиялы сатылатын (өндірілетін, жеткізілетін) тауарды өткізу бағасынан асуы;
Тармақша 2
2) рынок коньюктурасына және өндіріс шығындарының серпіліне негізделмеген белгілі бір уақыт кезеңіндегі тауарға тұрақты (өспелі) сұраныс жағдайындағы пайданы төмендету.
Тармақ 5
5. Монопсониялық төменгі баға белгілеуден көрінген рынок субъектісінің монополистік қызметінің белгілері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) өндіріс көлемін қысқарту және сатылатын (өндірілетін) тауарға сұраныс бар кезде сатушылардың (өндірушілердің) қуатын толық пайдаланбау;
Тармақша 2
2) белгілі бір тауар рыногында тұтынушы (сатып алушы) ретінде үстем жағдайға ие болып отырған рынок субъектісінің тауарларды сатушыға (өндірушіге) орта салалық деңгейде пайда алуды және/немесе өзіндік құнын өтеуді қамтамасыз етпейтін рынокта қалыптасқан баға бойынша сатып алуы;
Тармақша 3
3) белгілі бір тауар рыногында тұтынушы (сатып алушы) ретінде үстем жағдайға ие болып отырған рынок субъектісінің жеткізушінің (өндірушінің) есебінен өндірістің (сатып алудың) өзіндік шығындарын төмендету жолымен пайданы рынок коньюктурасына негіздемей ұлғайтуы;
Тармақша 4
4) рыноктан бір немесе одан астам сатушылардың (өндірушілердің) тұтынушының (сатып алушының) олардың қызметінің залалдылығын арандатуының салдарынан кетуі.
Тарау 4. 4. Монополиялы жоғары және монополиялы төмен бағаларды анықтау
4. Монополиялы жоғары және монополиялы төмен бағаларды анықтау
Тармақ 6
6. Олар белгілеген монополиялы жоғары және монополиялы төмен бағалардан көрінген рынок субъектісінің өзінің үстем (монополиялы) жағдайын асыра пайдалануын айқындау үшін мыналарға:
Тармақша 1
1) монополияға қарсы заңнамамен белгілеген тәртіпте субъект үстем (монополиялы) жағдайға ие болып отырған тауар рыногына;
Тармақша 2
2) рынок субъектісі монополиялы сататын (өндіретін) тауарлардың мақсаттылығына (қолданылуына);
Тармақша 3
3) доминанттың қаржылық жағдайына;
Тармақша 4
4) өндірістің шығындарын ұлғайтудың (қысқартудың - монопсоникалық төменгі бағалар үшін) себептерін анықтау мақсатында рынок субъектісі монополиялы сататын (жеткізетін) тауардың өндірушілік және толық өзіндік құнының серпініне;
Тармақша 5
5) өнім бірлігінің өндірістік және толық өзіндік құнының серпініне;
Тармақша 6
6) рынок субъектісінің монополиялы сату (тұтыну) нәтижесінде алған пайдаларына;
Тармақша 7
7) рынок субъектісінің монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауарға бағаларының серпініне;
Тармақша 8
8) доминант өндіріс (тұтыну) көлемінің серпініне;
Тармақша 9
9) өндірістік қуаттылықты пайдалануға;
Тармақша 10
10) шарттарға;
Тармақша 11
11) өндірістік шығындарға, кезең шығыстарына және пайдаларға;
Тармақша 12
12) пайданы қолдануға талдау жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Монополиялы жоғары бағаларды анықтау мынадай кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауарға бағалардың және өндіріс шығындарының (оның ішінде жеткізумен байланысты шығындарының) өсу серпінін салыстыру. Бұл ретте, монополиялы жоғары бағаларды белгілеуді мыналар растай алады:
Тармақша 2
2) тауар рыноктарының әртүрлі географиялық шекараларындағы ұқсас тауарға бағалардың деңгейлерін салыстыру. Бұл орайда мыналар ескерілуі мүмкін: салыстырылатын тауарлар рыногында тауарлар мақсаты және сапасы бойынша салыстырылған ба; рыноктар көлем, өндіріс (ресурстарға бағалар) және салық салу шарттары бойынша салыстырылған (ұқсас) ба; салыстырылатын тауар рыноктарында бәсекені дамыту бар ма; басқа салыстырылатын тауар рыноктарында өндірістік-шаруашылық қызметтің бағаларын немесе басқа параметрлерін реттеу бар ма;
Тармақша 3
3) тауарды монополиялы сатқан (өндірген) рынок субъектісі пайдасының деңгейін, пайданың мақсаты мен тағайындауын талдау.
Тармақ 8
8. Монополиялы төмен бағаларды анықтау мыналарды қамтуы мүмкін:
Тармақша 1
1) монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауар өзіндік құнының монополиялы тауардың нақты бағасынан асып кетуін талдау;
Тармақша 2
2) монополиялы тауарды сатудан (өндіруден) залалдарға әкелмейтін өнім бірлігі бағасының деңгейін айқындау.
Тармақ 9
9. Монопсоникалық төмен бағаларды анықтау мынадай кезеңдерді қамтуы мүмкін:
Тармақша 1
1) тауар тұтынушысы (сатып алушысы) болып табылатын рынок субъектісінің үстемдік фактісін белгілеу;
Тармақша 2
2) тұтынушының (сатып алушының) қосымша пайда алуын және (немесе) тауар сатушының (өндірушінің) есебінен негізсіз шығындарды растау;
Тармақша 3
3) доминанттың тұтынушы (сатып алушы) ретінде тауардың сатып алу бағасын төмендету фактісін белгілеу.
Тарау 5. 5. Негізделген бағаны айқындау
5. Негізделген бағаны айқындау
Тармақ 10
10. Негізделген баға монополиялы тауарды сатумен (өндірумен) байланысты рынок субъектісінің нақты шығындарынан, оның қызметін жүзеге асыру үшін қажетті (немесе орташа салалық пайда деңгейінде қалыптасқан) негізделген пайданы ескеріп қалыптасады.
Тармақ 11
11. Рынок субъектісінің нақты шығындары монополиялы тауарды сатумен (өндірумен) тікелей байланысты шығындарды және кезең шығыстарын (салықты және міндетті алымдар мен төлемдерді қоса алғанда) қамтиды.
Тарау 6. 6. Қорытынды ережелер
6. Қорытынды ережелер
Тармақ 12
12. Монополиялы жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаларды белгілеген, сондай-ақ монополияға қарсы органға жалған мәлімет берген доминанттар заңнамалық актілерге сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 13
13. Монополияға қарсы органның доминанттардың тауарларына монополиялы жоғары, төмен және монопсоникалық төмен бағаларды анықтау туралы шешімі сот тәртібінде шағымдалуы мүмкін.