Об утверждении Правил ветеринарии, содержания домашних животных на территории Павлодарского района Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар ауданы аумағындағы мал дәрігерлік, үй жануарларын ұстау Қағидасы туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМІ етеді: Қоса берілген Павлодар ауданы аумағындағы мал дәрігерлік, үй жануарларын ұстау Қағидасы бекітілсін.
Басқа 1. Павлодар ауданы аумағындағы мал дәрігерлік, үй жануарларын ұстау Қағидасы
Павлодар аудандық мәслихатының (3 сайланған 17 сессиясы ) 2005 жылғы 9 қыркүйектегі № 17/92 «Павлодар ауданы аумағындағы мал дәрігерлік, үй жануарларын ұстау Қағидасы» шешімімен бекітілген Павлодар ауданы аумағындағы мал дәрігерлік, үй жануарларын ұстау Қағидасы
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» заңына сәйкес негізгі Қағида талқыланған.
Тармақ 2
2. Аудан тұрғындарын қауыпсыздандырумен қамтамасыз ету, жануарларының ауруына қарсы профилактикалық шаралар өткізу, ит және мысық ұстау және оларға санақ жүргізу негізгі Қағидада қарастырылады.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Ит және мысық иелерінің міндеттері мен құқығы
2. Ит және мысық иелерінің міндеттері мен құқығы
Тармақ 3
3. Ит және мысық иелерінің ит, мысық ұстауға құқығы бар:
Тармақша 1
1) ветеринарлық инспекцияның және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімдерінің рұқсатымен санитарлық – курорттық және жазғы – қысқы сауықтыру мекемелерінде, балалар мен жас өспірімдер мекемесінде, «тірі бұрыштарда»;
Тармақша 2
2) байдауда не бөлек қоршалған аймақта бос серуендетуге;
Тармақша 3
3) мекемелер мен ұйымдарды күзететін иттерді тек қана байлауда;
Тармақша 4
4) адамдардың қауыпсыздығын қамтамасыз етіп, ветеринарлы – санитарлық және гигиеналық сұранысты сақтап, арнайы тағайындалған иттерді мекемелерде жедел пайдаланған жаттықтырып – үйрету алаңында тамақ баусыз (мойынтақсыз) және мұрынтақсыз.
Тармақ 4
4. Адамдардың қауыпсыздығын қамтамасыз етіп, иттерді есік алдында не көшеге қысқа тамақ баумен мойынтақпен (1 метрге дейін, кішіректерін2 метрге дейін) мұрынтақпен шығару.
Тармақ 5
5. Қоғамдық көлікте адамдардың қауыпсыздығын міндетті түрде қамтамасыз етіп, сол көліктің адамдардың қауыпсыздығын міндетті түрде қамтамасыз етіп, сол көліктің әрекеттегі ережесін сақтап ит, мысықты тасымалдау.
Тармақ 6
6. Ит, мысық иелерінің міндеті:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес текті иттерге құжаттама жүргізу;
Тармақша 2
2) Жануарларды сатып алғанын сонымен қатар басқа мекенге оларды бірге алып көшетіндігі жөнінде 5 күн ішінде ветеринарлық мекемеге ескерту, хабарлау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» әрекеттегі заңына байланысты жануарларды ветеринарлық мекемеге тексеру және профилактикалық егу үшін әкелу.
Тармақ 7
7. Тіркелмеген және ұлыған иттер мен мысықтарды арнайы бригада жинап алып, жануарларды қабылдайтын пункттерге тапсырады.
Тармақ 8
8. Иттер мен мысықтардың ауырғаны, не өлгені жайында , не болмаса олардың қапқандығы не зақымдағандығы жөнінде аудан тұрғындары тез арада елді мекендегі ветеринарлық және дәрігерлік мекемелерге хабарлайды.
Тармақ 9
9. Көшеде есік алдында, скверде, базарда және басқа да елді мекендегі қоғамдық орындарда (тамақ баумен, мұрынтақпен) иесіз қалған иттерді олардың тұқымына қарамастан ұстап алып, қожайыны сұрастырып алғанға дейін 5 күнге жануарларды қабылдайтын орындарға жеткізеді. Сұраныс таппаған жануарлар жойылуға тиіс.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Ит және мысық иелерінің жауапкершілігі
3. Ит және мысық иелерінің жауапкершілігі
Тармақ 10
10.
Тармақша 1
1) Қалада және басқада елді мекендерде жергілікті өкілетті орындармен бекітілген иттерді ұстау ережесін бұзғаны үшін – «Әкімшілік құқық бұзу жөніндегі» Қазақстан Республикасының кодексінің 311 бабы бойынша ескерту не айып пұл төлеуге әкеп соғады.
Тармақша 2
2) Қалада және басқа елді мекендерде жергілікті өкілетті орындармен бекітілген мысықтарды ұстау ережесін бұзғаны үшін – «Әкімшілік құқық бұзу жөніндегі» Қазақстан Республикасының кодексінің 311 бабы бойынша ескерту не айып пұл төлеуге әкеп соғады.
Тармақша 3
3) Дәл сол әрекеттер азаматтардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірген жағдайда – «Әкімшілік құқық бұзу жөніндегі» Қазақстан Республикасының кодексінің 311 бабы бойынша айып пұл төлеуге әкеп соғады.