О Совете предпринимателей города Курчатова Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Курчатов қаласының кәсіпкерлер Кеңесі туралы "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кәсіпкерлер Кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығына сәйкес "Шығыс Казақстан облысының Кәсіпкерлер кеңесі туралы" Шығыс Қазақстан облыс әймдігінің 2005 жылғы 14 шілдедегі № 267 қаулысын орындау үшін "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 - II Заңының 31- бабы 1- тармағы 4), 17) тармақшалары негізінде Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Курчатов қаласының Кәсіпкерлер Кеңесі құрылсын (әрі қарай - Кеңес) (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Кеңес тураліы Ереже бекітілсін (2-қосымша)
Тармақ 3
3. Кеңестің дербес құрамы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге енгізілсі
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары М.С. Егизбаевқа жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ: "Фортуна" кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Демышев В.А.
Басқа 5
Курчатов қаласы әкімдігінің 2005 жылғы "22" тамыз № 571 қаулысына 1-қосымша Курчатов каласы әкім аппаратының басшысы А. Ондаканов
Басқа 6. Курчатов қаласының Кәсіпкерлер Кеңесі туралы Ереже
Курчатов қаласы әкімдігінің 2005 жылғы "22" тамыз № 571 қаулысына 2-қосымша Курчатов қаласының Кәсіпкерлер Кеңесі туралы Ереже
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Курчатов қаласының Кәсіпкерлер кеңесі (әрі қарай - Қеңес) кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік тұрғыдан қолдау бойынша консультативті - кеңесу органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасыньщ Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметі мең Премьер - Министрінің жарлықтарын, қаулылары мен өкімдерін, облыс/қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, қала әкімдігінің қаулыларын, осы ередені және басқа заңнамалық және нормативтік актілерді басшылыққа алады.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Кеңестің негізгі тапысрмалары
2. Кеңестің негізгі тапысрмалары
Тармақ 3
3. Кеңестің енгізгі тапсырмалары болып табылады:
Тармақша 1
1) кәсіпкерлікті дамыту үшін қолаилы жагдай жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар дайындау;
Тармақша 3
3) қаланың кәсіпкерлік бірлестіктері мен одақтарын жұмылдыру.
Тармақ 3
3. Кеңестің қүқықтары
Тармақ 4
4. Кеңес өзінің құзыры аясында Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте құқылы:
Тармақша 1
1) Кәсіпкерлікті мемекеттік қолдаудың және дамытудың әзірленіп жатқан және жүзеге асырылатын іс - шараларына қатысты ұсыныстар енгізуге,
Тармақша 2
2) кәсіпкерлердің қызметтерін реттейтін нормативті қүқықтық актілерді жетілдіру, қаладағы кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін факторларды аластату боиынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан және лауазымдық тұлгалардан ақпарат алуга;
Тармақша 4
4) қоғамдық бірлестіктерінің, кәсіпкерлер ассоциациясының, кәсіпкерлік құрылымдар өкілдерін, мемлекеттік орган қызметкерлерін жэне тәуелсіз сарапшыларды көкейтесті мәселелерді талқылауға қатыстыру үшін тартуға.
Тармақ 4
4. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Кеңестің төрағасы Курчатов қаласының әкімі болып табылады.
Тармақ 6
6. Кеңестің отырысы қажеттілік шегіне байланысты жарты жылда біп рет өтеді.
Тармақ 7
7. Кеңестің кезектен тыс отырысы Курчатов қаласының әкімімен шақырылады.
Тармақ 8
8. Кеңестің құрамы атқарушы және уәкілетті билік органдарының, қоғамдық бірлестік және кәіпкерлер ассоциациясының, сондай – ақ шаруашылық субъектілерінің өкілдерінен құралады.
Тармақ 9
9. Кеңес мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
Тармақ 10
10. Кеңестің шешімі отырысқа қатысқан оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру жолы арқылы қабылданады. Талқыланған мәселе бойынша дауыстар тең болғанокағдайда төрағалық еткен адамның дауыы шешуші болып табылады. Кеңес шешімі хаттамамен рәсімделеді. Қаблыданған шешіммен келіспеген жағдайда Кеңес мүшесі немесе мүшелері жазбаша мазмұндалып, хаттамаға қосымша берілетін ерекше көзқарас білдіруге кұқылы.
Тармақ 11
11. Кеңестің жұмыс органы Курчатов қаласының экономика және қаржы бөлімі болып табылады.
Тармақ 12
12. Кеңестің жұмыс органы:
Тармақша 1
1) Кеңес отырыстарының өтуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Кеңес ұсыныстарының орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Кеңес мүшелерінің ұсыньістары және бұрын қабылданған шешімдер негізінде отырыстың күн тәртібінің жобасын құрады.
Тармақша 4
4) Кеңес мүшелеріне Кеңестің кезекті отырысының орны, өту мерзімі мен күн тәртібі туралы хабдрлайды, оларды қажетті материалдармен қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) Кеңес мүшелеріне және басқа мүдделі тұлғаларға хаттама көшірмелерін жолдайды. Курчатов каласы әкім аппаратының басшысы А. Ондаканов