О проведении месячника благотворительности Күшін жойған
Басқа 0
Қайырымдылық айлығын өткізу туралы
1 қазанды Егде адамдардың халықаралық күні деп жариялау туралы Біріккен Ўлттар Ўйымы Бас Ассамблеясының шешіміне және "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні" деп белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2005 жылғы 1 қазаннан 1 қарашаға дейін қайырымдылық айлығы жариялансын.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері:
Тармақша 1
1) соғыс және еңбек ардагерлері кеңесімен, қоғамдық ұйымдармен, кәсіпорындармен соғыс және еңбек ардагерлерінің, мүгедектердің, жалғыз басты егде азаматтардың кездесулерін, құрмет көрсетуін, үйлеріне баруын ұйымдастыруды келіссін. Оларға қысқа үй-жайларын дайындауға, отын әзірлеуге көмек көрсетуге мүмкіндіктерді іздестірсін;
Тармақша 2
2) жалғыз басты аз қамтамасыз етілген азаматтарға, ардагерлер активіне 2006 жылғы 1 жартыжылдықта "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттеріне жазылуды ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) аз қамтамасыз етілген егде азаматтар мен мүгедектерге, ардагерлер активіне материалдық көмек көрсетсін.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті (А.С. Шерубаев) облыстың интернат-үйлерінде салтанатты іс-шаралар, қайырымдылық акциялар ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық аймақтық қоры (Н.М. Аверьячкина) (келісімі бойынша) мұқтаж жеке басты егде адамдарға, зейнеткерлерге және мүгедектерге сыйлы қоржындар әзірлеп тапсырсын.
Тармақ 5
5. Ішкі саясат департаменті (Б.Г. Нургазиева) бұқаралық ақпараттар кұралдарында ардагерлер мен мүгедектердің өмірі, қайырымдылық айлығын өткізу туралы кеңінен жария етуді ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Білім департаменті (С.И. Ферхо) оқу орындарында қайырымдылық айлығын өткізу шеңберіндегі кездесулерді ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстың мәдениет басқармасы (Т.Т. Тусипбеков) мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. "Егде адамдардың халықаралық күнін және Қазақстан Республикасының Мүгедектер күнін өткізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 20 қыркүйектегі N 578 (тіркеу N 1955, "Рудный Алтай", "Дидар" газеттерінде 2004 жылғы 28 қыркүйекте жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.В. Гречухинге жүктелсін.