Об организации и проведении обязательного страхования от чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера Күшін жойған
Басқа 0
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан міндетті сақтандыруды ұйымдастыру және өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысының әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 31 шешімімен.
Сейсмикалық құбылыстардың тұрақты қатерiнiң болуы, табиғи апаттар мен техногендi авариялар санының өсуi аумақтар мен халықты төтенше жағдайлардан қорғауға ерекше талаптар қояды. Үстiмiздегi жылғы қаңтардан бастап облыс аумағында 3395 қысылтаяң оқиға болды, материалдық шығын 502,4 млн. теңге болды, мұнымен қатар 1493 адам зардап шектi, 324 адам қаза тапты.
"Табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (3,18 баптар) сәйкес төтенше жағдайлардың салдарынан адамдардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық объектiлерiне келтiрiлген зардаптардың орнын кепiлдi толтыру мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыстық төтенше жағдайлар басқармасы (Темный Г.В.) сақтандыру компанияларымен бiрге облыс аумағында меншiктiк нысандарына қарамастан кәсiпорындар және iс-әрекеттерi табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлардың тууына байланысты азаматтар үшiн мiндеттi сақтандыруды ұйымдастырып, өткiзсiн.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөнiндегi комиссиялардың төрағалары төтенше жағдайлардың туу қатерi бар кәсiпорындардың басшыларынан өнеркәсiп қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шұғыл шаралар қолдануды талап етсiн, қаржылық және материалдық ресурстарды қалыптастыру, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың
күштерi мен құралдарының қысылтаяң жағдайларда iс-қимылдар жасауға
тиянақты әзiрлiгi мен оларды қолдау үшiн олардың дербес жауапкершiлiктерi
ерекше атап көрсетiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары
М.Қ. Татаевқа жүктелсiн.