Об упорядочении работы предприятий торговли области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың сауда кәсiпорындарының жұмысын реттеу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысының әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 31 шешімімен.
Сауда кәсiпорындарының жұмысын реттеу және салықтық алымдардың толық алынуын қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, Шығыс Қазақстан облысының сауда және қызмет көрсету департаментi (Шәкенов М.Ш.), Шығыс Қазақстан мемлекеттiк-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Якупов В.С.), Шығыс Қазақстан мемлекеттiк "Стандарттау және метрология орталығы" кәсiпорны (Мешiмбаев Е.С.), Шығыс Қазақстан мемлекеттiк өртке қарсы қызмет (Коншу В.П.), облыстық құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (Никитин Н.Л.) бiр ай мерзiм iшiнде мына сауда түрлерi бойынша сауда кәсiпорындарының жұмысын ретке келтiрсiн:
Тармақша 1
1) бөлшек сауда - дүкендердегi, дүңгiршектердегi, павильондардағы, палаткалардағы, базарлардағы сауда;
Тармақша 2
2) көтерме сауда - көтерме қоймалардағы, базалар мен көтерме базарлардағы сауда;
Тармақша 3
3) құрылыс нормалары мен ережелерi нормаларының, көтерме және бөлшек сауданың негiзгi ережелерiнiң талаптарына сәйкес келмейтiн жерлерде көтерме және бөлшек саудаға тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Облыстық салық комитетi (Шманов Н.Т.) патенттер бағасын белгiлесiн және сауда түрiне сәйкес салық салу жүйесiн әзiрлесiн.
Тармақ 3
3. Облыстық мәслихатқа облыстық мәслихаттың 1998 жылғы 17 қыркүйектегi ХVIII сессиясының N 18/10 шешiмiмен бекiтiлген "Көтерме сауданың негiзгi тәртiптерiнiң" "Жалпы Ережелерi" тарауының
1.2. тармағындағы "Көтерме-бөлшек сауда дүкенi - тауарларды шағын топтармен, сондай-ақ тауарларды бөлшек саудамен саудалауды жүргiзетiн сауда кәсiпорны" деген бесiншi абзац алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары М.Қ. Татаевқа жүктелсiн.