Об обязательных правилах безопасности граждан на водоемах Западно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысының су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін сақтау міндетті ережелері туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004 № 9-4 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы" Заңының 40 және 41 баптарының негізінде облыстық депутаттар мәслихаты ШЕШІМ етті:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысының су қоймаларында азаматтардың қаупсіздігін сақтау міндетті ережелері мен облыс су қоймаларындағы қауіпсіздік міндетті ережелерін бұзғаны үшін азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту айыппұл мөлшері бекітілсін. (қосымша).
Тармақ 2
2. Облыс, қала, аудан әкімдеріне бекітілген ережелерге сәйкес су қоймалары мен су объектілерін қолданудың уақытын регламенттейтін бұрын қолданылып жүрген ереже, шешімдер және басқа да нормативті актілерді осы шешімге сәйкес келтірілсін.
Уәкілдіке ететін қызметтердің көрсетуі бойынша облыс су қоймаларындағы азаматтардың қауіпсіздігінің міндетті Ереже баптарын бұзған айыпкерлерді жауапқа тартатын әкімшіліктердегі әкімшілік комиссияларының жұмысы жандандырылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына (Федотов К.А.) ”Облыс су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігінің міндеттті ережелерінің хаттама-қаулы формасын дайындап, оны атқарушыларға жолдау тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының "1999 жылға республикалық бюджет туралы'' Заңының 5 бабына сәйкес облыс су қоймаларындағы міндетті қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін түскен айыппұл қаражаты жергілікті бюджетке жолдансын.
Басқа 5. Батыс Қазақстан облысының су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін сақтау міндетті ережелері
Батыс Қазақстан облысының су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін сақтау міндетті ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелері
1. Жалпы ережелері
Тармақ 1.1
1.1. Осы тәртіп Батыс Казақстан облысының су қоймалары көпшілік демалысы, туризм және спорт мақсатында пайдалану ретін белгілейді.
Тармақ 1.2
1.2. Тәртіп меншіктің барлық түріндегі су қоймаларын пайдаланушы және иелік етушілердің суда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды.
Тармақ 1.3
1.3. Жергілікті атқарушы органдар азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында суға шомылуға қайықпен серуендеуге және көпшілік демалысының өзге түрлерін ұйымдастыруға тыйым салынатын орындарды айқыдайды, сондай-ақ өздерінің аумақтық шекарасының шегінде орналасқан су қоймаларын жалпы пайдаланудың өзге де шарттарын белгілейді.
Тармақ 1.4
1.4. Құтқару күзеттерінсіз, даярлықтан өткен құтқарушы кадрларсыз және облыстык суда құтқару қызметі, облыстық санитарлық-эпидемиялық қызмет органдарының тиісті рұқсатынсыз су қоймалары жағасында жағажай, еңбек және демалыс лагерьлерін, базалатын, су стансаларын және көпшілік демалатын өзге нысандар ашуға тиым салынады.
Тармақ 1.5
1.5. Меншіктің барлық түріндегі ұйымдар өздеріне бекітілген су қоймаларында адам өмірін қорғауды қамтамасыз ету, құтқару күзеттерін жабдықтап, күтімде ұстау ісіне жауап береді.
Тармақ 1.6
1.6. Суда экскурсия, спорт жарыстарын және мейрам өткізген кезде кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары суда азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты адамдар бөлуге және құтқару күзеттерін қоюға міндетті.
Тармақ 1.7
1.7. Ведомостволық және қоғамдық құтқару күзеттерінің жұмысына бақылау жасау осы күзеттер бағынатын ұйымдардың әкімшілігіне, сондай-ақ облыстык суда құтқару қызметіне жүктеледі.
Тармақ 1.8
1.8. Жағажайларда, су маңындағы көпшілік демалатын орындарда, жалға қайық беретін стансаларда және шағын кемелердің тұрақ базаларында, өткелдер мен ай лақтарда аталған құралдар мен жүзу жабдықтарын пайдаланған кезде қауіпсіздік сақтаудың тәртібі ілінуі тиіс.
Тармақ 1.9
1.9. Меншіктің барлық түріндегі ұйымдардың басшылары халық демалатын орындарда топырақ алу, мұз ою, су қоймаларының түбін тереңдету жұмыстарын жүргізген кезде учаскелерді қоршап қоюға, ал жұмыс аяқталғаннан кейін су табанын тегістеуге міндетті.
Тармақ 1.10
1.10. Суға түсу маусымының ұзақтығы, су спорты және құтқару стансаларының, жағажайлардың жүзу әуіттерінің жұмыс сағаты жергілікті атқару органымен және осы нысандар бағынатын ұйымдар басшыларымен келісе отырып белгіленеді.
Тармақ 1.11
1.11. Су қоймалары бетінде дербес құтқару жабдығынсыз балық аулауға, аңшылық құруға тиым салынады.
Тарау 2. 2. Жағажайларды, жүзу әуіттерін және су жағасында көпшілік демалатын орындарды пайдаланған кездегі қауіпсіздік шаралары
2. Жағажайларды, жүзу әуіттерін және су жағасында көпшілік демалатын орындарды пайдаланған кездегі қауіпсіздік шаралары
Тармақ 2.1
2.1. Жағажайларға және су жағасында көпшіліктің демалуы үшін бөлінген орындарға қойылатын талаптар:
- суға шомылатын орынның және оған тақау төңіректің жағалау аумағы «Елді мекендер аумағын күтіп ұстаудың санитарлық ережесіне» сәйкес келуі керек;
- су қоймасының түбі тығыз, жағадан бастап бірте-бірте еңіс тарта беретін болуы, 1,75 м. тереңдікке дейін және жағадан бастап есептегенде ең кемі 15 м. белдеуде құламасыз, жарқабақсыз болып келуі, шырмауықты су өсімдіктерінен, ағаш түбіртегі, таскесек, шыны, шыны құты және өзге заттардан таза болуы тиіс ітеңіз бен өзеннің суға шомылатын айдын беті бір ересек адамға 5 шаршыметр, балаға - 4, ал тұйық суда 10 - 15 шаршыметрге дейін келуі керекі;
- жағажайлар мен көпшілік демалатын орындар жергілікті атқару органдары белгілеген қашықтықта, бірак ақаба сулар құйылатын тұстан кемі 500 м жоғары және порт ғимараттарынан, пирстерден, кеме токтайтын жерлерден, паром өткелдерінен және мұнай өнімдері сақталатын орындардан кемі 1000 м төмен орналасуы керек. Жағажайға құлайтын жер жайпақ болуы тиіс;
- су нысанының шомылуға бөлінген төмен температуралы жерасты су көздері, су үйірімдері мен шұқырлар болмауы керек, бұл тұстардағы ағынның жылдамдығы секундына 0,5 м-ден аспауы тиіс, ағын жылдамдығы жоғары жерлерге оны бәсеңсісетін қосымша құралдар қондырылуы керек.
- су қоймасындағы судың сапасы мәдени-тұрмыстық су пайдалану пункттерінің су нысандарындағы судың құрамы мен айырым қасиетіне қойылатын гигиеналық талаптарға сай болуы керек.
Тармақ 2.2
2.2. Суға шомылатын орынның 1,2-1,3 м тереңдігінде су өлшейтін шыбық шаншылады.
Суға шомылатын орынның жүзу шекаралары бір-бірінен 25-30 м қашықтықта және тереңдігі 1,3 м болатын тұстан әрі 25 метрге дейінгі жерде орналасатын сарғылтым түсті белгілермен белгіленеді. Жүзу шекарасы кеме жолына енбеуі тиіс.
Тармақ 2.3
2.3. Әр жағажайдағы суға шомылатын орында жүзе алмайтындар шомылуға тиіс, балаларды жүзуге үйрету үшін тереңдігі 1,2 м аспайтын бет учаскелері жасалады. Аталған учаскелер темір арқанға бекітілген желісімен бөлінеді немесе арнаулы қашамен қоршалады.
Тармақ 2.4
2.4. Суға түсу тыйым салынған, соның ішінде бактериялық немесе химиялық залалдануға ұшыраған жерлерге "Суға түсуге тиым салынады" деп жазылған белгілер орнатылады.
Тармақ 2.5
2.5. Жағажайлар мен су маңындағы демалыс орындарына радио жүргізілуі және оларда мүмкіндікке қарай телефон, радио байланысы болуы керек.
Тармақ 2.6
2.6. Су маңындағы көпшілік демалатын орындарда спиртті ішімдіктер сатуға тиым салынады.
Тармақ 2.7
2.7. Жағада, ұйымдасқан шомылу орындарында, әр 50 м сайын судан 5 м аспайтын жерлерде құтқарғыш шеңберлер мен өзге құтқару құралдары ілінген қалқандар қойылады. Шеңберлерде ”Суға кеткенге лақтыр!" деген жазу (шеңбердің бір бетінде) және жағажайдың аты (шеңбердің екінші бетінде) жазылуы керек.
Тармақ 2.8
2.8. Жағажайларда және су маңындағы көпшілік демалатын орындарда міндетті түрде алғашкы жедел дәрігерлік жәрдем көрсету үшін кезекші қызметкерлері бар үй-жай жабдықталады. Алғашкы дәрігерлік жәрдем пункті суда апатка ұшырап, жарақат алғандарға жәрдем көрсетуге кажет құралдармен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Тармақ 2.9
2.9. Көпшілік суға түсетін орындарда, жағажайларда, демалыс базалары мен жүзу әуіттерінде судағы кайғылы окиғалардың алдын алуға бағытталған материалдары бар стенділер көрнекі жерлерге жабдыкталып қойылады.
Тармақ 2.10
2.10. Әр жағажайда ол жұмыс істеп тұрған уақытша тәртіп қадағалайтын жағажай әкімшілігінің өкілі болуы керек, 12 жаска дейінгі балалар жағажайға тек ересектермен бірге және олардың кадағалауымен жіберіледі.
Қалқыма дабыл (буй), стенд және белгілерді уақытылы орнату жауапкершілігі су қоймаларының иелеріне жүктеліп, солардың қаржысына орнатылады.
Тармақ 2.11
2.11. Суға түсетін орындарда және ағыстан 500 м жоғары тұстарда кір жууға, аң-құс шомылдыруға тиым салынады.
Тармақ 2.12
2.12. Суға түсушілерге:
- белгінің және коршаудың сыртына жүзіп шығуға;
- моторлы, желкенді және өздігінен жүрмейтін кемелерге, ескекті қайықтарға жақындап жүзуге;
- қайықтан, катерден, су велосипедінен, тұрақ және арнайы жабдықталмаған жерлерден суға секіруге;
- мас күйде суға түсіп, шомылуға;
- тақтаймен, бөренемен, жатпамен, автомашина доңғалағының рәзеңкісімен, доппен және т.б. жүзуге;
- суда сүңгіп, шомылушыларды тартып әкететін ойын ойнауға;
- жағажайға ит және басқа жануарларды әкелуге;
- су қоймаларын ластауға, қоқытуға;
- жағада кағаз, банкі, шыны және өңғе қоқыстарды қалдыруға қатаң тиым салынады.
Тармақ 2.13
2.13. Жүзу сабақтары арнайы бөлінген орындарда ғана өткізілуі тиіс. Суда адам қауіпсіздігін ұйымдастыруға сабақ не жаттығу өткізуші оқытушы (нұсқаушы, бапкер, тәрбиеші) жауап береді.
Тармақ 2.14
2.14. Топтап жүзуге үйретуде бір уақытта үйренушілердің саны 10 адамнан аспауы керек. Үйренушілер тобына, оқытушыдан басқа, кезекші құтқарушы мен медицина қызметкері үнемі бақылау жасауы тиіс.
Тармақ 2.15
2.15. Судағы спорт түрлерімен шұғылданушылардың баршасы құтқарудың әдістеріне және зардап шегушілерге дәрігерге дейінгі алғашкы жәрдем көрсетуге үйретілген болуы жөн.
Тармақ 2.16
2.16. Биіктігі 3 м және одан да жоғары суға секіретін мұнаралар алаңшасына шығу нұсқаушы (бапкер) рұқсатымен және олардың көзінше жүргізіледі.
Тармақ 2.17
2.17. Жыл сайын суға түсу маусымы алдында, сонан соң айына кемі бір рет шомылуға арналған су айдынының табанын сүңгуірлер тексеріп шығып, болса көлденеп заттардан тазартылуы керек. Су табанын тексеру және тазарту жұмыстарын ұйымдастыру жағажай иегері не су қоймасы бекітілген кәсіпорындар мен ұйымдардың міндетіне кіреді.
Су айдынын тексеру жрне тазарту жұмысын сүңгуіршілер облыстық суда құтқару қызметімен жасасқан келісім-шартқа сәйкес жүргізеді.
Жұмыс аяқталғаннан кейін тапсырыс берушіге жағажай төлқұжаты табыс етіледі.
Тиісті дәрежеде рәсімделген құжаттары жоқ жағажай тексерілмеген адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті деп есептеледі, ал оларды пайдалануға жол берілмейді.
Тарау 3. 3. Суда балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары.
3. Суда балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары.
Тармақ 3.1
3.1. Суда балалар қауіпсіздігін сақтауды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді және оған мынадай алдын алу-түсінік шаралар кешенін өткізу арқылы қол жеткізілді:
- суға түсетін жерлерді дұрыс таңдау;
- балаларды жүзуге үйрететін су айдыны учаскелері мен жағажайларды жабдықтау;
- ведомстволық күзет орындары мен медициналық пункттер ашу;
- балаларды жүзуге үйрететін сабақтар ұйымдастыру, суда өзін- өзі ұстау және су нысандарын пайдалану барысында сактық шараларын сақтау тәртібі туралы жүйелі түсінік жұмысын жүргізу.
Тармақ 3.2
3.2. Мектеп лагері, балалар мекемесі жағажайларында суға түсетін жерлерде 9 жасқа дейінгі балаларды суға түсіріп, жүзуге үйрету үшін тереңдігі 0,7 м аспайтын, сондай-ақ 9-11 жастағы және жүзе білмейтін ересек балаларға арнап 1,2 м-ден терең емес су учаскелер жасалуы керек.
9 жасқа дейінгі балалардың шомылуына арналған учаскелер су бетіне шығып тұратын биіктігі кемі 80 см келетін қоршаумен қоршалады, ал ересек балалар үшін темір арканға бекітілген қалткы желімен тартылып тасталады.
Тереңдігі 2 м дейін баратын жерлерде жасы 12-ден асқан, жақсы жүзе білетін балаларға рұқсат етіледі. Бұл тереңдіктер бір-бірінен 20-30 см қашықтықта орналасқан белгілермен қоршалады.
Тармақ 3.3
3.3. Мектеп дәрігерінің, балалар мекемесінің жағажайы белгіленген санитарлық талаптарға жауап беріп, абаттандырылып, жаға жағынан шарбақ қашамен қоршалып, көлеңкелі қалқалармен қоршалуы керек.
Тармақ 3.4
3.4. Балалар жағажайын ашуға оны жергілікті әкімшілік Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитеті Суда құтқару орталығының суда құтқару комитеті қызметі өкілдерінің қатысуымен құратын арнаулы комиссияның тексеруінен соң ғана рұқсат беріледі. Тексеру жөнінде арнаулы акт жасалады.
Тармақ 3.5
3.5. Суға шомылу кезіндегі ,балалар қауіпсіздігінің жауапкершілігі жүзу жөніндегі нұсқаушыға жүктеледі.
Тармақ 3.6
3.6. Балаларға шомылуға 10 адамнан аспайтын топпен бірге, жүзе алатын ересектердің қадағалауымен 10 минөтке рұқсат беріледі.
Тармақ 3.7
3.7. Жүзе білмейтін балалар суға жүзе білетін балалардан бөлек түсуі керек. Мұндай балалардың шомылуын балалар лагерінің не мекемесінің жетекшісі ұйымдастырып, бақылау жасайды.
Тармақ 3.8
3.8. Шомылу медицина қызметкерлерінің және жүзе білетін, суда апатқа ұшырағандарға жәрдем көрсете алатын адамдардың бақылауымен ұйымдастырылады. Шомылушыға әдістемелік басшылықты жүзу нұсқаушысы жасайды.
Тармақ 3.9
3.9. Сабақ жүргізу ыңғайлы болуы үшін жағалаудың суға еніп жатқан тұсынан қоршалып алаң жасалады.
Тармақ 3.10
3.10. Балалар суға түсіп жатқанда бүкіл жағажай аумағында бөгде адамдардың жүруіне, шомылуына және қайықпен, катермен серуендеуге, ойын, спорт шараларын өткізуге тиым салынады.
Тармақ 3.11
3.11. Жорық, серуен және экскурсия кездерінде балалардың шомылуы үшін түбі жайпақ, діңгек, түбіртек, қырлы тас, балдыр мен тұнбадан таза тайыз тұстар таңдап алынады. Сондай жерлерді сүңги білетін, құтқару және алғашқы жәрдем көрсету әдістеріне ие ересектер тауып, тексеруден өткізеді.
Шомылу аймағының шекарасы белгі, сайгак, сырықпен және өзге де бейімденген нәрселермен белгіленіп қойылады.
Шомылу ересектердің бақылауымен барша бақтық шараларын сақтай отырып жүргізіледі.
Тармақ 3.12
3.12. Қайықпен, катермен серуендеу ересектердің басшылығымен өтеді. Катер және моторлы қайықтарды жүргізуге жүзбелі құралдарды дербес басқаруға берілген арнайы құқы бар адамдар ғана жіберіледі.
Тармақ 3.13
3.13. - катерге, қайыққа белгіленген нормадан артық жүк алуға;
- ересектердің еріп жүруінсіз 16 жасқа дейінгі балаларды серуендетуге;
- 7 жасқа толмаған балаларды серуендетуге;
- қайықтан суға секіруге, онда тұрып шомылуға;
- катер, қайық жүріп келе жатқанда оның жиегіне отыруға, орын ауыстыруға, өзге катер, қайыққа ауысып отыруға болмайды.
Катерлер мен қайықтар ақаусыз болуы керек, құтқару кұралдарының толык жабдығы, өңге жабдықтар мен мүкәммалдар болуы тиіс.
Тармақ 3.14
3.14. Караңғы түсісімен жағажай әкімшілігі жағалауды сүзіп шығу үшін патруль (кезекші, жауапты адам) бөлуге міндетті.
Тарау 4. 4. Су өткелдерін пайдалануда қолданылатын қауіпсіздік шаралары.
4. Су өткелдерін пайдалануда қолданылатын қауіпсіздік шаралары.
Тармақ 4.1
4.1. Су өткелдерін жасауға рұқсатты жергілікті әкімшілік береді, ол өткелдің жұмыс ретін, сондай-ақ уақыты мен сағатын белгілейді.
Тармақ 4.2
4.2. Өткел адам, паром және тасымал катері құтқару құралдарымен жабдықталуы керек. Күннің караңғы мезгілдерінде оларда белгі оттар жағылуы тиіс.
Тармақ 4.3
4.3. Өткелдің әр аялында суға батқандарға алғашқы жәрдем көрсете алатын кезекші және құтқару мүкәммалы құтқарушы шеңбер, құтқарушы жіп ұшы, сырық бар құтқарушы шлюпка (кайық) тұруы тиіс.
Тармақ 4.5
4.5. Аялға жолаушылар мен машиналарды кіргізіп, шығарып тұруды өткел әкімшілігі жүргізеді.
Тармақ 4.6
4.6. Өткел аялдарында (өзеннің екі бетінде) көрнекі жерлерге бекеттің кімге тиесілігі, жауапты адамы, өткелдің жұмыс уақыты мен реті туралы ақпарат жазылған нұсқамалар ілінеді.
Тармақ 4.7
4.7. - Паромдарға, моторлы және ескекті қайықтарға жақындап жүзуге;
- аялдан, паром, катер, қайық, шлюпкадан суға қарғуға;
- паром, катер, шлюпка, қайықтарға артық жүк тиеуге;
- мас күйде жүзбелі құралдарды жүргізуге;
- паром мен қайықта жүріп-тұру тәртібін бұзуға;
- паром мен тасымал құралдары жүріп келе жатқанда жолаушыларды ауыстырып-қағыстыруға;
- құтқару құралдары жоқ жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.
Тарау 5. 5. Мұз өткелдерін пайдалануда қолданылатын қауіпсіздік шаралары
5. Мұз өткелдерін пайдалануда қолданылатын қауіпсіздік шаралары
Тармақ 5.1
5.1. Қыс басында, қыс аяғында мұз өткелдерін ашу және жабу уақытын, сондай-ақ оның тәуліктік жұмыс кестесін жергілікті әкімшілік өз өкілдері, өткелге жауапты ұйымның, ауа райы қызметінің, ішкі істер органдарының, суда құтқару қызметтерінің және өзге де ынталы ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен тағайындайтын арнайы комиссия белгілейді.
Тармақ 5.2
5.2. Өзен, су қоймалары үстімен адам және жүк тасымалдаумен айналысатын ұйымдар мұз ұстасқаннан кейін мұз үстінде жаяу соқпақ, авто және арба көлігі өтетін жол салады, кажетті құтқару жабдығы мен мүкәммалы бар ведомстволык құтқару күзеттерін құрады.
Тармақ 5.3
5.3. Өткел үшін бөлінген орындар мына шарттарға сай болуы керек:
- өткелдің кірме жолдары мен еңістер абаттандырылуы тиіс;
- өткелдің екі бетінде, оның ұзына бойынан есептегенде 20 м жерде мұзарт шоғырландырылып қалуына және су деңгейінің кенет орта түсіп не көбейіп кетуіне жол берілмейді;
- өткел бойының мұзы басынан аяғына дейін шаңылтыр қатты әрі қалыңдығы біркелкі болуы тиіс;
- өткел ауданында (одан оң және сол жаққа 100 м дейінгі жерде) жер асты жылы суы және қайнар су көзі (бастау, бұлақ), сондай-ақ ойық, жылым кездеспеуі керек;
- авто және арба көлігі өтетін даңғылдағы қозғалыс тек бір жақты болады, қарсы қозғалыс үшін алдыңғы жолға қаз-қатар, одан 40-50 м. аралықта дербес жол салынады.
Тармақ 5.4
5.4. Өткендерде кәсіптік мақсатта балық аулау үшін ау салуға, балық аулайтын ойық оюға, тексерілмеген және күзетілмейтін тұстардан өтуге қатаң тиым салынады.
Тармақ 5.5
5.5. Көлік қозғалысының тәртібін, жүк және жолаушы тасымалы нормасын ауа райы қызметінің мұз ұстау хақындағы болжамдарын, мұз көтеретін салмақтың жоғары шегінің кестелерін ескере отырып өткел әкімшілігі белгілейді.
Тармақ 5.6
5.6. Өткелдің жабдықталуы және күтімі:
- өткелге лайықталған тұстың шекарасы бір-бірінен 25-30 м қашықтықта орналасқан сайғактармен белгіленеді. Сайғактарға қызыл жалау, жәлем не шөп будасы ілінеді;
- өткелде қауіпсіздік сақтау мақсатында кұрамында мұз үстіндегі апат жағдайында көмек көрсетуге қабылетті теңізші құтқарушылар бар ведомстволық құтқару күзеті қойылады.
- өткелде тәулік бойы кезекшілер болуы керек;
- өткел аузына өткелден өту құқы бар көлік түрлері, рұксат етілетін ең жоғары салмақ, қозғалыс интервалдары мен жылдамдығы, мұзда өзін-өзі ұстау тәртібі, сондай-ақ басып озуға, көліктің аялдауына тыйым салатын белгілер туралы ақпарат жазылған арнаулы қалқан қойылады;
- өткелдің кірме жолының бойы және өткелдердің өзі жақсы жарақтандырылуы керек;
- қозғалыс үшін қауіпті орындарда, әсіресе елді мекендер маңында ойық, жылым, т.б. тұсында ең көрнекті жерлерге "Мұз үстімен өтуге рұқсат" және "Мұз үстімен өтуге тиым салынады" деп жазылған ескертпе белгілер қойылады;
- су коймасының өткелге түсер ауызының екі бетіне құтқару шеңберлері, арқан, құтқару сатылары мен тақтайлары ілінген қалқандар қойылады. Оның әркайсысына "Суға батқан адамға жеткіз" деп жазылады. Қалқанның жанында мұз ойылып кеткен жағдайда жәрдем көрсету үшін ұзындығы 5-6 м, диаметрі 10-12 см бөрене жатуы керек;
- күн сайын таңертең және кешкілік, ал жылымык күндері күндізгі уақытта мұздың қалыңдығы өлшеніп, оның бүкіл жол бойындағы, әсіресе ағыны қатты, терең тұстардағы құрылымы анықталады;
- мұз еріп, салмақтың ойылып кетпеуі үшін мұз жолының көлік өтетін тұсы жүйелі түрде қардан тазартылып, ал кірме жолға дүркін- дүркін құм, қиыршық тас төселіп отырады.
Тармақ 5.7
5.7. Көктем кезінде немесе күн өте жылып кеткенде ауыр жүктерді су жолы арқылы түнгі, тәңертеңгі аязда тасымалдау керек. Өткел арқылы өтетін жүк көлемін екі есе азайту ұсынылады.
Өткел арқылы өткізу мұз бетінде қызыл су жүре бастағаннан кейін 4-5 күннен соң токтатылады. Мұз беріктігін күшейтуде сабан, шөп, қурай сияқты заттарды пайдалануға болмайды.
Мұз өткелі уақытша немесе біржола жабылған жағдайда көрнекі жерге мұз үстіне шығуға тиым салатын белгілер орнатылады.
Тарау 6. 6. Сырғанак және ойын алаңдарын жасау
6. Сырғанак және ойын алаңдарын жасау
Тармақ 6.1
6.1. Мұз үстінде сырғанақ және ойын алаңдарын жасаған кезде тереңдігі 100-120 см-ден аспайтын тұстар таңдап алынады. Сырғанак (ойын алаңы) ауданындағы мұздың қалыңдығы 25 см-ден кем болмауы керек.
Тармақ 6.2
6.2. Сырғанак аумағы сайғакпен қоршалады. Сырғанақ маңына құтқару Құралдары (арқан, тақтай, саты, т.б.) ілінген қалқан орнатылады.
Тармақ 6.3
6.3. Сырғанақта тұрақты кезекшілік ұйымдастырылады.
Тармақ 6.4
6.4. Сырғанақ және ойын алаңдарын:
- өнеркәсіп кәсіпорындарының ақаба суы құылатын тұс маңында;
- ағысы қатты жерлерде;
- суға қатып қалған заттары бар, қамыс, құрақ, т.б. өскен учаскелерде;
- мұз астынан балық аулайтын, мұзы ойылатын учаскелерде;
- жылым, бұлақ, бастау маңында;
- көпір астында, бұрылыстарда және қылта жерлерде жасауға тиым салынады.
Тарау 7. 7. Мұзда қауіпсіздік сақтаудың жалпы ережелері.
7. Мұзда қауіпсіздік сақтаудың жалпы ережелері.
Тармақ 7.1
7.1. Қатқан суларды арнаулы мұз өткелдері (жаяуларға және авто, арба көлікке арналған) жасалған тұстарда ғана қиып өтуге рұқсат етіледі.
Мұндай өткел жоқ жерден өткенде алдымен ол жердегі мұздың беріктігіне көз жеткізіп алу керек. Мұздың беріктігін ағаш келдекті сүйменмен ұрып байқау ұсынылады, қатты ұстасқан мұз 2-3 соққыдан соң ғана ойыла бастайды.
Мұз беріктігін аяқпен ұрып байқауға қатаң тиым салынады!!!
Тармақ 7.2
7.2. Әлсіз мұз үстімен жүруге, мұзы шытынаған тұстарға жақындауға, жағадан жұқа мұз үстіне шаңғымен, шанамен, конькимен сырғанап түсуге болмайды. Мұз жүріп жатқан кезде мұз сынықтарында сырғанауға немесе олар арқылы арғы бетке өтуге, сондай-ақ мұз бетіне ой-шұқыры беймәлім тұстардан, әсіресе жарғабақтан түсуге болмайды.
Тармақ 7.3
7.3. Өзенді (су қоймасын) мұз үстімен тиым салынған және қауіпті тұстардан кесіп өтуге рұқсат етілмейді, ескертпе қалқандарды мұқият қарап отыру керек.
Қызыл су жүре мұз үстіне шығуға қатаң тиым салынады.
Тарау 8. 8. Жүзбе құралдарын жалға беретін стансаларын (пункттерін) құру, күту және пайдалану.
8. Жүзбе құралдарын жалға беретін стансаларын (пункттерін) құру, күту және пайдалану.
Тармақ 8.1
8.1. Жүзбе құралдарын жалға беретін стансаларды (пункттерді) құруға және пайдалануға беруге Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарымен алдын ала келісе отырып, жергілікті әкімшілік рұқсат етеді.
Тармақ 8.2
8.2. Қайық тұрағы құтқару шеңберлерімен (тұрақ, желісінің әр 10 м-не бір шеңберден), өзге құтқару құралдарымен және өрт сөндіру мүкәммалымен жабдықталуы керек.
Тармақ 8.3
8.3. Жалға беретін пункт тұрған судың айдың беті жалдык жүзбе құралдарды шығаруға болмайтын қалқыма белгілермен белгіленеді.
Тармақ 8.4
8.4. Әрбір жалға беру стансасының жанынан құтқаруға арналған керек-жарағы, жасақшы-құтқарушылары бар, сондай-ақ радиохабар қондырғысы орнатылған кезекші қайыққа ие құтқару күзеті құрылады.
Тармақ 8.5
8.5. Жалға берілетін жүзу құралы міндетті түрде ақаусыз болып, ескек ілмегі, құрал байлап қоятын жіп, су қотаратын ожау және құтқару керек-жарағы комплектілерімен жабдықталуы керек.
Тармақ 8.6
8.6. Жалға беру стансасының кассалары мен демалушылар жайғасатын орындықтар жағада орналасады. Қайыққа мінгізіп-түсіретін орын оларды күтіп тұратын жерлерден бөлек болады. Мінңізіп-түсіру жалға беру стансанының кезекші құтқарушысының бақылауымен жүргізіледі.
Тарау 9. 9. Топырақ алу жұмыстары кезінде адамдардың қауіпсіздігін сақтау шаралары
9. Топырақ алу жұмыстары кезінде адамдардың қауіпсіздігін сақтау шаралары
Тармақ 9.1
9.1. Өзен, көл және өзге су нысандары жағалауына тақау тұста әсіресе көпшілік суға түсетін орындарда топырақ алу жұмыстары жергілікті әкімшілікпен, өзен флотының, Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті Суда құтқару орталығының тиісті бөлімшелерімен және өзге де ынталы ұйымдармен келісе отырып жүргізілуі тиіс.
Тармақ 9.2
9.2. Су толған қазаншұңқырлар маңындағы адам қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жұмыс аяқталғанша топырақ алуды жүргізуші ұйымның басшысына жүктеледі.
Тармақ 9.3
9.3. Су толған қазаншұңқырлардан топырак алу аяқталғаннан кейін жағалаудан 1,7 м тереңдікке дейінгі су табанын тегістеу жүргізіледі.
Көпшілік демалатын орындардағы шағын қазаншұңқырлар топырақ алуды жүргізген кәсіпорын, ұйым тарапынан бітелуі (тегістелуі) керек.
Тарау 10. 10. Судаға қауіпсіздік белгілерінің сыйпаты
10. Судаға қауіпсіздік белгілерінің сыйпаты
Тармақ 10.1
10.1. Судағы қауіпсіздік белгілері су нысандары жағалауына су жиегінде және суда жүрген азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орнатылады.
Тармақ 10.2
10.2. Белгілер әр беті кемі 50x50 см болып келетін тікбұрыш пішінді болып келеді және ағаш тақтайдан, калың фанерден, металл тілсемнен немесе басқа да берік нәрседен жасалады.
Белгілер көрнекі жерлерге қойылады және жерге қадалған бағаналарға (ағаш, металл, темірбетон, т.б.) бекітіледі. Бағаналардың жер бетінен биіктігі кемі 2,5 м болуы керек.
Тармақ 10.3
10.3. Белгілерге жазу қара немесе ақ бояулармен түсіріледі.
Тармақ 10.4
10.4. Судағы қауіпсіздік белгілерінің сыйпаттамасы:
№
Белгідегі жазу
Белгінің жалпы түрі
1.
Суға түсетін орын
(м-мен өлшегендегіше қарасы көрсетіледі)
Жасыл коршауға алынады. Жазу үстінде орналасады. Төменде жүзіп келе жатқан адам бейнесі белгі ақ бағанға бекітіледі
2.
Балалар суға түсетін орын (м-мен өлшегендегі шекарасы)
Жасыл қоршауға алынады. Жазу үстінде орналасады. Төменде су ішінде тұрған 2 баланың бейнесі. Белгі ақ бағанға бекітіледі.
3.
Жануарлар суға түсетін (метрмен өлшегендегі шекарасы көрсетіледі)
Жасыл қоршауға алынады. Жазу үстінде.
Төменде жүзіп келе жатқан ит бейнесі.
Белгі ақ бағанға бекітіледі
4.
Суға түсуге болмайды
(метрмен өлшегендегі шекарасы көрсетіледі)
Қызыл қоршауға алынады. Жазу үстінде.
Төменде жүзіп келе жатқан адам бейнесі.
Бейне жоғардағы сол бұрыштан бастап қызыл белдеумен айқара сызылады. Белгі қызыл бағанға бекітіледі.
5.
Сүңгуге болмайды.
Қызыл қоршауға алынады. Жазу үстінде.
Төменде сүңгіп бара жатқан адам бейнесі.
Бейне жоғардағы сол бұрыштан бастап қызыл белдеумен айқара сызылады.
6.
Жүзбе құралдардың жүруіне болмайды.
Белгі қызыл бағанға бекітіледі. Қызыл қоршауға алынады. Жазу үстінде, төменде ілме моторлы шағын кеме бейнесі.
Бейне жоғардағы сол бұрыштан бастап қызыл белдеумен айқара сызылады. Жүзіп келе жатқан адам бейнесі. Жағажайдың айдын бетін белгілейтін белгілерімен қатар қойылады.
7.
Мұз үстінде жүруге болмайды.
Тұтастай жасылмен боялады. Жазу ортасында, ақ түсті. Белгі ақ бағанға орнатылады.
8.
Мұз үстінде жүруге болмайды.
Тұтастай қызыл түске боялады. Жазу орнатылады ақ түсті, ортасына. Белгі ақ бағанға орнатылады.
Тарау 11. 11. Қазақстан Республикасының ішкі сулары мен теңіз жағалауына тақау учаскелерде адам өмірін қорғау тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік
11. Қазақстан Республикасының ішкі сулары мен теңіз жағалауына тақау учаскелерде адам өмірін қорғау тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 11.1
11.1. Осы Тәртіпті бұзғаны үшін тәртіпке шақыру, материалдык және әкімшілік жауапқа тарту белгіленеді.
Тармақ 11.2
11.2. Осы Тәртіп талаптарының орындалуына бақылау жасау жергілікті әкімшілік органдары мен облыстық суда құтқару қызметіне жүктеледі.
Тармақ 11.3
11.3. Суда адам өмірін қорғау Тәртібінің орындалуына бақылау жасау өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін облыстык Суда құтқару қызметінің қызметкерлеріне:
- меншіктің барлық түріндегі ұйымдарға суда қауіпсіздік талаптарын және нормалық-құқықтық, нормалық-техникалық актілерді сақтау шараларын бұзу фактілері бойынша орындалуы міндетті ұйғарымдар жіберу;
- көпшілік пайдаланатын су нысандарына, судағы көлік құралдары мен өткелдерге келісім-шарт негізінде техникалық куәландырулар жүргізу, оларды пайдалануға тиым салу, азаматтар, меншіктің барлық түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындарға олар қауіпсіздік ережелерін бұзған жағдайда белгіленген тәртіппен әкімшілік шара қолдану;
- суда төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шараларды талдап жасап, өткізу бойынша меншіктің барлық түріне жататын ұйым, кәсіпорындардың ведомстволык құтқару стансалары мен күзеттері қызметіне бақылау жасау;
- штормдық ауа райы қарсаңында және суға түсуге арналған аудан шекарасынан шығып кеткенде немесе спортшылар жаттығуға катер не моторлы қайықтың еріп жүруінсіз шығып кеткенде барлық шағын кемелерді аймақ-тұрағына қайтару құқы беріледі.
Тармақ 11.4
11.4. Құтқару қызметі өкілдерінің суда қауіпсіздік сақтау шаралары туралы нұсқаулары: жағажай, демалыс базалары, жүзу әуіттері, басқа да су нысандары әкімшіліктері үшін, соларды пайдаланушы барлық азаматтар үшін, шағын кемелерді жүргізушілер үшін, сондай-ақ меншіктің қай түріне жататындығына қарамастан ұйымдардың басшыларына міндетті болып табылады.
Басқа 96. Азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға арналған. Азаматтардың облыстық су қоймаларында қауіпсіздік сақтау міндетті ережелерінің баптары.
Азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға арналған. Азаматтардың облыстық су қоймаларында қауіпсіздік сақтау міндетті ережелерінің баптары.
1.4. Бап - Құтқару күзеттерінсіз, даярлықтан өткен құтқарушы кадрларсыз және Облыстық суда құтқару қызметі, облыстык санитарлық -эпидемиологиялық қызмет органдарының тиісті рұқсатынсыз су қоймалары жағасында жағажай, еңбек және демалыс лагерьлерін, базаларын, су стансаларын және көпшілік демалатын өзге нысандар ашуға тиым салынады.
Жағажайлар, еңбек және демалыс лагерьлерін, базаларын, су стансаларын және көпшілік демалатын өзге нысандарды қойылған талаптарды орындамай ашқан лауазым иелеріне 5-тен 10-ға дейін, ал заңды тұлғаларға 50-ден 100-ге дейін ең төменгі жалақы мөлшерінде айыппұл салынады.
1.8. Бап - Жағажайларда, су манындағы көпшілік демалатын орындарда, жалға қайық беретін стансаларда және шағын кемелердің тұрақ базаларында, өткелдер мен айлақтарда аталған құралдар мен жүзу жабдықтарын пайдаланған кезде қауіпсіздік ережелерін бұзған лауазым иелеріне 5-ке дейін, ал заңды тұлғаларға 10-нан 20-ға дейін ең төменгі жалақы мөлшерінен айыппұл салынады.
- жағажайларда, су манындағы көпшілік демалатын орындарда, жалға қайық беретін стансаларда және шағын кемелердің тұрак базаларында, өткелдер мен айлақтарда аталған құралдар мен жүзу жабдықтарын пайдаланған кезде қауіпсіздік сақтаудың тәртібі ілінуі тиіс.
1.11. - Су қоймалары бетінде дербес құтқару жабдығынсыз балық аулауға, аңшылық құруға тиым салынады;
- су қоймалары беттерінде дербес құтқару жабдығынсыз балык аулап, аңшылық құрған азаматтарға 5-ке дейін ең төменгі жалақы мөлшерінде айыппұл салынады.
2.4. Бап - Суға түсу тиым салынған, соның ішінде бактериялық немесе химиялық залалдануға ұшыраған жерлерге "Суға түсуге тиым салынады" деп жазылған белгілер орнатылады.
- суға түсу тиым салынған, соның ішінде бактериялык немесе химиялық залалдануға ұшыраған жерлерге "Суға түсуге тиым салынады" деп жазылған белгілер орнатпағаны үшін азаматтарға 5-ке дейін, ал лауазым иелері мен заңды тұлғаларға 10-нан 20-ға дейін ең төменгі жалақы мөлшерінен айыппұл салынады.
2.6. Бап - Су маңындағы көпшілік демалатын орындарда спиртті ішімдіктер сатуға тиым салынады.
- су маңындағы көпшілік демалатын орындарда спиртті ішімдіктер сатқаны үшін азаматтарға 5-ке дейін, ал лауазым иелері мен заңды тұлғаларға 10-нан 20-ға дейін ең төменгі жалақы мөлшерінен айыппұл салынады, спиртті ішімдіктер тәркіленеді.
2.12. Бап - Суға түсушілерге:
- белгінің және қоршаудың сыртына жүзіп шығып кетуге;
- моторлы, желкенді және өздігінен жүрмейтін кемелерге, ескекті қайықтарға жақындап жүзуге;
- мас күйда суға секіруге, суға түсіп шомылуға;
- тақтаймен, бөренемен, жатпамен, автомашина доңғалағының рәзе кесімен, доппен, т.б. жүзуге;
- суда сүңгіп, шомылушыларды тартып әкететін ойын ойнауға;
- жағажайға ит және басқа да жануарларды әкелуге;
- су қоймаларын ластауға, қоқытуға;
- жағада кағаз, банкі, шыны және өзге қоқыстарды қалдыруға катаң тиым салынады - осы қойылған талаптарды орындамаған азаматтарға 5-ке дейін ең төменгі жалақы мөлшерінен айыппұл салынады.
2.17. Бап - Жыл сайын суға түсу маусымы алдында, сонан соң айына кемі бір рет шомылуға арналған су айдынының табанын сүңгуіршілер тексеріп шығып, болса көлденен заттардан тазартылу керек. Су табанын тексеру және тазарту жұмыстарын ұйымдастыру жағажай иегері немесе су қоймасы бекітілген кәсіпорындар мен ұйымдардың міндетіне кіреді. Су айдынының тексеру және тазарту жұмысын сүңгуіршілер облыстық суда құтқару қызметімен жасасқан келісім-шарттарға сәйкес жүргізеді. Жұмыс аяқталғаннан кейін тапсырыс берушіге жағажай төлқұжаты табыс етіледі. Тиісті дәрежеде рәсімделген құжаттары жоқ жағажай тексерілмеген, адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті деп есептеледі, ал оларды пайдалануға жол берілмейді.
- осы қойылған талаптарды орындамаған лауазым иелеріне 5-тен 10-ға дейін, ал заңды тұлғаларға 50-ден 100-ге дейін ең төменгі жалақы мөлшерінен айыппұл салынады.
3.4. Бап - Балалар жағажайын ашуға оны жергілікті әкімшілік облыстық суда құтқару қызметінің өкілдерінің қатысуымен құратын арнаулы комиссиясының тексеруінен соң ғана рұқсат беріледі. Тексеру жөнінде арнаулы акт жасалады.
- балалар жағажайын арнаулы актсіз ашқаны үшін лауазым иелеріне 5-тен 10-ға дейін, ал заңды тұлғаларға 50-ден 100-ге дейін ең төменгі жалақы мөлшерінен айыппұл салынады.
3.12. Бап - Қайықпен, катермен серуендеу ересектердің басшылығымен өтеді. Катер және моторлы қайықтарды жүргізуге жүзбелі құралдарды дербес басқаруға берілген арнайы құқы бар адамдар ғана жіберіледі.
- осы қойылған талаптарды бұзған азаматтарға 5-ке дейін, ең төменгі жалақы мөлшерінен айыппұл салынады.
3.13. Катерге, қайыққа белгіленген нормадан артық жүк алуға:
- ересектердің еріп жүруінсіз 16 жасқа дейінгі балаларды серуендетуге;
- катер, қайық жүріп келе жатқанда оның жиегіне отыруға, орын ауыстыруға, өзге катер, қайыққа ауысып отыруға болмайды.
Катерлер мен қайықтар ақаусыз болуы керек, құтқару құралдарының толық жабдығы, өзге жабдықтар мен мүкәммалдар болуы тиіс.
- осы қойылған талаптарды бұзған азамарға 5-ке дейін, ал заңды тұлғаларға 5-тен 10-ға дейін ең төменгі жалақы мөлшерінен айыппұл салынады.
4.2. Бап - Өткел аялы, паром және тасымал катері құтқару құралдарымен жабдықталуы керек. Күннің қараңғы мезгілдерінде оларда белгі оттар жағылуы тиіс.
- Өткел аялы, паром, тасымал катерлерінің жабдықталуы мен белгі оттар жағылу тәртіптерін бұзған лауазым иелеріне 5-тен 10-ға дейін, ал заңды тұлғаларға 10-нан 20-ға дейін ең төменгі жалақы мөлшерінен айыппұл салынады.
4.3. Бап - Өткелдің әр аялында суға батқандарға алғашқы жәрдем көрсете алатын кезекші және құтқарудың мүкәммалы (құтқарушы шеңбер, құтқарушы жіп ұшы, сырық) бар құтқарушы шлюпка (қайық) тұруы тиіс.
- осы қойылған талаптарды орындамаған лауазым иелеріне 5-тен 10-ға дейін, ал заңды тұлғаларға 10-нан 20-ға дейін ең төменгі жалақы мөлшерінен айыппұл салынады.
4.7. Бап - Паромдарға, моторлы және ескекті қайықтарға жақындап жүзуге;
- аялдан, паром, катер, қайық шлюпкадан суға қарғуға;
- паром, катер, шлюпка, қайықтарға артық жүк тиеуге;
- мас күйде жүзбелі құралдарды жүргізуге;
- паром мен тасымал катері жүріп келе жатқанда жолаушыларды ауыстыруға-қағыстыруға;
- катер мен қайықта жүріп-тұру тәртібін бұзуға;
- құтқару құралдары жоқ жолаушыларды тасымалдауға тиым салынады.
- осы қойылған талаптарды орындамаған азаматтарға 5-ке дейін, ал заңды тұлғаларға 10-нан 20-ға дейін ең төменгі жалақы мөлшерінен айыппұл салынады.
5.2. Бап - Өзен, су қоймалары үстімен адам және жүк тасымалдаумен айналысатын ұйымдар мен ұстасқаннан кейін мұз үстінде жаяу соқпақ, авто және арба көлігі өтетін жол салады, қажетті құтқару жабдығы мен мүкәммалы бар ведомстволык құтқару күзеттерін құрады.
- осы койылған талаптарды орындамаған лауазым иелеріне 10-нан 20-ға дейін, ал заңды тұлғаларға 50-ден 100-ге дейін ең төменгі жалақы мөлшерінен айыппұл салынады.
5.4. Бап - Өткелдерде кәсіптік мақсатта балық аулау үшін ау салуға, балық аулайтын ойықоюға, тексерілмеген және күзетілмейтін тұстардан өтуге катаң тиым салынады.
- Өткелдерде тәртіп сақтамаған азаматтарға және лауазым иелеріне 5-ке дейін ең төменгі жалақы мөлшерінен айыппұл салынады.
5.6. Бап - Өткелдің жабдықталуы және күтімі:
- өткелге лайықталған тұстың шекарасы бір-бірінен 25-30 м қашықтықта орналасқан сайғақтармен белгіленеді. Сайғақтарға қызыл жалау, жәлем немесе шөп шудасы ілінеді;
- өткелде қауіпсіздік сақтау мақсатында құрамында мұз үстіндегі апат жағдайында көмек көрсетуге қабылетті теңізші-құтқарушылар бар ведомстволық құтқару күзеті қойылады;
- өткелде тәулік бойы кезекшілер болуы керек;
- өткел аузына өткелден өту құқы бар көлік түрлері, рұқсат етілетін ең жоғары салмақ, қозғалыс интервалдары мен жылдамдығы, мұзда өзін-өзі ұстау тәртібі, сондай-ақ басып озуға, көліктің аялдауына тиым салатын белгілер туралы ақпарат жазылған арнаулы қалқан қойылады;
- өткелдің кірме жолының бойы және өткелдердің өзі жақсы жабдық- жарақтандырылуы керек;
- қозғалыс үшін қауіпті орындарда, әсіресе елді мекендер маңында ойық, жылым, т.б. тұсында ең көрнекті жерлерге "Мұз үстінен өтуте рүқсат" және "Мұз үстінен өтуге тиым салынады" деп жазылған ескертпе белгілер қойылады;
- су қоймасының өткелге түсер ауызының екі бетіне құтқару шеңберлері арқан, құтқару сатылары мен тақтайлары ілінген қалқандар койылады. Оның әрқайсысын "Суға батқан адамға жеткіз" деп жазылады. Калқанның жанында мұз ойылып кеткен жағдайда жәрдем көрсету үшін ұзындығы 5-6 м., диаметрі 10-12 см бөрене жатуы керек.
- күн сайын таңертең және кешкілік, ал жылымық күндері күндізгі уақытта мұздың қалыңдығы өлшеніп, оның бүкіл жол бойындағы, әсіресе ағыны қатты, терең тұстардағы құрылымы анықталады;
- мұз еріп, салмақтан ойылып кетпеуі үшін мұз жолының көлік өтетін тұсы жүйелі түрде қардан тазартылып, ал кірме жолға дүркін-дүркін құм, қиыршық тас төселіп отырады.
- өткелдердің жабдықталуы және күтімі тәртіптерін орындамаған лауазым иелеріне 10-нан 20-ға дейін, ал заңды тұлғаларға 50-ден 100-ге дейін ең төменгі жалақы мөлшерінен айыппұл салынады.
8.1. Бап - Жүзбе құралдарын жалға беретін стансаларды (пункттерді) құрған және пайдалануға берген лауазым иелеріне 10-нан 20-ға дейін, ал заңды тұлғаларға 50-ден 100-ге дейін ең төменгі жалақы мөлшерінен айыппұл салынады.
8.2. Бап - Қайық тұрағы құтқару шеңберлерімен (тұрақ желісінің әр 10 м-не бір шеңберден) өзге құтқару құралдарымен және өрт сөндіру мүкәммалымен жабдықталуы керек.
- қайық тұрағына қойылатын талаптарды бұзған лауазым иелеріне 10-нан 20-ға дейін, ал заңды тұлғаларға 50-ден 100-ге дейін ең төменгі жалақы мөлшерінен айыппұл салынады.
8.3. Бап - Жалға беретін пункт тұрған будың айдын беті шегінен жалдық жүзбе құралдарды шығаруға болмайтын қалқыма белгілермен белгіленеді.
- жалға беретін пункттің су айдыны бетін қалқыма белгілермен белгілемеген лауазым иелеріне 10-нан 20-ға дейін, ал заңды тұлғаларға 50-ден 100-ге дейін ең төменгі жалақы мөлшерінен айыппұл салынады.
8.4. Бап - Әрбір жалға беру стансасының жанынан құтқаруға арналған керек-жарағы, жасақшы-құтқарушылары бар, сондай-ак радиохабар қондырғысы орнатылған кезекші қайыққа ие құтқару күзеті құрылады.
- осы қойылған талаптарды орындамаған лауазым иелеріне 10-нан 20-ға дейін, ал заңды тұлғаларға 50-ден 100-ге дейін ең төменгі жалақы мөлшерінен айыппұл салынады.
8.5. Бап - Жалға берілетін жүзу құралы міндетті түрде ақаусыз болып, ескек ілмегі, құрал байлап коятын жіп, су қотаратын ожау және құтқару керек-жарағы комплектілерімен жабдықталуы керек.
- жалға берілетін жүзу құралдарының ақауы бар, қойылған талаптарды орындамаған лауазым иелеріне 10-нан 20-ға дейін, ал заңды тұлғаларға 50-ден 100-ге дейін еңтөменгі жалақы мөлшерінен айыппұл салынады.