О проведении месячника по социальной поддержке пожилых людей и инвалидов Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша айлық өткізу туралы Ақмола облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 22 маусымдағы № 1929 болып тіркелген Ақмола облыстық мәслихатының 2003 жылғы 27 маусымдағы № С-28-4 шешімімен бекітілген Ақмола облысында кедейлікті азайту бойынша 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру үшін және жұртшылықтың, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың қарттардың, мүгедектердің проблемаларын шешудегі жұмыстарда белсенділігін арттыру мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ағымдағы жылдың 1-31 қазаны аралығында Ақмола облысының аумағында қарт адамдарды және мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша жыл сайынғы өткізілетін дәстүрлі айлығы жариялансын.
Тармақ 2
2. Ұйымдастыру комитетінің құрамы және қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығын өткізу бойынша шаралары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша дәстүрлі айлықты өткізу барысы туралы ақпарат Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне 2005 жылдың 5-ші қарашасына дейін тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 22 тамыздағы № а-9/219 «Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша айлық өткізу туралы» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовқа жүктелсін.
Басқа 6
Қосымша 1 Ақмола облысы әкімдігінің 2005 ж. 21 қыркүйектегі № А-9/303 қаулысына Ақмола облысында қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығын өткізу бойынша іс-шаралар № Іс-шаралардың атауы Жеткізу нысаны Орындау мерзімі Орындауға жауапты 1. Ұйымдастырушылық, аналитикалық және ақпараттық қызметтер 1 Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша ұйымдастыру комитетінің құрамын бекіту және іс-шараларды әзірлеу әкімге есеп беру 25.09.2005 жылға дейін Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері 2 Облыс әкімдігінің «Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығын өткізу туралы» қаулысын қалалық және облыстық баспасөз беттерінде жариялау әкімге есеп беру 29.09.2005 жыл Ақмола облысының ішкі саясат департаменті 3. Алушылар туралы аналитикалық деректерді ұсыну (нысан бойынша): - жасына байланысты зейнетақы - мүгедектігіне байланысты жәрдемақы әкімге есеп беру 29.09.2005 жылға дейін «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы (келісім бойынша) Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті 4. Аудандық,қалалық және облыстық баспасөздерде, сонымен қатар телерадиохабарлар компаниясында қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығының өту барысын жариялап отыратын айдар ашу әкімге есеп беру Айлық ішінде Ақмола облысының ішкі саясат департаменті Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті 5. Зейнеткерлік туралы заңнамаларды түсіндіру және зейнеткерлер мен мүгедектердің сауалдары бойынша кеңес беру мақсатында БАҚ-да басқарма және ведомстволар басшыларының сөз сөйлеуін ұйымдастыру (бекітілген кесте бойынша) әкімге есеп беру 2005 жылғы 1-31 қазан аралығында Ақмола облысы ішкі саясат департаменті Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті 6. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің директорымен және РМКК Ақмола облыстық «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» филиалының директорымен «Тікелей эфирде» кездесу өткізу әкімге есеп беру 11.10.2005 ж. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті РМКК Ақмола облыстық «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» филиалы (келісім бойынша), Ақмола облыстық телерадио компаниясы (келісім бойынша) 2. Қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік іс-шаралар 7. Облыс әкімінің соғыс және еңбек ардагерлерін қабылдауы (жеке жоспар бойынша) 3.10.2005 жыл Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті, «Қазақстан Республикасының адагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы (келісім бойынша) 8. Облыс әкімінің халықтың әлеуметтік осал жігін қолдау Бағдарламалары қоғамдық ұйымдардың төрағаларымен кездесуі Айлық ағымында Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті, Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті, Ақмола облысының ішкі саясат департаменті 9. Облыс әкімінің білім берудің арнайы мекемелеріне және жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне баруы Айлық ағымында Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті, Ақмола облысының білім департаменті 10. Аз қамсыздандырылған зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша «Мейірбандықта шек болмайды» атты қайырымдылық акциясы. Өткізілетін акцияның шеңберін де ұсынылады: материалдық көмектер көрсету, қайырымдылық астарын беру, отынмен, жеміспен, қосалқы шаруашылық үшін жем-шөппен қамтамасыз ету, емдік дәрілермен көмектесу, газеттерге жазу, кинотеатрларда тегін кинолар көрсету, қалаішілік жолаушылар тасымалдайтын көлікте тегін жүруді жүзеге асыру және басқалар әкімге есеп беру Айлық ағымында Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері, Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті 11. Меншік түріне қарамастан облыс мекемелерінде және ұйымдарында соғыс және еңбек ардагерлерін, зейнеткерлер мен мүгедектерді құрметтеу жұмыстарын жүргізу әкімге есеп беру 2005 жылдың 1-31 қазаны аралығында Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері 12. Ақмола облысының соғыс және еңбек ардагерлерінің Астана қаласына саяхаты әкімге есеп беру 2005 жылғы 1-31 қазан аралығында Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері, «Қазақстан Республикасының адагелерұйымы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы (келісім бойынша) 13. «Жақыныңа көмектескенің - өзіңе көмектескенің» телемарафон (қоғамдық бірлестіктердің бастамасы бойынша) әкімге есеп беру 3.10.2005 ж. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті, Ақмола облысының телерадиохабарлар компаниясы 14. Мүгедек балаларға көмек көрсету үшін «Балаларға қуаныш сыйла» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу әкімге есеп беру 13-14.10. 2005 жыл Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері, Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті, Білім департаменті, «Ақмола Бөбек» балалар қоры (келісім бойынша) 15. Жалғызбасты соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік көмек жасау мақсатында облыстағы жалпы білім беретін мектептердің оқушыларынан тимуршылар командаларын ұйымдастыру әкімге есеп беру 2005 жылдың 30-шы қыркүйегіне дейін Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті, Ақмола облысының білім департаменті 16. «Истоки» мәдениет үйіндегі қарттар күніне арналған «Адамдар және тағдырлар» атты мерекелік кеш әкімге есеп беру 7.10.2005 жыл Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті, Ақмола облысының мәдениет басқармасы 17. Облыстық халық шығармашылығы орталығындағы, «Көкшетау», «Достар», «Көкше» мәдениет үйлеріндегі «Сіздерге ардагерлер - біздің жүрек жылуымыз» атты мерекелік концерттік бағдарлама әкімге есеп беру 7.10.2005 жыл 14.10.2005 жыл Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті, Ақмола облысының мәдениет басқармасы 18. «Мүгедектерді оңалту-әлеуметтік қорғау және олардың қоғамдағы жан-жақты ықпалдасу мәселесін шешу» тақырыбы бойынша конференция әкімге есеп беру 19-20.10. 2005 жыл Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті 19. Соғыс және еңбек ардагерлері және мүгедектер арасында спорттық және шахмат - шашка сайыстарын өткізу әкімге есеп беру 21.10.2005 жыл Ақмола облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы, Ақмола облысының қоғамдық бірлестіктер филиалы «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы (келісім бойынша) 20. Облыс әкімінің, аудандардың және қалалардың әкімдерінің қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлеріне баруы (жеке жоспар бойынша) әкімге есеп беру 01.10.2005 жыл 08.10.2005 жыл Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері, Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті 21. Зейнеткерлермен және мүгедектермен кездесулер «Ашық есік күндерін» өткізу (жеке жоспар бойынша) әкімге есеп беру Айлық ағымында Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері 3. Айлықтың орындалу барысын бақылау бойынша шаралар 22. Әр апта сайын ұйымдастыру комитетінде «Қарт адамдарды әлеуметтік қолдау айлығының орындалу барысы туралы» мәселені қарау әкімге есеп беру 3, 10, 17, 24, 31, 10. 2005 жыл Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері 23. Облыстық ұйымдастыру комитетінің мәжілісінде облыс әкімдігінің «Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығын өткізу туралы» қаулысын орындау бойынша аудан әкімдерінің, Көкшетау, Степногорск әкімдерінің орынбасарларын тыңдау әкімге есеп беру 13.10.2005 жыл 27.10.2005 жыл Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығын өткізу бойынша облыстық ұйымдастыру комитеті 24. Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша өткізілген айлықтың қорытындысы туралы ақпаратты ұсыну әкімге есеп беру 5.11.2005 жыл Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті
Басқа 7
Қосымша 2 Ақмола облысы әкімдігінің 2005 ж. 21 қыркүйектегі № А-9/303 қаулысына Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығын өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің қоғамы Р/н Аты-жөні, тегі Лауазымы 1. Бекмағамбетов Ғалым Мәдешұлы - Ақмола облысы әкімінің орынбасары, ұйымдастыру комитетінің төрағасы 2. Мадияров Әбділрахман Советұлы - Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің директоры, ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ұйымдастыру комитетінің мүшелері: 3. Әбутәліпов Чапай Мүталапұлы - «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының төрағасы 4. Асансейітов Ришат Мұхамбетұлы - «Тыныс» АҚ бас директорының орынбасары (келісім бойынша) 5. Аленов Әнуарбек Құсайынұлы - «Васильковский КБК» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы (келісім бойынша) 6. Байдәулетова Күләш Ақанқызы - Ақмола облысының ішкі саясат департаментінің бастығы 7. Байәділов Байқал Қайырлыұлы - Ақмола облыстық телерадиохабарлар компаниясының директоры (келісім бойынша) 8. Дмитриенко Елена Александровна - Ақмола облысының білім департаментінің директоры 9. Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы «Арқа ажары» облыстық газетінің бас редакторы (келісім бойынша) 10. Жақыпова Светлана Қабыкенқызы - «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМКК Ақмола облыстық филиалының директоры 11. Замолоцких Наталья Васильевна - «Ақмола Бөбек» облыстық қорының директоры (келісім бойынша) 12. Кәкішев Сапарбек Сақтағанұлы - Ақмола облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасының бастығы 13. Құлышев Қабдуәли Қабыкенұлы Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары 14. Косянюк Валентина Викторовна - «Акмолинская правда» облыстық газетінің бас редакторы 15. Қаршалова Күләш Шотпайқызы - Ақмола облыстық Қызыл жарты ай қоғамы комитетінің төрайымы 16. Смағұлов Серік Зайкешұлы - Ақмола облысы әкімінің бас инспекторы 17. Сейітжанова Нүрикамал Сейітжанқызы - Ақмола облысының мәдениет басқармасының бастығы 18. Сәдуақасов Нұрбек Қабыкенұлы - Ақмола облысының денсаулық сақтау департаментінің директоры