О дополнительных мерах по улучшению материально-бытовых и социальных условий участников, инвалидов Великой Отечественной войны Қолданыста
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары
мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық
және әлеуметтік жағдайларын жақсарту,
жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен
мүгедектерге және соларға теңестірпіген адамдарға берілетін жеңілдіктер және оларды әлеуметтік қорғау туралы Заңының 20 бабына сәйкес Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін қосымша әлеуметтік қолдау мақсатында облыс Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының барлық қатысушылары
мен мүгедектеріне (бұдан/әрі-қатысушылар мен мүгедектер) 2005 жыл бойына тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер төмендегі есеп бойынша берілсін: электр куаты - 45 квт, жылуға – тұрғын алаңның 18 шар.метр, айына бір рет 1 газ балонның құны, ал, орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ үйлерде 1 тонна көмірдің құны 3500 тенге.
Тармақ 2
2. Аудандар және калалар әкімдеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеу құрметіне қатысушылар мен мүгедектерге тұрғын үй-
коммуналык/ қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктердің төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Алматы облысы Әкімдігінің 2005 жылғы 24 ақпандағы «Ұлы Отан соғысынын қатысушылары мен мүгедектерінің материалдык-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы» № 43 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейінгі күннен бастап 10
күнтізбелік күн өткен соң колданыска енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.