Об утверждении Правил содержания собак и кошек в населенных пунктах Сарыкольского района Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сарыкөл ауданының елді мекендерінде ит пен мысық ұстау Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ: Сарыкөл ауданының елді мекендерінде ит пен мысық ұстау Ережесі бекітілсін (қоса беріледі).
Басқа 1
Мәслихаттың 2005 жылғы 24 тамыздағы № 144 шешімімен бекітілген
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережелер Сарыкөл ауданы аумағында ауыл шаруашылық үй жануарлары ұстауды белгілеу мақсатында әзірленіп, жеке және заңды тұлғалардын осы Ережені бұзған үшін жауапкершілігін белгілейді.
Тармақ 2
2. Ереже меншік түріне қарамастан ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын барлық - жеке және заңды тұлғаларға тарайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылыктар туралы» кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңына, Қазакстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңына, Қазақстан Республикасының «Халықтын санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы» Заңына сәйкес әзірленген.
Тармақ 4
4. Кез келген жануар иесінін меншігі болып табылады және кез - келген меншіж заңмен қорғалады.
Тарау 2. 2. Итттер мен мысықтарды ұстау
2. Итттер мен мысықтарды ұстау
Тармақ 5
5. Ит, мысық иелері оларды ұстауды санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық-санитарлық қағидаларын сақтауға тиіс.
Тармақ 6
6. Ауласында иттер ұстайтын адамдар олардың кашып кетуіне жол бермеуге және олардың көршілерінің ауласынан алшақ ұстауға міндетті. Аулаға кіре берісте қақпада ит бар екендігі туралы ескертпе жазу болуы керек. Ит пен мысықтарды ұстауда олардың саны шектелмейді. Бірақ ол көршілер наразығың тұдырмау қажет.
Тармақ 7
7. Көшелерде және басқа қоғамдық орындарда иесіз өз бетімен жүрген иттер ауланады. Сол сияқты қадағалаусыз жүрген үй жануарлары да ауланады.
Тармақ 8
8. Иесі дукендер мен аурухана мандарында уақытша байлаулы жануарлардан басқа қоғамдық орындарда жүрген иесі жоқ иттер, мысықтар басқа да жануарлар қараусыз деп есептеледі.
Тарау 3. 3. Ит пен мысық иелерінің міндеттері
3. Ит пен мысық иелерінің міндеттері
Тармақ 9
9. Ит пен мысық иелерінің міндеттері:
Тармақша 1
1) ит пен мысықтарды биологиялық ерекшілектеріне сәйкес ұстау, оларға мейрімділікпен қарау, қараусыз қалдырмау, ауыра қалған жағдайда уақытында ветеринарлық комекке жүгіну;
Тармақша 2
2) ит пен мысықтарды осы Ереже талаптарына сай қалыпта ұстауды қамтамасыз ету:
Тармақша 3
3) қоршаған орта қауіпсіздігін және тыныштық пен санитарлық ережелерді сақтауды қамтамасыз ету шараларын қабылдау;
Тармақша 4
4) қоғамдық пайдалану орындарын ластауды болдырмау;
Тармақша 5
5) ит пен мысықтар өлекселерін кез-келген жерге тастамау керек. Ит пен мысықтар өлекселері жойылуы тиіс.
Тармақ 10
10. Ит пен мысықтардың иелері паразитті жәндіктер мен кемірушілердің пайда болуын болдырмау шараларын қабылдауға, қараусызқалдырмауға міндетті.
Тармақ 11
11. Ит пен мысықтардын иелері белгіленген мерзімдерде міндетті ветеринарлық және жануарлардың жұкпалы ауруларын жою іс-шараларын өткізуге, жануарларды оқшаулау режимін сақтауға міндетті.
Тарау 4. 4. Ит пен мысықтар иелерінің Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілігі
4. Ит пен мысықтар иелерінің Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілігі
Тармақ 12
12. Осы Қагиданы бұзған кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының қол даныстағы заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.