Об утверждении Правил содержания собак и кошек на территории Мендыкаринского района Қолданыста
Басқа 0
Меңдіқара ауданының аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының және 3-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311-бабына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Меңдіқара ауданының аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Соқытбаевқа жүктелсін.
Басқа 3. Меңдіқара ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидалары
Меңдіқара аудандық мәслихатының
2005 жылғы 18 шілдедегі
№ 164 шешімімен
бекітілген
Меңдіқара ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалары
1. Жалпы қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар меншік нысанына қарамастан иттер мен мысықтарды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Ветеринария туралы», «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Кез-келген жануар иесінің меншігі болып табылады және кез-келген меншік ретінде заңмен қорғалады.
Тарау 2. 2. Иттер мен мысықтар иелерінің міндеттері
2. Иттер мен мысықтар иелерінің міндеттері
Тармақ 4
4. Иттер мен мысықтардың иелері міндетті:
Тармақша 1
1) иттер мен мысықтарды олардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстауға, жануарлармен адамгершілікпен қарауға, қараусыз, тамақсыз және сусыз қалдырмауға және ауырған кезде ветеринарлық көмекке сүйенуге;
Тармақша 2
2) санитарлық-гигиеналық нормаларды және иттер мен мысықтарды ұстау Қағидаларын қатаң сақтауға, олармен жалпы пайдаланымдағы орындарын ластауға жол бермеуге;
Тармақша 3
3) ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптары бойынша қарау, диагностикалық тексерулер мен емдеу-алдын ала егу үшін уақытылы иттер мен мысықтарды жеткізуге;
Тармақша 4
4) жануарлардан қоршаудағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шараларды қабылдауға тиіс: аула иттерін байлаулы және арнайы бөлінген орындарда ұстау, ескерту кестелерінің болуы, иттерді жарғыбаумен, мұрындықпен қыдырту;
Тармақша 5
5) иттер мен мысықтарды адамды немесе жануарды қауып алса иелері бұл туралы тез арада жақын маңайдағы медициналык және ветеринарлық мекемелерге хабар беруге міндетті, ол ветеринарлық мамандардың бақылауына алынып, карантин жасау және тексеру үшін ветеринарлық ем қолдануға жеткізуге;
Тармақша 6
6) аумақтарды, объектілерді күзетші иттермен күзету кезінде, олардың иелері ескерту кестелерін іліп қоюға міндетті.
Тармақ 5
5. Иттер мен мысықтарды иелері паразитті жәндіктердің және кемірушілердің пайда болуын алдын алу, жануарларды қараусыз қалдырмау, олардың қаңғыруын жібермеу.
Тармақ 6
6. Иттер мен мысыктарды иелері белгіленген мерзімдерде міндетті ветеринарлық іс-шараларын өткізуге, жануарлардың карантин тәртібін сақтауға, жұқпалы ауруларды жою жөніндегі іс-шаралар өткізуге міндетті.
Тарау 3. 3. Иттер мен мысықтарды ұстау
3. Иттер мен мысықтарды ұстау
Тармақ 7
7. Иттер, мысыктардың иелері оларды ұстауда санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық-санитарлық қағидаларын сақтауға тиіс.
Тармақ 8
8. Иттерді тек қана қысқа жарғы баумен және мұрындықпен көшеге, аулаға, өзге қоғамдық орындарға шығаруға.
Тармақ 9
9. Иелерінсіз дүкендердің, емдеу орындарының, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының маңында байлап қалдырғаннан басқа, қоғамдық орындарда шығарып салатын тұлғаларсыз жүрген иттер мен мысықтарды, қадағалаусыз қалған деп саналады және арнайы қызметкерлермен аулауға жатады.
Тармақ 10
10. Жануарлар өлген жағдайда өліктерді тек мал қорымының аумағына ғана жерлеу рұқсат етіледі. Өлген иттер мен мысықтарды өлекселері жойылуға тиіс.
Тарау 4. 4. Осы Қағидаларды сақтамағаны үшін иттер мен мысықтардың иелеріне жауапкершілік
4. Осы Қағидаларды сақтамағаны үшін иттер мен мысықтардың иелеріне жауапкершілік
Тармақ 11
11. Осы Қағидаларды сақтамағаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.