Сәтбаев қаласының аумағында ауыл шаруашылығы және үй жануарларын ұстау қағидасын бекіту туралы
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қантардағы № 155 Кодексінің 310, 311 баптарына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10 бабына және Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 Заңының 6-бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Сәтбаев қаласының аумағында ауыл шаруашылығы және үй жануарларын ұстау қағидасын бекіту туралы от 02.09.2005 г. № 221 (Сәтбаев қаласының аумағында ауыл шаруашылығы және үй жануарларын ұстау қағидасын бекіту туралы)
1. Қоса беріліп отырған Сәтбаев қаласының аумағында ауыл шаруашылығы және үй жануарларын ұстау қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлнуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғай мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Сәтбаев қалалық мәслихатының
2005 жылғы 2 қыркүйектегі
XX сессиясының №221
шешімімен бекітілген
Сәтбаев қаласының аумағында ауыл шаруашылығы және үй жануарларын ұстау
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида Сәтбаев қаласының аумағында ауыл шаруашылығы малдарын және үй жануарларын ұстайдың (бұдан әрі -Қағида) шарттарын және осы қағиданы бұзған жеке және заңды тұлғалардың жауапкершіліктерін белгілеу мақсатында әзірленген.
2. Қағида Сәтбаев қаласы аумағындағы ауыл шаруашылық малдарының, ит, мысық жжәне басқа да үй жануарларының иелеріне, сонымен қатар ведомстволық бағыныстылығы мен меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға таралады.
3. Қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодекстеріне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» жіне «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.
4. Осы Қағиданың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Сітбаев қалалық аумақтық басқармасына және Қарағанды облысы мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Сәтбаев қаласы бойынша филиалына жүктеледі.
2. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй жануарлары иелерінің құқығы
5. Кез- келген жануар өзінің иесінің меншігі болып табылады және барлық меншік сияқты заңмен қорғалады.
3. Ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің міндеттері
6. Ауыл шаруашылығы жануарлары иелері:
1) жануарларға мейірімділікпен қарауға, қараусыз қалдырмауға, олардың қаңғыбастығына жол бермеуге, ауырған жағдайда уақытында ветеринариялық көмек көрсетуге;
2) әрбір жануарға ветеринариялық паспорт алуға және оларды бірдейлендіруге;
3) Ауыл шаруашылық малдарын ұстаудың ветеринариялық санитарлық талаптарын сақтауға, қоршаған ортаны ластауға жол бермеуге;
4) Ауыл шаруашылық малын ұстайтын жерлерді, олардың азықтарын жинайтын және қайта өңдейтін орындарды, малдан алынатын өнімдер мен шикізаттарды сақтайтын ғимараттарды санитарлық жағдайда ұстауға, жүйелі түрде дезинфекциялау шараларын жүргізуге;
5) мал алғандығы, олардан алынған төл туралы, сойғаны, сатқаны, жоғалтқаны немесе өлгендігі туралы деректерді қаланың ветеринариялық қызметіне хабарлап отыруға;
6) малды сату үшін сояр алдында оны ветеринариялық тексертуге және сойғаннан кейін оның ұшасы мен ішкі құрылыстарын ветеринариялық -санитарлық сараптаудан өткізуге;
7) өлген малдың өлекселерін ветеринариялық ережелерге сәйкес жоюға;
8) мемлекеттік ветеринариялық мекемелер мамандарының талабы бойынша малды қарау, диагностиқалық тексерістен өткізу және емдеу -алдын алу шараларын жүргізу үшін тиісті орындарға уақытылы жеткізуге міндетті.
4. Үй жануарлары иелерінің құқықтары
7. Азаматтар ит, мысық және басқа да үй жануарларын ұстауға құқылы:
1) бір отбасы тұратын жеке пәтерлерде және туысқандық байланысы жоқ бірнеше отбасы тұратын пәтерлерде тұрғындардың барлығының келісімімен және оларда медициналық жақпаушылық болмаған жағдайда;
2) мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің, сауықтыру және шипажай орындарының зоологиялық «тірі бұрыштарында» санитарлық -эпидемиологиялық және ветеринариялық бақылау инспекцияларының рұқсаты бойынша;
3) оқшауланған қоршалған аумақта (вольер) еркін немесе байлауда серуендетуге.
5. Үй жануарлары иелерінің міндеттері
8. Үй жануарларының иесі жануарларды ветеринариялық- санитарлық ережелерге сәйкес ұстауды, көбейтуді және пайдалануды қамтамасыз етеді. Үй жануарлары ұсталатын аумақтар мен жайларда паразиттік кеміргіштер мен шыбын -шіркейлерді болдырмау мақсатында оларды ұдайы дезинфекциялап, әкпен ағартып шіркейлерді болдырмау мақсатында оларды ұдайы дезинфекциялап, әкпен ағартып отырады.
9. Иттерді, мысықтарды және басқа үй жануарларын тасымалдағанда, серуендеткенде иесі жануардын нәжістерін жинау үшін қажетті қіралдарды алып жүруге мінддетті.
10. Қоғамдық орындар мен қала ішіндегі жолаушылар тасымалдайтын автокөліктерде алып жүргенде, арнайы орындарда серуендеткенде иттерді қарғы баусыз және тұмылдырықсыз шығаруға болмайды, ірі тұқымды иттерді 14 жасқа дейінгі балалардың және мас күйіндегі адамдардың серуендетуіне жол берілмейді.
6. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй жануарларын ұстаудың тәртібі
11. Ауыл шаруашылығы жануарлары биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес арнайы жабдықталып қоршалған жеке меншік үйлердің аумағындағы жайлар мен қосалқы шаруашылықтарда ұсталуға тиіс.
12. Қала ішінде мал шаруашылығының өндіріс нысандарын (кешендер, фермалар, фабрикалар мен шаруашылықтар) және ауыл шаруашылығы жануарларын, үй құстарын ұстауға арналған құрылыс кешендерін салу санитарлық -эпидемиологиялық қадағалау органдарымен санитарлық -қорғау аймақтарын сақтай отырып келісіледі.
13. Ауыл шаруашылығы жануарлары қала сыртында арнайы белгіленген жайылым аймақтарында бағылады, жайылымдарға шығатын белгіленген арнайы айдау жолдарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Сәтбаев қалалық аумақтық басқармасы белгілейді.
14. Ауыл шаруашылығы жануарларын қала, кент көшелерінде, алаңдарда, бақ жолдарында, қала саябақтары мен басқа көпшілік пайдаланатын орындарында серуендетуге, бағуға рұқсат етілмейді.
15. Иттерді аулада және басқа да көпшілік орындарында тұмылдырық кигізіп, қысқа қарғы бау тағып ( 1 метрге дейін), адамдардың қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз етумен және санитарлық ережелерді сақтай отырып серуендетеді.
16. Иттер мен мысықтардды және басқа үй жануарларын қала ішіндегі жолаушылар тасымалдау көліктерінде тасу көлік түрлерінің ережелеріне сәйкес, басқа жолаушылардың қауіпсіздігін сақтай отырып атқарылады.
17. Қараусыз қалған жануарларды меншік иесі табылғанша ұстауды, бағуды жергілікті атқару органдарының шешімдері бойынша қалалық коммуналдық қызмет жүзеге асырады. Оларды ұстау шығына Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жануарлардың иелері есебінен төленеді.
7. Ауыл шаруашылық және үй жануарлары иелерінің жауапкершілігі
18. Осы Қағида талаптарын бұзған жеке және заңды тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
19. Азаматтардың денсаулығы мен мүліктеріне жануарлар келтірген зиян мен шығындар Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес олардың меншік иелері есебінен өндіріледі.