Об утверждении Инструкции о мерах по поддержанию банковским холдингом коэффициентов достаточности собственного капитала банковской группы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Банк холдингінің банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулықты бекіту туралы Банк қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Банк холдингінің банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Басқа 8. Банк холдингінің банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы № 309 қаулысымен бекітілген Банк холдингінің банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулық Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және банк холдингінің банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шараларды белгілейді.
Тармақ 1
1. Банк холдингі осы Нұсқаулықта көзделген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мағыналарын және есептеу әдістемелерін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептерді беру нысандары мен мерзімін белгілеу жөнінде" 2004 жылғы 27 қарашадағы № 325 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3334 тіркелген) (бұдан әрі - 2004 жылғы 27 қарашадағы № 325 қаулы) белгіленген ең төмен нормативтік мәнінен төмен емес деңгейде банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шараларды қолға алады. Осы Нұсқаулықта айқындалған және банк холдингтері орындауға міндетті банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шараларға:
Тармақша 1
1) банк холдингінің банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шараларды қолдану шарттары мен тәртібін міндетті сақтауды көздейтін, соның ішінде осы Нұсқаулыққа сәйкес келетін банк холдингінің ішкі құжаттарының болуы;
Тармақша 2
2) банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін тұрақты қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін жедел қамтамасыз ету кіреді.
Тармақ 2
2. Банк холдингінің банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шараларды қолдану шарттары мен тәртібін міндетті сақтауды белгілейтін банк холдингінің ішкі құжаттарына:
Тармақша 1
1) осы Нұсқаулыққа сәйкес келетін банк холдингінің банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шараларды қолдану шарттары мен тәртібі;
Тармақша 2
2) осы Нұсқаулықпен белгіленген банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралардың толық тізбесі жатады.
Тармақ 3
3. Банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін тұрақты қамтамасыз ету шараларына:
Тармақша 1
1) егер банк тобының қатысушысына қатысты пруденциалдық нормативтер мен сақтауға міндетті лимиттер белгіленген жағдайда, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген банк тобының және оның қатысушыларының пруденциалдық нормативтерді сақтауын және сақтауға міндетті өзге де лимиттерді тексеру мақсатында банк тобының тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есеп беруді және оның қатысушыларының тоқсан сайынғы қаржылық есеп беруін талдау негізінде банк тобы мен банк тобы қатысушыларының қаржылық жай-күйін тоқсан сайын бағалау;
Тармақша 2
2) банк холдингі бар банкте тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылаудың, соның ішінде көрсетілген жүйенің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейде банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бағалау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 434 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2653 тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалаудың болуын жыл сайын бақылау;
Тармақша 3
3) банк холдингі бар банкте осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көзделген банктің және банк тобы қатысушыларының өз капиталын қолдау жөніндегі ішкі құжаттар мен рәсімдердің болуын жыл сайын бақылау жатады.
Тармақ 4
4. Банк тобы банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін тұрақты қамтамасыз ету шараларынан басқа, қосымша жедел қамтамасыз ету шараларын қолданады.
Тармақ 5
5. Жедел қамтамасыз ету шаралары банктің және банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні және есеп айырысу әдістемесі туралы нұсқаулығын бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы № 213 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1902 тіркелген) және 2004 жылғы 27 қарашадағы № 325 қаулысымен белгіленген нормативтік мәнінен төмен азайған кезде банктің және банк тобының өз капиталын ұлғайту мақсатында қолданылады. Жедел қамтамасыз ету шаралары: банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау рәсімдерін; банк тобы активтерінің құрылымын өзгерту рәсімдерін; банк тобының ұйымдық құрылымын өзгерту рәсімдерін; банк тобы қатысушыларының тиісінше өз акционерлерінің (қатысушыларының) арасында жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуді (таза кірісті бөлуді) тоқтата тұру рәсімдерін көздейді.
Тармақ 6
6. Банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау рәсімдеріне:
Тармақша 1
1) реттелген заемды беру немесе банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін 2004 жылғы 27 қарашадағы № 325 қаулымен белгіленген мағынаға сәйкес келтіру үшін банк тобының (банк тобы қатысушысының) акцияларын сатып алу;
Тармақша 2
2) банк тобы қатысушыларының барлық көрсетілген міндеттемелерін жабатын банк тобы қатысушыларының үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелері бойынша қамтамасыз етуді ұсыну;
Тармақша 3
3) банк тобы қатысушыларының банк холдингі алдындағы міндеттемелерін орындау мерзімін ұзарту;
Тармақша 4
4) банк тобы қатысушыларының банк холдингі алдындағы міндеттемелері бойынша төлемдердің мерзімін ұзарту;
Тармақша 5
5) банк тобы қатысушыларының күмәнді активтерді, шартты міндеттемелерді сатып алуы жатады.
Тармақ 7
7. Банк тобы активтерінің құрылымын өзгерту рәсімдері былайша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) банк тобын кредиттік тәуекелге ұшырататын операцияларды шектеу немесе тоқтата тұру;
Тармақша 2
2) өтімділіктен айырылу тәуекелін азайту, проценттік тәуекелді және өтімділіктен айырылу тәуекелін азайту үшін қысқа мерзімді активтер үлесін ұлғайту мақсатында банк тобы активтерінің құрылымын өзгерту;
Тармақша 3
3) банк тобын қосымша тәуекелдерге ұшырататын шығыстармен байланысты жүргізіліп отырған операциялардың тізілімін және көлемін қысқарту.
Тармақ 8
8. Банк тобының ұйымдық құрылымын өзгерту рәсімдері әкімшілік-шаруашылық шығыстарды қысқарту түрінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттері 2004 жылғы 27 қарашадағы № 325 қаулымен белгіленген ең төмен нормативтік мағынадан төмен азайған кезде: банктің дауыс беретін акцияларының елу процентінен кем тікелей немесе жанама иелік ететін немесе дауыс беретін акциялардың көрсетілген үлесімен дауыс беруге мүмкіндігі бар банк холдингі - өз капиталының жеткіліктілік коэффициентінің төмендеу фактісі анықталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде банк акционерлері жалпы жиналысының орындауға міндетті, соның ішінде осы Нұсқаулықпен белгіленген банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін жедел қамтамасыз ету шараларын қамтитын Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) қабылдаудың бастамашысы болады және Іс-шаралар жоспары қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға келісу үшін ұсынады; банктің дауыс беретін акцияларының елу процентінен кем тікелей немесе жанама иелік ететін немесе дауыс беретін акциялардың көрсетілген үлесімен дауыс беруге, шарттың күшіне орай немесе өзге тәсілмен банктің шешімін айқындауға мүмкіндігі жоқ банк холдингі - өз капиталының жеткіліктілік коэффициентінің төмендеу фактісі анықталған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Іс-шаралар жоспарын, соның ішінде осы Нұсқаулықпен белгіленген банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін жедел қамтамасыз ету шараларын қамтитын Іс-шаралар жоспарын келісу үшін ұсынады. Банкте бір банк холдингінен астамы болған жағдайда осы банк холдингтері осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Уәкілетті органмен келісілген Іс-шаралар жоспарында банк холдингінің өз капиталының жеткіліктілік коэффициентін қолдау жөніндегі шараларды орындау мерзімі және олардың орындалуы жөніндегі ақпаратты уәкілетті органға ұсыну мерзімі болуы тиіс. Банк холдингінің Жоспарда айқындалған іс-шараларды орындауы туралы ақпараты растайтын құжаттармен қоса беріледі. Іс-шаралар жоспарының кез келген шарты орындалмаған жағдайда банк холдингі орындамау себептері туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
Тармақ 11
11. Осы Нұсқаулықтың талаптары бұзылған жағдайда банк холдингіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес шектеулі ықпал ету шаралары мен мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.
Тармақ 12
12. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.