О создании государственного учреждения "Налоговый комитет "Оңтүстік" Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан" на территории специальной экономической зоны "Оңтүстік" Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Оңтүстік" салық комитеті" мемлекеттік мекемесін құру туралы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 15-бабына сәйкес, сондай-ақ қызметін "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салық әкімшілігін жүргізуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу кезеңіне "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Оңтүстік" салық комитеті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.
Тармақ 2
2. Комитетті қаржыландыру тиісті жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары қызметкерлерінің штат саны лимиттерінің шегінде Комитеттің штат санын белгілеу;
Тармақша 2
2) Комитет туралы ережені бекіту және оның әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 қазандағы № 1102 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 33, 359-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 219-жолмен толықтырылсын: "219. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Оңтүстік" салық комитеті".
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.