Түпқараған ауданы және аудандағы елді мекендерде жануарларды ұстау ережелері туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түпқараған ауданы және аудандағы елді мекендерде жануарларды ұстау ережелері туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы № 148-ІІ Заңына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 10 шілде 2002 жылғы № 339-ІІ Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Түпқараған ауданы және аудандағы елді мекендердежануарларды ұстау туралы ержелер бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы шешім жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Келісілді: Түпқараған ауданының мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау басқармасының бастығы: Р.Жаңабергенов Түпқараған ауданының бас мемлекеттік малдәрігерлік инспекторы: А.Жұмағазиев
Басқа 3
«Түпқараған ауданы және аудандағы елді мекендерде жануарларды ұстау ережелері туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 17/106 шешіміне қосымша ТҮПҚАРҒАН АУДАНЫ ЖӘНЕ АУДАНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ЖАНУАРЛАРДЫ ҰСТАУ Е Р Е Ж Е Л Е Р І
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы ережелер Түпқараған ауданының Қызылөзен, Таушық, Ақшұқыр селолары мен Баутино, Аташ поселкелеріндегі жануарлардың барлық иелеріне, меншік нысаны мен ведомстволық бағынысына қарамастан, ұйымдар мен кәсіпорындарға таратылады.
Тармақ 2
2. Жануарларды ұстаудың міндетті шарты болып мыналар табылады:
Тармақша 1
1) ветеринария бөлімінде жыл сайын қайтадан тіркеуден өткізу, ерекше қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация жасату және паразитарлық ауруханаларға қарсы жоспарлы алдын алып өңдеу жасату;
Тармақша 2
2) жаңадан алған жануарлар екі апталық мерзімде ветеринария бөлімінде қаралуға және тіркелуге, анықтамасын алуға тиіс;
Тармақша 3
3) санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау;
Тармақ 3
3. Жануарларды қаладан тысқары жерлерге алып кету мен сату, тіркеу куәлігі негізінде, ветеринария бөлімі беретін, вакцинация мен дегельнизация датасы көрсетілген, белгіленген үлгідегі ветеринарлық куәлік рәсімделген кезде ғана рұқсат етіледі;
Тармақ 4
4. Жануарларды теңізге, адамдар демалатын басқа да табиғи жасанды суларға түсіруге тыйым салынады;
Тармақ 5
5. Мамндырылған коммуналдық кәсіпорындар жануарларды ветеринарлық дәрігерлердің қорытындысы бойынша алады және оқшаулайды. Оқшаудағы жануарларды ұстауға байланысьты барлық шығындар «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 10.07.2002 жылғы № 339-ІІ Заңына сәйкес, иелері есебінен өтеледі.
Тарау 2. 2. ЖАНУАРЛАР ИЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ
2. ЖАНУАРЛАР ИЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ
Тармақ 6
6. Кез-келген жануар иелерінің меншігі болып табылады және кез-келген меншік сияқты заңмен күзетіледі.
Тарау 3. 3. ЖАНУАРЛАР ИЕЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
3. ЖАНУАРЛАР ИЕЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
Тармақ 7
7. Жануарлардың иелері мыналарға міндетті:
Тармақша 1
1) олардың биологиялық ерекшелігіне сәйкес асырау, жануарларға адамгершілікпен қарау, оларды қараусыз қалдырмау, ауырған жағдайда уақытында ветеринарлық көмек көрсету;
Тармақша 2
2) оларды асырайтын және қыдыртатын жерлерде тиісті санитарлық жағдайды сақтау;
Тармақша 3
3) ветеринарлық мекемелердің талабы бойынша қарау, диагностикалық зерттеу және емдеп алдын алып өңдеу үшін уақытында апарып тұру;
Тармақша 4
4) адамдар мен жануарлардың айналасында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қажетті шараларды алу;
Тармақша 5
5) жануарларды одан әрі бағу мүмкіндігі жоқ кезде, оны басқа иегерге немесе ветеринарлық мекемеге тапсыру;
Тармақша 6
6) жануарларды алу, жоғалту немесе оның өлімі туралы тұрғын жері бойынша мемлекеттік ветеринарлық қызмет орнына хабарлау;
Тармақша 7
7) жануарлар адамды немесе жануарды қапқан кезде иесі жақын маңдағы медициналық және ветеринарлық мекемелерге хабарлауға тиіс, жануарларды мамандардың қадағалауымен қаралым және карантин жасау үшін ветеринарлық мекемеге жеткізу;
Тармақша 8
8) жануарлардың мүрдесін алып кету және жоқ қылу үшін арнайы қызметтерге хабарлау. Оларды лақтыруға немесе жерге көмуге тыйым салынады.
Тарау 4. 4. ИТ ПЕН МЫСЫҚ АСЫРАУ
4. ИТ ПЕН МЫСЫҚ АСЫРАУ
Тармақ 8
8. Мыналарды рұқсат етіледі:
Тармақша 1
1) жануарларды тұрғын орын жайларда, соның ішінде туыстық байланысы жоқ, өзара келісімдері бар, медициналық қайшы көрсеткіштері жоқ екі немесе одан да көп отбасылары тұратын пәтерлерде ұстауға;
Тармақша 2
2) жануарларды жолаушылардың алаңдауын болдырмайтын жағдайда сақтай отырып,көліктің барлық түрлерінде алып жүруге рұқсат етіледі;
Тармақ 9
9. Мыналарға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) азаматтарға «соның ішінде 14 жасқа дейінгі балаларға) қоғамдық орындарға итпен торы ноқтасыз, қарғыбаусыз қыдыруға және баруға;
Тармақша 2
2) жануарларды ортақ қолданылатын жерлерде: асханада, дәлізде, баспалдақ алаңдарында, үй шатырларында, төлелерде, сондай-ақ балкондарда және лоджияларда бағуға;
Тармақша 3
3) жануарларға подъездерді, баспалдақ алаңдарын, лифтілерді, сондай-ақ спорт, балалар алаңдарын, газондарды, тротуарларды, саяжай аумағын ластауға; Егер жануар осы жерде қиын тастаған болса, оны иелері жедел алуға тиіс.
Тармақ 10
10. Қоғамдық орындардағы иелері дүкендердңғ, емханалардың, дәріханалардың,тұрмыстық-қызмет кәсіпорындарының және басқалардың жанынабайлап кеткендерден басқа, ұасында адамы жоқ иттер мен мысықтар ұараусыз деп саналады және арнайы қызметтердіңаулауына жатады.
Тармақ 11
11. Тұрғын үйлер жанында иттерді қыдыртқан кезде, оларды иелері тыныштықтықамтамасыз ету қажет, иттерді үргізбеуге тиіс. Иттерді осындай мақсатқа арнайы бөлінген алаңдарда қыдырту керек. Жол-көлік оқиғасынан қашық болу үшін итті көшеден және үлкен жолдардан өткенде қарғыбаудан ұстау керек.
Тармақ 5
Тарау 5. 5. ҮЙ, АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖАНУАРЛАРЫН, ҚҰСТАР МЕН АРАЛАРДЫ БАҒУ
5. ҮЙ, АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖАНУАРЛАРЫН, ҚҰСТАР МЕН АРАЛАРДЫ БАҒУ
Тармақ 12
12. Селитебті аймақта ауылшаруашылық жануарларын құстарды және араларды бағуға, жайылтуға, айдауғатыйым салынады. Селитебті аймақ қоршаған ортаны күзету басқармасының келісімі бойынша аудан әкімінің шешімімен айқындалады.
Тармақ 13
13. Азаматтарға кәсіпорындар мен ұйымдарға қаланың селитебті аймағынан тысқары жерлерде үйжануарларын қорада бағуға рұқсат етіледі.
Тармақ 14
14. Қаланың селитебті аймағында жүрген ауылшаруашылық жануарларын мамандандырылған қызметтер ұстайды. Оларды бағу арнайы орындарда 7 тәулік жүзеге асырылады. Егерде осы мерзім өткенше, иелері келмесе, мұндай жануарлар иесіз жануар ретінде мал сою пункттеріне тапсырылады, ал одан түскен сома жергілікті бюджетке аударылады. Көрсетілген мерзімге дейін жануарлардың иесі шығыпжатса, оларды аулау, тасымалдау, бағу жөніндегі шығындар иесінің есебінен өтеледі.
Тармақ 15
15. Үй, ауылшаруашылық жануарлары, құстар мен аралар, қолданыстағы нормаларға сәйкес, дара сектордың тұрғын үйлерінен, стадиондардан, қоғамдық тамақтандыру, сауда, азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарынан, көппәтерлі үйлерден, жаппай демалыс орындарынан, сауықтыру балалар лагерінен, демалыс үйлерінен, санаториялардан, табиғи және жасанды сулардан, артезиян құдықтарынан қашықта орналасқан, арнайы жабдықталған жабыұ орынжайларда ұсталады. Аудан маңайындағы поселкелердің бір қабаты үйлерінде бірнеше отбасылары тұрған кезде жануарларды, құстар мен араларды, осы үйде тұратын көрші отбасыларының келісімімен, белгіленген ветеринарлық, санитарлық ережелерді сақтай отырып, бағуға болады.
Тармақ 16
16. Экзотикалық жануарларды тұрғын үйлерде, жабайы және үй жануарларын мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің, мектептердің, оқушылар сарайының, дүкендердің зообұрыштарында, қаланың ветеринарлық бөлімінің рұқсатыменғана бағуға болады.
Тармақ 17
17. Әртүрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында тоқсан сайын мал жайланған орынға дезинфекция жүргізуі керек.
Тармақ 18
18. Мал жайланған орын жайды тоқсан сайын әктеу керек және жылына кем дегенде 1 рет дезинфекция жасау керек. Малдың көңін, жемнің қалдығын және қоқыстарды осы үшін арнайы бөлінген жерге уақытында апарып төгуі керек.
Тармақ 19
19. Малды көшелерде, алаңдарда, скверлерде, саяжайларда және басқа да ортақ қолданылатын жерлерде қыдыртуға тыйым салынады.
Тармақ 20
20. Жануарларды алып кету және алып келу тек қана қаланың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының немесе оның орынбасарының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
Тарау 6
Тармақ 6
Тармақ 21
21. Осы ережелерді бұрмалаған жеке және заңды тұлғалар 2001 жылғы қаңтардың 30-ғы № 155-ІІ «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің» (ҚРӘҚБтК) 310, 311-баптарына, 2002 жылғы шілденің 10-ғы № 339-ІІ «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапқа тартылады.
Тармақ 22
22. Жануарлардың азаматтардың денсаулығына келтірген зияны және мүлікке келтірген нұқсаны белгіленген заң ретінде жануарлар иелерінің есебінен өтеледі.