О начальной военной подготовке Қолданыста
Басқа 0
Бастапқы әскери даярлау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1340 "Бастапқы
әскери даярлау туралы"»
қаулысына
сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы N№148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
туралы"
Заңының 29-бабы
1-тармағының 11) тармақшасын басшылыққа алып,
ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2005-2006 оқу жылына арналған Атырау облысының оқу
орындарында бастапқы әскери дайындықты ұйымдастыруды жақсарту және жүргізу жөніндегі
негізгі іс-шаралардың жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес құрамда жастардың бастапқы әскери және дене-күш
даярлығының, әскери-патриоттық тәрбиесінің жай-күйін тексеру жөніндегі комиссия
құрылсын
Тармақ 3
3. Атырау облысы Білім беру, Денсаулық сақтау департаменттері, Атырау қаласы
және аудандар әкімдері, Атырау облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті
(келісім бойынша), Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім
бойынша):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1340 "Бастапқы
әскери даярлау туралы"
қаулысын
орындау жөніндегі шаралар қабылдасын;
Тармақша 2
2) Жастардың әскери қызметке дайындығын түпкілікті жақсартсын;
Тармақ 4
4. Атырау облысы Білім беру департаменті:
Тармақша 1
1) Қарастырылған қаражат шегінде оқу орындары штаттарын бастапқы әскери
дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушыларымен жиынтықтауды қамтамасыз етсін, оларды тек
Атырау қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріккен басқармасымен және Атырау облысы
аудандарының қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерімен келіскеннен кейін қызметке
тағайындасын және қызметтен босатсын;
Тармақша 2
2) кейіннен оқу-дала (лагерлік) жиындарына қатыстыра отырып, жалпы білім
беретін мектептердің 10-11 сыныптары оқушыларының, кәсіптік-техникалық мектептердің,
арнаулы орта оқу орындарының 1-3 курстары оқушыларының әскери дайындығын жүргізуді
белгілесін;
Тармақша 3
3) Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен бірлесіп (келісім
бойынша), Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында бастапқы әскери
дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушыларын даярлау үшін кандидаттар іріктеуді
ұйымдастырсын;
Тармақша 4
4) білім беру жүйесі ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
институттары жанындағы курстарда бастапқы әскери дайындық оқытушы-
ұйымдастырушыларының біліктілігін арттыруды ұйымдастырсын;
Тармақша 5
5) жаңа оқу жылы басталар алдында, қысқы және көктемгі каникул күндерінде
медициналық-санитарлық дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушыларын денсаулық сақтау, білім
беру және Төтенше жағдайлар жөніндегі Департаменті органдарына әдістемелік сабақтарға
жолдап отырсын;
Тармақша 6
6) Атырау қаласы және аудандардағы оқу орындарында бастапқы әскери дайындықтың
оқу-материалдық базасын құрсын;
Тармақша 7
7) оқу орындарында бастапқы әскери дайындықты жүргізудің, оқушыларға әскери-
патриоттық тәрбие берудің оң тәжірибесін жинақтап таратсын.
Тармақ 5
5. Атырау қаласы және аудандар әкімдері, Атырау облысы Білім беру департаменті
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штатына қорғаныс-спорттық
сауықтыру лагерінің бастығы (әрі қарай - ҚССЛ) - әскерге дейінгі жастағы және шақырылу
жасындағы жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі маман лауазымын штат санының шегінде
енгізсін.
Тармақ 6
6. Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) облыстағы бастапқы әскери дайындық жөніндегі оқу-әдістемелік жұмысты
бақылауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) оқу орындарының бастапқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларымен 3 күндік әдістемелік жиындар (оқу жылы басталар алдында) мен бір күндік әдістемелік сабақтарды ұйымдастырып, өткізсін;
Тармақша 3
3) Атырау қаласы және аудандар әкімдеріне, Атырау облысы Білім беру
департаментіне жастардың бастапқы әскери дайындығы, әскери-патриоттық тәрбиесі мен
дене күш даярлығының жай-күйі туралы уақтылы хабарлап отырсын.
Тармақ 7
7. Атырау облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті (келісім бойынша)
жастарды адам өмірі қауіпсіздігі мен медициналық-санитарлық дайындық негіздеріне
оқытуды бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Атырау облысы Денсаулық сақтау департаменті:
Тармақша 1
1) медициналық-санитарлық дайындық оқытушыларын іріктеуді, даярлауды және олардың жұмысын бақылауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) білім беру ұйымдарына оқушылармен тәжірибелік сабақтар жүргізу үшін емдеу
мекемелерін бекітіп берсін және олардың дайындығын бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Мүрсәлиеваға
жүктелсін.
Басқа 24
Облыс әкімінің
2005 жылғы 6 қыркүйек N 30
шешімімен бекітілген
2005-2006 оқу жылына арналған Атырау облысының оқу орындарында бастапқы әскери
дайындықты ұйымдастыру, жақсарту және жүргізу жөніндегі негізгі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
р/с
Іс-шаралардың атауы
Орындауға
жауаптылар
Орындалу
мерзімі
1
2
3
4
1
Облыс оқу орындарындағы бастапқы
әскери дайындықтың, әскери-
патриоттық тәрбие мен дене-күш
дайындығының жай-күйіне
тексеру жүргізу
Кешенді комиссия
Ерғалиев Ж.,
Қаленов М.,
Дәулетқазиев Е.,
Көбенов С.,
Имандосов Х.,
Хан А.
Кестеге
сәйкес
2
5 күндік оқу-дала (лагерлік)
жиындарын ұйымдастыру және
өткізу (30 сағат):
1) Жалпы білім беретін
мектептердің бітіруші
сыныптарының оқушылары үшін;
2) кәсіби-техникалық мектептердің
2-курс оқушылары үшін;
3) арнаулы орта оқу орындарының
3-курс оқушылары үшін.
Жалпы білім
беретін
және кәсіптік
техникалық
мектептердің,
арнаулы
орта оқу
орындарының
директорлары
2006
жылғы
мамыр-
маусым
3
Оқу-дала (лагерлік) жиындарында
бастапқы әскери дайындыққа
оқу-әдістемелік басшылықты
жүзеге асыру, бозбалалармен
автоматтан соғыс патрондарымен
атуды өткізу. Оқу-дала
(лагерлік) жиындарын жоспарлауға,
ұйымдастыруға және өткізуге
көмек көрсету.
Атырау облысы
Қорғаныс істері
жөніндегі
департаменті
(келісім бойынша)
Оқу-дала
жиындарын
өткізу
кестесіне
сәйкес
4
Оқу орындарындағы бастапқы әскери
дайындықтың, азаматтық қорғаныстың, адам өмірі
қауіпсіздігі негіздерінің арнайы
мүлкінің есепке алынуының, оның
сақталуының және пайдалануының
жәй-күйін бақылауды жүзеге асыру.
Оқу орындарының
директорлары
Үнемі
5
Бастапқы әскери дайындық
жөніндегі сабақтар мен сыныптан
тыс шаралардың тәрбиелік мәнін
арттыру, болашақ жауынгерлер
бойында Отан алдындағы борышын
өтеуге қажетті жоғары моральдық-
өнегелік, психологиялық,
әскери, жігерлілік қасиеттерді,
дене-күші дағдысын қалыптастыру.
Мыналарды ұйымдастырып, өткізу:
- Солдат әндерінің байқау-
конкурстары;
- Ерлік сабақтары;
- Балаларды қорғау күні
орайластырылған шаралар;
- әскери кәсіп адамдары, әскери
оқу орындары, оқуға түсу
шарттары, курсанттардың өмірі
мен тұрмысы туралы әңгімелер
өрбіту.
Атырау облысы
Қорғаныс істері
жөніндегі
департаменті,
оқу орындарының
директорлары
Оқу жылы
ішінде
6
Әскер қатарына шақырылушы күнін
ұйымдастырып және өткізу.
Кешенді комиссия
Ерғалиев Ж.,
Қаленов М.,
Дәулетқазиев Е.,
Көбенов С.,
Имандосов Х.,
Хан А.
2005 жылғы
сәуір
7
Бозбалаларды мерзімді әскери
қызметке шығарып салу салтанатын
ұйымдастырып, өткізу.
Кешенді комиссия
Ерғалиев Ж.,
Қаленов М.,
Дәулетқазиев Е.,
Көбенов С.,
Имандосов Х.,
Хан А.
Жеке жоспар
бойынша
8
Азаматтарды мерзімді әскери
қызметке шақыру кезеңінде
жастарды патриотизм мен
интернационалдық тұрғыда
тәрбиелеу мәселесі жөніндегі
арнайы семинар-кеңес дайындап
және өткізу.
Атырау облысы
Қорғаныс істері
жөніндегі
департаменті
(келісім бойынша)
2005 жылғы
сәуір
9
Соғыс, еңбек, Қарулы Күштер
ардагерлерінің, интернационалист
жауынгерлердің, солдат аналары
комитеті мүшелерінің, діни
конфессиялар өкілдерінің
қатысуымен әскер қатарына
шақырылушылармен тілек-
кездесулерін өткізу.
Атырау облысы
Қорғаныс істері
жөніндегі
департаменті
(келісім бойынша)
Жеке жоспар
бойынша
10
Барлық оқу орындарында
жауынгерлік даңқ бұрыштарын
(бөлмелерін) қалпына келтіру
және оларды оқушыларды
әскери-патриоттық
тәрбиелеу жөніндегі оқу
процестерінде пайдалану.
Атырау облыстық
Қорғаныс істері
жөніндегі
департаменті
(келісім
бойынша),
Атырау облысы
Білім беру
департаменті
Оқу жылы
ішінде
Басқа 25
Облыс әкімінің
2005 жылғы 6 қыркүйек N 30
шешімімен бекітілген
Жастардың бастапқы әскери және дене-күш дайындығы, әскери-патриоттық тәрбиесінің
жай-күйін тексеру жөніндегі комиссияның құрамы:
Ерғалиев Жолдасқали - облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас
маманы,комиссия төрағасы;
Қаленов Мұхит Қобанұлы - Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бөлім
департаменті бөлім бастығының аға көмекшісі, комиссия
төрағасының орынбасары (келісім бойынша).
Комиссия мүшелері:
Дәулетқазиев Ерболат Ғұсманұлы - Атырау облысы Білім беру департаментінің бас маманы;
Имандосов Хайдар Тынышбекұлы - Атырау облысы Денсаулық сақтау департаментінің бас маманы;
Көбенов Серікқали Бағытұлы - Атырау облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Халықты
дайындау және оқыту орталығының бастығы (келісім бойынша);
Хан Анатолий Алексеевич - Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт бөлімі бастығының
орынбасары