Түпқараған ауданы мен оның елді мекендеріндегі жасыл көшеттерді ұстау мен қорғау ережелері туралы Қолданыста
Басқа 0
Түпқараған ауданы мен оның
елді мекендеріндегі жасыл
көшеттерді ұстау мен қорғау
ережелері туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы № 148-ІІ Заңына, Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» 15 шілде 1997 жылғы № 160-1 Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Түпқараған ауданы мен оның елді мекендеріндегі жасыл көшеттерді ұстау мен қорғау туралы ережелер бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы шешім жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Келісілді:
Маңғыстау облыстық аумақтық қоршаған
ортаны қорғау басқармасының бастығы: Ы.Ноғаев
Түпқараған аудандық құрылыс, қала құрылысы,
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі: Қ.Ақыбаев
Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және жер
қатынастары бөлімінің жетекшісі: А.Нәбиев
«Баутин тұрғын үй-коммуналдық учаскесі»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының
директоры: А.Қуанбай
Басқа 3
«Түпқараған ауданы мен оның
елді мекендеріндегі жасыл
көшеттерді ұстау мен қорғау
ережелері туралы» Түпқараған аудандық
мәслихатының 2005 жылғы 13 сәуірдегі
№ 17/103 шешіміне қосымша
Түпқараған ауданы мен оның елді мекендеріндегі жасыл көшеттерді ұстау мен қорғау туралы
ЕРЕЖЕЛЕР
Осы ережелер адамдарды қоршаған ортаның жәйлі де жақсы болуының негізі компоненттерінің бірі ретінде Түпқараған ауданы мен оның елді мекендері аумағында көлемі, құрамы және оның орналасуы жағынан ұтымды тал, бұта және шөп даұылдарының қорын жасау мен сақтау мақсатында енгізіліп отыр.
Түпқараған ауданының барлық жасыл көшеттері, олардың ведомстволық бағынысына, меншік нысанына қарамастан ешкім қол сұға алмайтын ауданның қорын құрайды және «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 15.07.1997 жылғы № 160-1 Заңымен, осы Ережелердің талаптарымен қорғалады.
Тарау 1. 1. ӨСІМДІК ҚОРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫНА ЖӘНЕ САҚТАЛУЫНА ЖАУАПКЕРШІЛІК
1. ӨСІМДІК ҚОРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫНА ЖӘНЕ САҚТАЛУЫНА ЖАУАПКЕРШІЛІК
Тармақ 1
1. Жасыл желектердің жағдайы мен саұталуына мыналар жауапты:
Тармақша 1
1) орман-бақтарда, саябақтарда, скверлерде, бульварларда, автомобиль жолдарының адам жүретін бөлігінде – көгалдандыруды жүзеге асыратын ұйымдар;
Тармақша 2
2) ұйымдардың, кәсіпорындардың, оқу орындарының, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің аумағында – осы шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары; шағын аудандар аумағында – пәтер иелері тұтыну кооперативтерінің басшылары; аудан жанындағы поселкелердің аумағында – жасыл көшеттерге күтім жасауды жүзеге асыратын, коммуналды кәсіпорындардың басшылары; бау-бақша серіктестерінің (одан әрі ББС деп аталады) аумағында – басқарма төрағалары;
Тармақша 3
3) жасыл көшеттерге жеткіншектер зақым келтірген кезде – олардың ата-аналары, үй жануарларымен бүлінген жағдайдв олардың иелері;
Тармақша 4
4) тұрғын үйлерде орналасқан орта және шағын бизнес объектілері мен офистерінің иелері жасыл көшеттерді сақтауға, оның айналасындағы радиусы 5 метр аумағын көгалдандыруға жауапты.
Тармақ 2
2. Мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары, пәтер иелері тұтыну кооператиытерінің, ББС-нің төрағалары, коменданттар, үй иелері және басқа да лауазымды адамдар мыналарға міндетті:
Тармақша 1
1) Түпқараған ауданы мен жанындағы елді мекендердің жасыл көшеттеріне ұқыпты қарауға және сақтауға;
Тармақша 2
2) бекітілген аумақтарда ұтымды мерзім ішінде суару, кесу, нысандау, қураған бұтақтарын кесу, жеміс ағаштары штамбыларын тазарту мен ақтау, тыңайтқыштар төгу, жас ағаштардың діңінің айналасын дөңгелетіп қоршау, дің түбіндегі ұсақ бұтақтарды алып тастау, тыңайтқыштар төгу, жыраларын бітеу, дезинфекциялау, арам шөптерді, тағы сол сияқтыларды жоқ қылу жөніндегі агротехникалық механикалық өңдеу сияқты, жасыл көшеттерді күту жөніндегі барлық қажетті шараларды жүргізу;
Тармақша 3
3) суару жүйелерін техникалық жағынан ақаусыз ұстау және мерзімді (маусымдық) алдын алу мен дайындықты уақытында жүргізу;
Тармақша 4
4) өз күшімен немесе тиісті ұйымдармен шарт бойынша тал, бұта тұқымдарының зиянкестерімен, ауруларымен жыл сайын күрес жүргізу;
Тармақша 5
5) заңдық және деке тұлғалар жер пайдаланушылардың өздеріне бекітілген аумақтағы жасыл көшеттердің саны мен сапасының есебін жүргізуге міндетті. Жыл сайын желтоқсанның 1-не дейін жасыл қорға түгендеу жүргізу, түгендеу кесімдерін Түпқараған ауданының жасыл көшеттер жағдайын бақылау жөніндегі тиісті ұйымдарына беру.
Тарау 2. 2. ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫ МЕН ОБЪЕКТІЛЕРІ ТАПСЫРЫСШЫЛАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
2. ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫ МЕН ОБЪЕКТІЛЕРІ ТАПСЫРЫСШЫЛАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Тармақ 3
3. Құрылыс ұйымдары мен құрылыс объектілерінің тапсырысшылары мыналарға міндетті:
Тармақша 1
1) құрылыс салу аймағындағы жасыл көшеттерді күтуді және суару жүйелерінің сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) құрылғылар мен жер асты коммуникациялары құрылысының жобасын әзірлеген кезде жобалау ұйымдары құрылыс учаскелерінде өсіп тұрған талдар мен бұталардың барынша сақталуын қамтамасыз ететін жұмысты қйымдастырудың тәртібін жасақтауға міндетті, құрылыс жұмыстарының сметаларында жасыл көшеттердің иесіне бекітілген нормативтер мен есептер бойынша келтірілетін залалды, оларды қайта еккен жағдайда – жасыл көшеттерді отырғызғандағы жұмыстың қосымша құнын көздестіруге;
Тармақша 3
3) жол мен тротуарларды асфальттаған кезде құрылыс алаңдарындағыталдарды қоршауға; талдардан – диаметрі 2 метр, бұталардан – 1 метр алшақтықта діңгек айналасында шеңбер қалдыруға;
Тармақша 4
4) жер мен басқа да құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізілген және жер асты комуникацияларын төсеген кезде саябақтардың, сверлердің, бульварлардың аумағындағы көше көшеттерін көшіруге немесе қоршаған ортаны қорғау басқармасының (бұдан әрі ҚОҚБ деп аталады) жазбаша рұқсатымен ағаш-бұта тұқымдарын қайта отырғызуға; егер жасыл көшеттер объектілер мен коммуникацияларды қорғау аймағынан тысқарыда болса – олардың иесіне келтірілген залалға төлем жасауға;
Тармақша 5
5) объектілерді тапсыру кезінде көшеттерді суару үшін суару жүйелерінің қондырғысын немесе өзге инженерлік құрылғыларды көздестіруге;
Тармақ 4
4. мемлекеттік сәулет және жерге орналастыру органдары жасыл көшеттер өсіп тұрған аумақтарда құрылыс салу үшін учаскелерді ҚОҚБ-ның және бөлінетін аумақта көгалдандыруды жүзеге асыратын ұйымның келісімінен кейін ғана бөледі.
Тармақ 5
5. Көлік ұйымдары мен электр желілерінің кәсіпорындары және басқа да мүдделі ұйымдар қиылысындағы көріністі азайтатын, радио мен электр дарытқыштар линияларының үстіндегі бұтақтарды нормалар мен ережелерді, сол өсімдікке тән нысанды сақтай отырып, ҚОҚБ-ның және көгалдандыруды жүзеге асыратын ұйымның келісімімен кесуге міндетті.
Тармақ 6
6. Жасыл көшеттерді мәжбүрлікпен көшіру объектілердің құрылысы үшін жер учаскелерін бөлген,жер асты коммуникацияларын төсеген, жасыл көшеттерді жаңғыртқан (декоративті тұқымға алмастыру) кезінде экологиялық нормалардың сақталуын жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімі бойынша ғана жүргізіледі.
Ал келтірілген залалдың сомасы жасыл көшет иесіне қайтарылуға, қолданыстағы заңға сәйкес, айып төлету қолданылуға тиіс.
Тармақ 7
7. Мыналарға тыйым салынады:
Талдарды, бұталарды, бұтақтарды кесуге және сындыруға, газондар мен клумбалардан гүлдерді жұлуға, ағаштардан сөл алуға, оларды кесуге онда жазу жазуға, шеге қағуға, сым орауға, көшеттерге және басқа да жарақаттар жасауға;
қоршалған жасыл бұталар көшетіне, талдарға, талдарға бекітілген жіптерге жуылған кірді кептіруге;
жасыл көшеттер аумағына ағынды суды, жанар-жағар майларды, химиялық, құрылыс қалдықтарын және басқа да қалдықтарды төгуге;
газондар мен клумбаларға, саябақтар мен скверлерге сауда ларектарын, киоскілерді, столдарды, балмұздақ тіркемелерін орналастыруға;
автокөлік құралдарын жақын жерден арнайы бөлінген жерлерден басқа жерлерге, яғни саябақтар мен скверлерге, газондарға, көшеттер отырғызылған басқа да жерлерге қоюға;
гүлдерді, ағаштардың екпе көшетін, бұталарды баданасымен және тамырымен қазып алуға;
үй жануарларын газондар мен клумбаларда қыдыртуға;
жасыл көшеттерді ауыл шаруашылық және үй жануарларымен таптатуға, бүлдіртуге.
Тармақ 8
8. Осы ережелерді бұзған лауазымды адамдар мен азаматтар (Қоршаған ортаны қорғау( туралы Қазақстан Республикасы Заңының тиісті баптарына және 30 қаңтар 2001 жылғы № 155-ІІ Қазақстан Республикасы Кодексінің (Жасыл көшеттерді қорғау мен ұстау ережелерін бұрмалау( деген 300-бабына сәйкес, жауапқа тартылатындығы белгіленсін.