Об организации учетной регистрации малочисленных религиозных групп, не имеющих признаков юридического лица Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеуді ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңының 6-2 бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріп отырған Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі нұсқау (бұдан әрі-Нұсқау) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Атырау облысы Ішкі саясат департаменті заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеуді жүзеге асыруға уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Атырау облысы Ішкі саясат департаменті заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеуге арналған құжаттар зерделеу және ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын қатаң басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Мүрсәлиеваға жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімиятының 2005 жылғы 15 қыркүйек № 256 қаулысымен бекітілген Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі нұсқау
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқау заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу тәртібін белгілейді (бұдан әрі-саны аз діни топтар).
Тармақ 2
2. Саны аз діни топтарды есептік тіркеу Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеуді Атырау облысы Ішкі саясат департаменті (бұдан әрі-тіркеуші орган) жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу аталған субъектілерге діни қызметті жүзеге асыруда заңдылық беру тәсілі болып табылады және тіркеуші органның саны аз діни топ туралы мәліметтерді есепке алу журналына енгізу жолымен жүзеге асырылады. Есептік тіркеуден өткені туралы ресми растау тіркеуші орган берген анықтама болып табылады.
Тармақ 5
5. Саны аз діни топ тіркеуші органда есептік тіркеуге алынған сәттен бастап діни қызметті жүзеге асыру құқығына ие болады.
Тарау 2. 2. Саны аз діни топтарды есептік тіркеу тәртібі
2. Саны аз діни топтарды есептік тіркеу тәртібі
Тармақ 6
6. Саны аз діни топтарды есептік тіркеу құрылатын діни топтың құжаттарының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексеруден, діни топ туралы мәліметтерді есепке алу журналына енгізуден және есепке қойылғаны туралы анықтама беруден тұрады.
Тармақ 7
7. Есептік тіркелу үшін саны аз діни топ тіркеуші органға мыналарды:
Тармақша 1
1) 1-қосымшаға сәйкес діни қауымдастықтың атауы, оның діни ұстанымы, орналасқан жері, топ басшысы туралы деректер, табынатын құрылыстарының және шегінде ол өзінің қызметін жүзеге асыратын аумағының бары көсетілген есепке қою туралы өтініш;
Тармақша 2
2) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша топ құрайтын кәмелетке толған азаматтардың тізімі;
Тармақша 3
3) топ мүшелері жиналысының хаттамасы;
Тармақша 4
4) тіркелетін саны аз діни топ құрылымды жатқызылған заңды тұлға мәртебесі бар, діни бірлестік жарғысының көшірмесі.
Тармақ 8
8. Саны аз діни топты есептік тіркеу туралы мәліметтер 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы қатаң есептілік журналына енгізіледі.
Тармақ 9
9. Есептік тіркеу тиісті құжаттарды берген күннен бастап 15 күннен аспайтын мерзім ішінде жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Тіркеуші орган саны аз діни топтың басшысына жергілікті атқарушы органда 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік тіркеуге алынғаны туралы тіркеуші орган басшысы қол қойған анықтама береді.
Тармақ 11
11. Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топта өзгеріс болған жағдайда тіркеуші орган журналға тиісті мәліметтерді енгізеді.
Тармақ 12
12. Саны аз діни топтың есепке алынғаны туралы мәліметтер, сондай-ақ есепке алу журналына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тіркеуші органда сақталады.
Тармақ 13
13. Топ басшысы тіркеуші органға тоқсан сайын өз қызметі туралы ақпарат беріп отырады.
Тармақ 14
14. Есепке алу қызметі тегін жүргізіледі. Саны аз діни топ өз қызметін нақты тоқтатқан жағдайда, немесе әділет органдарында заңды тұлға мәртебесі бар діни бірлестік немесе заңды тұлғаның филиалы ретінде заңды тіркеуден өткеннен кейін тіркеуші органда есептік тіркеуден шығарылады.
Басқа 26
Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі нұсқауға 1-қосымша ______________________________ (өтінішті тіркеуші _______________________________ органның атауы және мекен-жайы) Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топты тіркеу туралы өтініш __________________________________________________________________ (Топ басшысының аты-жөні, әкесінің аты) __________________________________________________________________ (Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтың атауы, оның діни ұстанымы __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (кәмелетке толған мүшелерінің саны) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (діни топтың мекен-жайы және табынатын құрылыстың болуы) __________________________________________________________________ (шегінде өз қызметін жүзеге асыратын аумағы) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Қолы Күні
Басқа 27
Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі нұсқауға 2-қосымша Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топ құраған азаматтардың тізімі № р/с Аты-жөні, әкесінің аты Туған жылы, айы, күні Тұрғылықты жері (мекен-жайы) Қолы
Басқа 28
Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі нұсқауға 3-қосымша _____________________________________________________________ (өтінішті тіркеген органның атауы) Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтың есептік тіркеуге қойылғаны туралы анықтама № _____________ 2005 жылғы «____»___________________ берілді. Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтың атауы_____________________ ________________________________________________________________________ Топтың тіркеген органның басшысы Қолы Мөр
Басқа 29
Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі нұсқауға 4-қосымша Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды тіркеу журналы № р/с Тір­кеу нө­мі­рі және тір­кел­ген кү­ні Заң­ды тұл­ға бел­гі­ле­рі жоқ са­ны аз ді­ни топ­тың ата­уы Заң­ды тұл­ға бел­гі­ле­рі жоқ са­ны аз ді­ни топ­тың ді­ни ұста­ны­мы және ді­ни ор­та­лық­қа қа­ты­сты­лы­ғы Заң­ды тұл­ға бел­гі­ле­рі жоқ са­ны аз ді­ни топ­тың ор­на­лас­қан же­рі Заң­ды тұл­ға бел­гі­ле­рі жоқ са­ны аз ді­ни топ қыз­ме­ті­нің ауда­ны Табынатын (сыйынатын) құрылыстың болуы Заң­ды тұл­ға бел­гі­ле­рі жоқ са­ны аз ді­ни топ бас­шы­ның неме­се уәкі­лет­ті өкі­лі­нің аты-жө­ні, әке­сі­нің аты, олар­дың ме­кен-жайы, те­ле­фон нө­мір­ле­рі Тір­кел­ге­ні ту­ра­лы анық­та­ма­ны тол­тыр­ған адам­ның аты-жө­ні, әке­сі­нің аты Тір­кел­ге­ні ту­ра­лы анық­та­ма­ны ал­ға­на­дам­ның аты-жө­ні, әке­сі­нің аты және қо­лы Ескерту 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11