Об утверждении Правил определения рейтинговой оценки пользователя рыбных ресурсов и других водных животных Күшін жойған
Басқа 0
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 қаулысымен бекітілген Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесі және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарының 2 тарауының 18 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу үшін табиғат пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы № 26-п бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2615 нөмірлі болып тіркелген, "Ресми газеттің" 2003 жылғы 27 желтоқсандағы № 52 (157) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының орынбасары Ю.Т.Ромашовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ол ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Басқа 0. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың ережелері
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Балық шаруашылығы комитеті
төрағасының
2005 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 16-6/64п бұйрығымен
бекітілген
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың ережелері (бұдан әрі - Ережелер) халықаралық, республикалық, жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) ұзақ мерзімге (10 жылдан 49 жылға дейін) арнайы пайдалану үшін бекітіп беру бойынша конкурс жеңімпазын анықтау жөнінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының (бұдан әрі - Пайдаланушы) рейтингтік бағасын есептеу үшін қажет іс-әрекеттердің тізбектілік тәртібін белгілейді.
Тарау 2. 2. Рейтингтік бағаны анықтау
2. Рейтингтік бағаны анықтау
Тармақ 2
2. Пайдаланушының рейтингтік бағасы конкурстық құжаттамада және балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның мәліметтерінде көрсетілген мәліметтер негізінде анықталады:
Тармақша 1
1) 100 пайызға теңелетін максималдық бағалау көрсеткіші біліктілік және басқа да пайыздық маңыздылығы бар көрсеткіштерге бөлінеді (3 баған);
Тармақша 2
2) ең көп/ең жақсы көрсеткіші бар үміткерге тиісті тармақ бойынша максималдық бағалау көрсеткіші беріледі;
Тармақша 3
3) пайдаланушылардың көрсеткіштерінің көлемі және/немесе саны ұсынылған өтінім мен осы мәліметтердің растығын дәлелдейтін құжаттарға сәйкес белгіленеді (4 баған);
Тармақша 4
4) конкурстық комиссия мүшесінің бағасы 10-баллдық жүйе бойынша белгіленеді (5 баған);
Тармақша 5
5) пайдаланушының рейтингтік бағасы (R) максималдық бағалау көрсеткішін (3 баған) 10-баллдық жүйе бағасына (5 баған) көбейтіп, оны 100-ге бөлу арқылы анықталады;
R = (3баған x 5баған:100).
Тармақ 3
3. Рейтингтік бағаны есептеу осы Ережелердің қосымшасына сәйкес рәсімделеді.
Басқа 0. Рейтингтік бағаны санау парағы
Балық ресурстары мен
басқа да су жануарларын
пайдаланушының рейтингтік
бағасын анықтаудың
ережелеріне қосымша
Рейтингтік бағаны санау парағы
Пайдаланушы ______________________________________________________
Өтінім берілген балық шаруашылығы су тоғаны (учаске) _____________
Бұған дейін бекітілген балық шаруашылығы су тоғаны (учаске) ______
№
т/б
Көрсеткіштің атауы
Максималдық
бағалық
көрсеткіш
Көрсет-
кіштер
саны
10-
баллдық
жүйе
бойынша
баға
Пайдала
нушының
рейтингтік
коэффециенті
1
2
3
4
5
6
1.
Табиғатты қорғау мен балық өсімін молайту іс-шараларына жұмсалған қаржы мөлшері, (қорықшылық қызметті құру және ұстауына жаратылған қаражаттан басқа) мың.тнг.
10
2.
Балық өнімін мұздату, салқындату және сақтау, ыдыстарының барлығы, куб.м.,
10
3.
Балық пен басқа да су жануарларын терең өндіру цехтарының барлығы, тн/тәулік
10
4.
Балық аулау флотының барлығы, бірлік
15
1) өздігінен жүретін, өздігінен жүретін (стационарлық қозғалтқышпен), 40 а.к. және одан жоғары
10
2) аз көлемді, өздігінен жүрмейтін
5
5
Көлік флотының барлығы, бірлік/тн.
10
6
Балық пен басқа да су жануарларын аулауға бөлінген квотаның игерілуі, %
15
1) 100%
15
2) 75%-дан 100%-ға дейін
5
3) 75%-дан төмен
0
7
Өтінім берілген балық шаруашылығы су тоғанының (учаскенің) бұған дейінгі жылы (жылдары) пайдаланушыға бекітілгендігі туралы фактінің барлығы
20
1) бекітілді
20
10
2) бекітілген жоқ
0
0
8
Табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтардың саны
10
9
ҚОРЫТЫНДЫ, баллдар
100