Об утверждении Правил содержания сельскохозяйственных животных в населенных пунктах Сарыкольского района Қолданыста
Басқа 0
Сарыкөл ауданының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 6-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Сарыкөл ауданының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау Ережесі бекітілсін ( қоса беріледі).
Басқа 1. Сарыкөл ауданының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау ЕРЕЖЕСІ
Мәслихаттың 2005 жылғы
24 тамыздағы № 142 шешімімен бекітілген
Сарыкөл ауданының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережелер Сарыкөл ауданы аумағында ауыл шаруашылық үй жануарларын ұстауды белгілеу мақсатында әзірленіп, жеке және заңды тұлғалардың осы Ережені бұзған үшін жауапкершілігін белгілейді.
Тармақ 2
2. Ереже меншік түріне қарамастан ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.
Тармақ 3
3. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әкімшілік құқық бұзушылык туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
Тарау 2. 2. Ауыл шаруашылық үй жануарларын ұстау
2. Ауыл шаруашылық үй жануарларын ұстау
Тармақ 4
4. Үй жануарлары аулада көршілерге кедергі келтірмейтін арнайы бөлінген жайларда ұсталуы тиіс.
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылық жануарлар иелері оларды ұстаудың зоотехникалық және ветеринарлық талаптарың сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға міндетті.
Тарау 3. 3. Жануар иелерінің міндеттері
3. Жануар иелерінің міндеттері
Тармақ 6
6. Жануарлар иесінің міндеттері:
Тармақша 1
1) жануарларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстау, оларға мейірімділікпен қарау, қараусыз қалдырмау, ауыра қалған жағдайда уақытында ветеринарлық көмекке жүгіну;
Тармақша 2
2) жануарларды осы Ереже талаптарына сай қалыпта ұстауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) қоршаған орта қауіпсіздігін және тыныштық пен санитарлық ережелерді сақтауды қамтамасыз ету шараларын қабылдау;
Тармақша 4
4) қоғамдық пайдалану орындарын ластауды болдырмау;
Тармақша 5
5) жануарлар өлекселерін кез-келген жерге тастамау, жануарлар өлекселері жойылуы тиіс.
Тармақ 7
7. Жануарлар мен құс иелері жануарлардың нәжістерін жүйелі түрде жинастырып, тегулері немесе жоюлары керек.
Тармақ 8
8. Жануарлардың иелері паразитті жәндіктер мен кемірушілердің пайда болуын болдырмау шараларын қабылдауға, жануарлар мен құстарды қараусыз қалдырмауға міндетті.
Тармақ 9
9. Жануарлардың иелері белгіленген мерзімдерде міндетті ветеринарлық және жануарлардың жұқпалы ауруларын жою іс-шараларын өткізуге, жануарларды оқшаулау режимін сақтауға міндетті.
Тарау 4. 4. Жануарлар иелерінің ережені бузған үшін жауапкершілігі
4. Жануарлар иелерінің ережені бузған үшін жауапкершілігі
Тармақ 10
10. Осы Ережені бұзған кінәлі жеке және заңды тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес жауапқа тартылады.
Тармақ 11
11. Айыппұл немесе басқа өндіріп алу айыпты тұлғаларды Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен залалды өтеуден босатпайды.