О деятельности образовательных учреждений области в свете Послания Президента страны народу Казахстана Күшін жойған
Басқа 0
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына орай облыстың білім мекемелерінің қызметі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 21.12.2004 № 12/7 шешімімен
«Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына орай облыстың білім мекемелерінің қызметі туралы» облыстық білім департаментінің бастығы Ф.И. Ваховскийдің баяндамасын тыңдап талқылаған облыстық мәслихатының сессиясы басқару органдары, білім мекемелері аталған құжатты іске асыра отырып, жалпы білім беретін мектептер оқушыларын оқумен, тамақпен қамтуға, салауатты өмір салтын орнықтыруға, орта мектептерді компьютерлендіруге бағытталган бірқатар ұйымдық-педагогикалық шараларды жүзеге асырғанын атап көрсетеді.
Облыстың мектептері оқушыларын сабаққа толық қатысуын қамтамасыз ету, салауатты өмір салты жолындағы, 1997-2002 жылдар кезеңінде жалпы білім беретін мектептерді компьютерлендіру бағдарламалары әзірленді. Білімдегі жаңа технологиялардың аймақтық орталығы- құрылды. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын терең оқып үйрену мақсатында гуманитарлық пәндер бойынша білім бағдарламалары мен оқу жоспарларына қажетті толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.
Жалпай оқу жөніндегі айлың барысында жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық ұжымдары құқық қорғау органдары өкілдерімен бірге қорғансыз балаларды анықтау жөнінде рейдтер өткізді және мектептерге бекітілген мөлтек-учаскелерді үй сайын аралап шықты. Жүзеге асырылған шаралар нәтижесінде мектепте оқымай жүрген анықталган 1912 оқушыдан 1850 бала мектеп кластарына оралды, 8,9 мың мектеп оқушысына материалдық көмек көрсетілді.
123 мыңнан астам оқушы /жалпы санның 67 проценті/ тамақпен, соның ішінде 8,3 мыңы тегін тамакпен қамтылды.
Жаңа және мемлекеттік емес үлгілердегі мекемелер жүйесі дамытылуда.
Қабілетті және дарынды балалармен жұмыста да белгілі бір жетістіктер бар.
Сонымен бірге тиісті деңгейде ойластырылмаган білім мекемелерін оңтайландыру бірқатар жерлерде /Сергеев ауданы/ шағын комплектілі мектептердің жабылуы мен класскомплектілердің қысқартылуы салдарынан көптеген балалардың шалгайдагы мектептерге баруга мәжбүр болуына әкеліп соқтырды.
Бюджет есебіңен ұсталатын мектептен тыс мекемелер саны күрт қысқарып жатыр. Сөңгы жылы ғана олардың саны 30-ға қысқарды, ал қосымша білім берумен қамтылган балалар саны 24-тен 7 процентке дейін азайды.
Облыстың мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері қиын жагдайга тап болды, олардың жүйесі өткен жылмен салыстырганда 352 бірлікке қысқарды. Облыс соңгы 2 жылда өзінің мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің 90 процентінен айырылды. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері Ақжар, Сергеев, Совет, Уәлиханов аудандарында толық жабылды.
Жұмыс істеп тұрган мектеп жасына дейінгі 56 балалар мекемесінің 15-і бюджетке қарайды, 26-сы ведомстводан тыс, 15-і жеке адамдар қолында, оларда облыстың мектеп жасына дейінгі балаларының жалпы санының 4,5 проценті тәрбиеленуде.
Кәсіптік-техникалық мектептер жүйесінің қыскаруы салдарынан еңбек-рыногінің жыл сайын толық емес және орта мектептерді бітірушілер қатарынан көптеген жастармен толығып отырғаны алаңдаушылық туғызады, олардың кәсіптік даярлығы, жеткілікті тәжірибесі мен еңбек дагдылары болмағандықтан бәсекеғе төтеп бере алмауда.
Қаржыландарудың тапшылығынан жерғілікті жерлерде мектептердің базистік оқу жоспарына оқу қысқарту жағына қарай өз беттерімен өзгерту енгізетін болды, бул жергілікті атқарушы органдар тарапынан қазіргі заңдылықты ерескел бұзу болып табылады.
Таңдаулы мамандардың мектептерден кетуінің аса маңызды себептерінің бірі жалақыны уақытында төлемеу болып табылады.
Облыстық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Атқарушы билік тарапынан білім мекемелерін оңтайландыруға ойластырылмаған әрі үстірт көзқарас нәтижесінде соңгы екі жылда облыстың бірқатар жерлерінде шағын комплектілі мектептер, класс-комплектілер санының күрт қысқаруына жөл берілгені, соның салдарынан мектеп жасындағы балалардың бір бөлігінің оқумен қамтылмай қалғаны, сөйтіп, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабының І-пункітінің талаптары бұзылғаны атап көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық білім департаментіне, аудандар әкімдеріне білім жүйесін оңтайландыруда әр ауданда қалыптасқан жағдайға талдау жасап, негізсіз жабылып қалган мектептерді, мектеп жасына дейінгі және мектептен тыс мекемелерді қалпына келтіру жөнінде шаралар қолдану тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық білім департаменті, қалалардың, аудандардың және селолық округтердің атқарушы органдары мыналарды бақылауға алсын:
Тармақша 4
а/ балалардың мектепке баруы мен мектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру, аз қамтылган және сәтсіз отбасыларының балаларына көмек көрсетуге баса назар аударылсын;
Тармақша 5
б/ жалпы білім беретін мектептерде төменгі және жоғары класс оқушыларының бірге оқуына жол берілмеуі;
Тармақша 6
в/ қолдағы кәсіптік-техникалық мектептер жүйесін сақтау үшін қажетті жагдайлар туғызылуы және кәсіптік-техникалық оқу орындарының, оқу-өндірістік комбинаттарының, еңбек және демалыс лагерьлерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мен қалпына келтіру жөнінде шаралар қолдану;
Тармақша 7
г/ жауапкершілігі шектеулі «Глобус» серіктестігі және ПКО «Казснабобразование» базаларынан оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды уақытында сатып алу мен әкету;
Тармақша 8
д/ жалпы білім беретін мектептердің базистік оқу жоспарын өз беттерімен өзгертуге үзілді-кесілді тыйым салу.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы мүмкіндігіне қарай облыстың білім мекемелерінің қажеттерін барынша қаржыландыруды қарастыратын болсын, облыстық білім департаментімен бірге білім беру саласының қызметкерлеріне жалақы төлеудің нормативтік базага сәйкес келтірсін.
Селолық жерлердегі мұғалімдерге коммуналдық қызметтер бойынша қазіргі заңдылықта көзделген жеңілдіктер қалпына келтірілсін.
Тармақ 5
5. Білім, ауыл шаруашылығы департаменттері мен шаруа және фермерлер қожалықтарының ассоциациясы мектептер бюджетінің бір бөлігін қамтамасыз ету мақсатында жер өңдеуге байланысты шаруашылық жүргізуші субьектілер мен селолық мектептердің өзара іс-қимыл стратегиясын әзірлесін.
Тармақ 6
6. Облыс әкіміне аудандар мен қалалар әкімдері мектептердің оқу-тәрбие процесін бұзған жағдайда олардың қызметін қарау ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Облыстың мәслихаттың тұрақты комиссиялары, қалалық және аудандық маслихаттар бір айдың ішінде ел Президентінің Жолдауын іске асыру, балаларды оқумен жаппай қамтуды қамтамасыз ету, мұқтаж оқушыларға көмектесу жөніндегі өз міндеттерін айқындайтын болсың.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалу барысы туралы облыстық білім департаментінің есебі жаңа оқу жылы басталар алдында облыстық мәслихатта тыңдалсын.
Тармақ 9
9. Облыстық «Солтүстік Қазақстан» және «Северный Казахстан» газеттері, облыстың телерадиокомпания ел Президентінің Жолдауын іске асыру, жалпы білім беретін мектептерде балалардл оқумен жаппай қамтуға қатысты мәселе жөніндегі облыстың білім мекемелерінің, жергілікті атқарушы және өкілетті орғандардың жұмысын жүйелі көрсететін болсын.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалу барысына бақылау жасау облыстық мәслихаттың халық денсаулығын сақтау, оны әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және жастар істері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.