Об утверждении Правил выплаты единовременной помощи оралманам, переселившимся в город Актау и прилегающие населенные пункты вне "квоты иммиграции оралманов" Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтау қаласы және елді мекендерге "оралмандардың көші-қон квотасынан" тыс орналасқан оралмандарға бір жолғы материалдық көмек төлеу Ережесін бекіту туралы "Халықтың көшіп-қонуы туралы" Қазақстан Республикасының және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес, Ақтау қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтау қаласы және қала маңындағы елді мекендерге "оралмандардың қоныс аудару квотасынан" тыс орналасқан оралмандарға бір жолғы материалдық көмек төлеу Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Маңғыстау облысы бойынша көші-қон Басқармасына (Т. Қалжанұлы) квотадан тыс қоныс аударған отбасыларға бiр жолғы материалдық көмек алу үшін анықтама беруге көмек көрсету және квота алған отбасылардың тізімдерін тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (К. М. Айтбатырова) Ақтау қаласы және қала маңындағы елді мекендерге қоныс аударған оралмандарға бiр жолғы материалдық көмектің тағайындалуы мен төленуін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.М. Қалмұратоваға жүктелсін.
Басқа 5
Ақтау қаласы әкімиятының 25.08.2005 жылғы № 1008 қаулысымен бекітілген 2005 жылы Ақтау қаласы және қала маңындағы елді мекендерге "оралмандардың көші-қон квотасынан" тыс қоныстанған оралмандарға бір жолғы әлеуметтік көмек төлеу ЕРЕЖЕСІ Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Халықтың көшіп-қонуы туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңдарына, "Оралмандардың көшіп келу квотасынан"тыс Маңғыстау облысына қоныс аударған оралмандарға бір жолы бір рет әлеуметтік көмек төлеу Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 223 (облыстық әділет Департаменті 2003 жылғы 21 қазанда N 1537 тіркелген) қаулысына сәйкес әзірленген және Ақтау қаласы және қала маңындағы елді мекендерге "оралмандардың көші-қон квотасынан" тыс қоныстанған оралмандарға төленетін бір жолғы әлеуметтік көмек төлемі тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. "Оралмандардың көші-қон квотасынан" тыс келген оралмандарға төленетін бір жолғы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) - бұл өз еркімен "оралмандардың көші-қон квотасынан" тыс Ақтау қаласына және қала маңындағы елді мекендерге қоныстанған оралмандардың заттарын көшіру және тасымалдауға шыққан шығындардың жартылай жабуға берілетін төлем. Әлеуметтік көмек жергілікті бюджет қорынан сол жылға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек шығының мөлшері жыл сайын алдағы жылдағы қалалық бюджет туралы қалалық мәслихаттың шешімімен белгіленеді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек квотадан тыс 2005 жылы Ақтау қаласы және қала маңындағы елді мекендерге тұрақты қоныстануға келген бірге тұратын 18 жасқа толмаған төрт немесе одан да көп балалары бар отбасыларға көрсетіледі.
Тармақ 4
4."Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуге уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) болып табылады.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Заң актілеріне сәйкес әлеуметтік көмектің дұрыс тағайындалуы мен төленуіне жауапты.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмектің тағайындалу тәртібі
2. Әлеуметтік көмектің тағайындалу тәртібі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасы уәкілетті органға белгіленген нысандағы арызға қосымша мынадай құжаттар тапсырады: отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар; ата-аналарының аты-жөні әртүрлі болған жағдайда неке туралы куәлік; тұрақты тіркеуде екендігін дәлелдейтін тұрғындарды тіркеу кітабы; оралман куәлігі; Маңғыстау облысы бойынша көші-қон Басқармасының арыз берген уақытта квотадан тыс қоныстанғандығын дәлелдейтін анықтамасы; салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТН); әлеуметтік жеке код (ЭЖК).
Тармақ 7
7. Өтініш беруші ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап береді.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек Ақтау қаласы және қала маңындағы елді мекендерге толық отбасы мүшелерімен көшіп келген отбасыларға кезекті түрде беріледі.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган өтініш берушіден қосымша құжаттармен арызды қабылдап, он бес күн ішінде әлеуметтік көмекті тағайындау немесе қабылдамау туралы шешім шығарады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлеу
3. Қаржыландыру және төлеу
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеуге жасалынған тізім негізінде және түпкілікті жиынтық сомасымен сәйкес келген жағдайда, отбасы санын көрсетіп, ағымдағы айдың жиырма бесіне дейін қалалық қаржы бөліміне қаржыландыруға тапсырыс жасайды.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек өтініш берушінің тұратын жері бойынша аударылады.
Тарау 4. 4. Есеп беру
4. Есеп беру
Тармақ 12
12. Уәкілетті орган тоқсан сайын белгіленген нысанда жасалған есебінде Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментіне тағайындалған және төленген әлеуметтік көмек сомасы туралы мәлімдеме береді.
Тарау 5. 5. Бақылау
5. Бақылау
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмектің дұрыс тағайындалуы мен төленуіне бақылау Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.