О внесении изменений в некоторые постановления акимата области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларана өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27 бабының 2 тармағына, "Нормативтік құқықтық актілері туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің келесі қаулыларына өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беру Ережесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2001 жылға 24 желтоқсандағы № 95 қаулысына (2002 жылғы 14 қаңтардағы тіркеу №499, 2002 жылғы 8 ақпандағы "Солтүстік Казақстан" газеті, 2002 жылғы 29 қаңтардағы "Северный Казахстан" газеті, 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 28, 2003 жылғы 28 маусымдағы № 136, 2005 жылғы 28 наурыздағы № 12 облыс әкімдігінің қаулыларымен енгізілген азгерістер және толықтырулармен) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беру Ережесінде: 15 тармақтағы "қабылдамауға құқылы" сөздері "қабылдамайды" сөзімен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру Ережесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2003 жылғы 4 мамырдағы №107 қаулысына (2003 жылғы 19 мамырдағы тіркеу № 923, 2003 жылғы 26 мамырдағы "Солтүстік Қазақстан" газеті, 2003 жылғы 28 мамырдағы "Северный Казахстан" газеті): көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру Ережесінде: 4 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
Тармақша 3
3) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімі жанынан мемлекеттік нысандар жөнінде облыстық комиссия құру туралы" облыс әкімдігінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 44 қаулысына (2004 жылғы 8 сәуірдегі тіркеу № 1208, 2604 жылғы 21 сәуірдегі "Солтүстік Қазақстан" газеті, 2004 жылғы 26 сәуірдегі «Северный Казахстан" газеті): атауда және барлық мәтін бойынша "әкімі жанынан" сөздегі "әкімдің жанынан" сөздерімен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы әкімі жанынан мемлекеттік нышандар жөнінде облыстық комиссия құру туралы Ережесінде: атауда және барлық мәтін бойынша "әкімі жанына сөздері "әкімдігі жанынан" сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.