О предельных (максимальных) размерах земельных участков, которые могут находиться в частной собственности граждан Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Жер кодексінің 50-бабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес ауылдық жерлерде суарылмайтын және суармалы жерлерді өзіндік қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) жүргізу үшін, жеке тұрғын үй құрылысы үшін, бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының бірлескен 2005 жылғы 28 қыркүйектегі N 18/184-ІІІ шешіміне және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 515 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында ШЕКТІ (ЕҢ ЖОҒАРЫ) МӨЛШЕРІ ауылдық жерлерді суарылмайтын және суармалы жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) жүргізу үшін, жеке тұрғын үй құрылысы үшін, бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін: N Аудандар және қалалар атауы Жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері (га) Ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылықтар (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) жүргізу үшін Жеке тұрғын үй құрылысы үшін Бағбандық сондай-ақ саяжай құрылысы үшін Суармалы жер Суарылмайтын жер 1. Арыс қ. 0,40 1,0 0,15 0,20 2. Бәйдібек 0,30 1,0 0,20 0,25 3. Қазығұрт 0,40 1,0 0,15 0,20 4. Мақтаарал 0,30 0,50 0,15 0,20 5. Ордабасы 0,30 0,50 0,15 0,20 6. Отырар 0,30 1,0 0,15 0,20 7. Сайрам 0,30 0,50 0,15 0,20 8. Сарыағаш 0,30 1,0 0,15 0,20 9. Созақ 0,30 1,0 0,15 0,20 10. Төлеби 0,40 1,0 0,15 0,25 11. Түлкібас 0,30 1,0 0,15 0,20 12. Шардара 0,30 1,0 0,20 0,20 13. Кентау қ. 0,30 1,0 0,20 0,20 14. Түркістан қ. 0,30 1,0 0,15 0,20 15. Шымкент қ. 0,20 0,30 0,10 0,15