Үйлерде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Үйлерде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыру
Ережесін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, 2002-2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалтудың Аймақтық бағдарламасына сәйкес, Ақтау қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйлерде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыру Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (К. М. Айтбатырова) әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өтуін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.М. Қалмұратоваға жүктелсін.
Басқа 4
2005 жылғы 25.08.2005
№ 1002 қала әкімиятының
қаулысымен бекітілген
Үйлерде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби
даярлау және қайта даярлаудан өткізуді
ұйымдастыру
Ережесі
Жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйлерде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби даярлау және қайта даярлаудың осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғау туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетудегі қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343-II, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңдарына сәйкес жасалды.
Осы Ереже үйлерінде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыруға уәкілетті орган мүгедектерді оңалту бағдарламасын жүзеге асыру шараларын жоспарлау шеңберінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып табылады.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізу Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес жергілікті бюджет қоры есебінен білім беру қызметін жүргізуге құқылы білім беру мекемелерінде уәкілетті орган берген жолдама бойынша жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізу жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға үйлерінде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде есепте тұрғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге бейімдеу үшін ұйымдастырылады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуге оқу орнын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Заңнамалары белгілеген тәртіпте іріктелініп алынады.
Тарау 2. 2. Үйлерінде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерін
кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді
ұйымдастырудың тәртібі
2. Үйлерінде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерін
кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді
ұйымдастырудың тәртібі
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган бағалық ұсыныс негізінде әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлауды медициналық оқу орындарында өткізуге мемлекеттік тапсырыс жасайды.Әлеуметтік қызметкерлерді даярлаудан өткізуге мекемелер іріктеуде уәкілетті орган мына жағдайларды ескереді:
Тармақша 1
1) білім беру мемлекеттік жалпы міндетті стандарттар талаптарына сай жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) білім беру қызметін жүргізуге берілген лицензияның болуы.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлау уәкілетті орган мен медициналық білім беру мекемелері арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік қызметкерлер кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізу мерзімі, екі жақтың құқықтары мен міндеттері оқу бағдарламасымен шартқа сәйкес белгіленеді және үш айдан аспауы керек.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган білім беру мекемелерінің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындауына және оқу мерзіміне бақылау жүргізеді.
Тармақ 9
9. Мекеме төмендегідей жағдайларда әлеуметтік қызметкерлерді оқудан шығарудан құқығы бар:
Тармақша 1
1) оқуға себепсіз қатыспау;
Тармақша 2
2) оқуда үлгермеу;
Тармақша 3
3) оқу орнының ішкі тәртіптерін бұзу;
Тармақша 4
4) заңда қарастырылған өзге де тәртіп бұзушылықтар.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік қызметкерлерді оқудан шығару білім беру мекемелерімен белгіленген тәртіпте жүргізіледі және уәкілетті органды хабардар етеді.Бұл жағдайда әлеуметтік қызметкердің оқу мерзіміне бөлінген қаржы қайта есептеліп, уәкілетті орган мен медициналық оқу орны арасындағы шартқа сәйкес тек нақты қызмет көрсетілген уақытқа ғана қаржы төленеді.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру көздері
3. Қаржыландыру көздері
Тармақ 11
11. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша әлеуметтік қызметкер кәсіби даярлау және қайта даярлау Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жергілікті бюджет қоры есебінен жүргізіледі.Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлауды өткізуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мүгедектерді оңалту бағдарламасын жүзеге асыру шаралары жоспарының негізінде жасалады.
Тарау 4. 4. Бақылау
4. Бақылау
Тармақ 12
12. Уәкілетті орган білім беру мекемелерінің оқу мерзімінің дұрыс жүргізілуі мен конкурстық жағдайына бақылау жасайды.