О переименовании населенного пункта Тельман в населенный пункт Саина Шапагатова Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тельман елді мекенін Сайын Шапағатов елді мекені деп атау туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-тармағына сәйкес тұрғындардың тілегін ескере отырып және Түпқараған аудандық мәслихаты мен Түпқараған ауданы әкімінің ұсыныстарын қарай отырып, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Түпқараған ауданының Тельман елді мекені Сайын Шапағатов елді мекені болып аталсын.
Тармақ 2
2. "Тельман елді мекеніне Сайын Шапағатовтың есімін беру туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2004 жылғы 27 қазандағы N 7/114 және Маңғыстау облысы әкімінің 2004 жылғы 27 қазандағы N 61 бірлескен шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім мен қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.