Об инструкции квотирования рабочих мест для трудоустройства инвалидов Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау нұсқаулары туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес, мүгедектреді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау және ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау нұсқаулары бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқау).
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес ауданның кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудан әлеуіметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі (Г.Ж. Шаихова) осы Қағиданың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 9 тамыздағы «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары туралы» № 282/8 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін.
Басқа 6. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау нұсқаулары
Успен ауданы әкімінің 2005 жылғы «25» қыркүйектегі «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау нұсқаулары туралы» № 298/9 қаулысымен бекітілді Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау нұсқаулары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары (бұдан әрі - Нұсқау) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2001 жылғы 23 қантардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес жасалды және мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау және ұйымдастыруды анықтайды.
Тармақ 2
2. Нұсқауда төмендегі негізгі түсінімдер пайдаланылады: квоталанған жұмыс орындары (квота) – жұмысқа орналасуға мұқтаж мүгедектерді кәсіпорындарда, мекемелерде және ұймдарда жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының үлесі (бөлігі); жұмыс беруші-меншік түріне қарамастан аудан аумағында өз қызметін іске асыратын жеке тұлға, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер (республикалық бюджеттен қаржыландырылатындардан басқа); жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі өкілетті оран – әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі.
Тарау 2. 2. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау және ұйымдастыру тәртібі
2. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау және ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Мүгедектер үшін жұмыс орындары аудан әкімдігі бекітетін жалпы жұмыс орны санының үш пайызы көлемінде арнайы ұйымдастырылады.
Тармақ 4
4. Жұмыс орындарының квотасы аудан аумағында өз қызметін іске асыратын меншіктің барлық түріндегі (республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардан басқа) ұйымдар мен жеке тұлғалар үшін бекітіледі (келісім бойынша).
Тармақ 5
5. Бекітілген квотаға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші қажетті орнын ашады немесе бөледі.
Тармақ 6
6. Жұмыс орындарына орналастыру жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі өкілетті органның жолдамасы бойынша өткізіледі.
Тармақ 7
7. Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын қаржыландыру жұмыс берушінің жеке қаражаты есебінен өткізіледі.
Тармақ 8
8. Жұмыс іздеген жұмыссыз мүгедектерді тіркеу үшін жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі өкілетті органға төмендегі құжаттар ұсынылады:
Тармақша 1
1) жеке әлеуметтік код;
Тармақша 2
2) еңбек қызметін анықтайтын құжат;
Тармақша 3
3) өтініш иесі сұранған мамандықтың бер екенін растайтын құжат (егер бар болса);
Тармақша 4
4) жеке бас куәлігі немесе төлқұжат;
Тармақша 5
5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі.
Тарау 3. 3. Мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз етудегі жұмыс берушінің міндеттері мен жауапкершілігі
3. Мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз етудегі жұмыс берушінің міндеттері мен жауапкершілігі
Тармақ 9
9. Мүгедектерді жұмысқа қабылданған жұмыс ьерушілердің Қазақстан Республикасында қолданыстағы занңамаларға сәйкес құқы және міндеттемесі бар.