О назначении социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей, для оплаты обучения в высших учебных заведениях области Қолданыста
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстық жоғарғы оқу орындарындағы ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, 2004 жылғы 14 маусымдағы Павлодар облысы әкімдігінің № 169/5 қаулысына, Павлодар облысы әділет Департаментінде 2004 жылғы 18 маусымдағы № 2621 тіркелген қаулысына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектерінің облыстың жоғарғы оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) 1 қосымшаға сәйкес құрылысын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған комиссияның ережесі;
аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау мақсатында комиссияның қарауын қажетті құжаттарды ұсынсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.О. Сағандықовқа жүктелсін.