О создании областной комиссии Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық комиссия құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен. Шаруашылық жүргiзетiн субъектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiн қарау және тұралаған кәсiпорындарды санациялау және жою, дебиторлық және кредиторлық берешектердi кемiту, берешектердi реструктуризациялау жөнiндегi шешiмдердi қабылдау үшiн мына құрамда комиссия құрылсын: Татаев Марат Кабдығалиұлы облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Швайченко Юрий Петрович облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Қалиев Алдаш Бабатшаұлы облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Бергенев Әдiлғазы Сәдуақасұлы облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары болып Комиссия мүшелерi: Цыганков Анатолий Григорьевич облыстық экономика басқармасының бастығы Аханаев Орман Құрманғалиұлы Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетiнiң төрағасы Құрманғалиев Айтмұқан Әлмәдиұлы облыстық қаржы басқармасының бастығы Егiзбаев Жұмағали Құмалбекұлы облыстық коммуналдық меншiк басқармасының бастығы Ермолаев Геннадий Федорович ШҚ аумақтық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы Гусинский Александр Владимирович ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi департаментiнiң директоры Никитин Николай Лазаревич облыстық құрылыс, сәулет және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Алауханов Есберген Оразұлы “ШҚО әдiлет басқармасы” мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы Савин Иван Иванович облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Шерубаев Айтқазы Сейiтұлы облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы Плотников Сергей Викторович облыстық энергетика, индустрия, көлiк, телекоммуникациялар және сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының бастығы Тортаев Бауыржан облыстық статистика басқармасының Қадырұлы бастығы Томашенко Александр ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi ШҚ Петрович облыстық аумақтық басқармасының бастығы Юркина Альбина Ивановна облыстық қазынашылық басқармасының бастығы Морев Анатолий Афанасьевич облыстық кәсiптiк одақтар кеңесi төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша) Бобақанова Әлия Тұмарқызы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң Шығыс Қазақстан филиалының директоры (келiсiм бойынша) Супрунова Татьяна Николаевна экономика басқармасы экономикалық бөлiмiнiң бастығы, комиссия хатшысы Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - облыс әкімінің 2000 жылғы 14 қыркүйектегі N 1-989ө өкімімен.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi осындай комиссиялар құрсын. Кәсiпорындардың басшыларын шақыра отырып айына екi рет комиссиялар мәжiлiстерi өткiзiлсiн және облыстық комиссияға айына бiр рет жұмыс нәтижелерi жөнiнде ақпарат тапсырылсын.
Тармақ 3
3. "Комиссия жұмысы туралы Ереже" бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 4
4. "Тұралаған кәсiпорындарды санациялау және жою жөнiнде облыстық комиссия құру туралы" 1996 жылғы 3 мамырдағы N 6 шешiмге өзгерiстер енгiзу туралы" әкiмнiң 1997 жылғы 25 тамыздағы N 1-118ө және "Комиссия құру туралы" 1998 жылғы 17 ақпандағы N 1-278ө өкiмдерiнiң күшi жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары М.Қ. Татаевқа жүктелсiн.
Басқа 5. Комиссия жұмысы туралы
Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 29 қыркүйек N 1-466ө өкiмiне № N 1 қосымша Комиссия жұмысы туралы ЕРЕЖЕ Облыс экономикасының нақтылы секторын қаржылық сауықтыру, төлемдер төлемеудiң қалыптасқан дағдарысынан шығу жолдарын одан әрi iздестiру мақсатында комиссия өзiнiң отырыстарында экономиканың барлық салаларының акциялардың мемлекеттiк пакетi бар кәсiпорындарының қаржылық-шаруашылық қызметтерiн, сондай-ақ бюджетке төлемдер жөнiнде және еңбекақы жөнiнде берешектерi бар барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындарды қарауға құқылы. 📌 Ескерту. Кіріспе бөлігі жаңа редакцияда - облыс әкімінің 2000 жылғы 14 қыркүйектегі N 1-989ө өкімімен.
Тармақ i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Комиссия Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн, Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" Заңын, заң актiлерiн, облыс әкiмiнiң шешiмдерiн басшылыққа алады.
Тармақ 2
2. Облыстық статистика басқармасы мен ШҚО бойынша салық комитетiнiң бекiтiлген тiзбе бойынша берген мәлiметтерi негiзiндегi алдын-ала жасалған талдау нәтижесiнде комиссия кәсiпорындар тiзiмiн мына топтар бойынша ұсынады:
Тармақша 1
1) жағдайы бар, өз қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыра алатын, бiрақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға берешектерi барлар;
Тармақша 2
2) оңалту шараларын қолдануды, кәсiпорынның бизнесжоспарына сәйкес өндiрiстi диверсификациялауды, қарыздарды реструктуризациялауды және қаржылай қолдауды және басқа да шараларды қажет ететiндер;
Тармақша 3
3) төлем төлеуге қабылетсiз және қаржылай-экономикалық сауықтыру перспективалары жоқ, банкроттықтың жедел соттық және соттан тыс шараларын қолдануды қажет ететiндер.
Тармақ 3
3. Қалыптасқан қаржылық жағдайдың себептерiн анықтау үшiн комиссия кәсiпорынның берген өндiрiстiк-қаржылық есептерi (барлық қосымшалары бiрге берiлген баланс, пайда болған мерзiмдерi көрсетiлген дебиторлық және кредиторлық берешектердiң талдауы), кәсiпорынның бизнес-жоспары бойынша кәсiпорынның қызметiн қарайды.
Тармақ 4
4. Қаржылық коэффициенттер (ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi, өз қаражаттарымен қамтамасыз етiлгендiк коэффициентi, төлем төлеу қабылетiн қалпына келтiру (жоғалту) коэффициентi) баланстың өтiмдiлiгiн айқындайтын өлшемдер болып табылады.
Тармақ 5
5. Комиссия төлеу қабілетi жоқ кәсiпорындар бойынша оңалту процедуралары бастамасына байланысты шешiм қабылдайды, оңалту жоспарларын келiсу iсiн жүргiзедi және облыс кәсiпорындарына сыртқы және iшкi инвесторларды тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
Тармақ 6
6. Комиссия дәрменсiз кәсiпорындарға байланысты олардың ұйымдық- құқықтық нысанына және меншiк нысанына қарамастан, олар бюджет төлемдерi, еңбекақы төлеу жөнiндегi берешектердi өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда шешiм қабылдайды. Қажет болған жағдайда комиссия Мемлекеттiк кiрiстер министрлiгiне және "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi Агенттiк" ААҚ-на кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және банкротқа ұшырату жөнiнде ұсыныстар енгiзедi. 📌 Ескерту. 5 және 6 тармақтар жаңа редакцияда - облыс әкімінің 2000 жылғы 14 қыркүйектегі N 1-989ө өкімімен.
Тармақ ii. II. Кәсiпорындардың дәрменсiздiгiн тану үшiн алынатын негiздемелер
II. Кәсiпорындардың дәрменсiздiгiн тану үшiн алынатын негiздемелер
Тармақ 1
1. Кәсiпорынның 2 жыл бойы төлем төлеуге қабілетсiздiгi немесе шығынға батқандығы, кәсiпорын балансының қанағаттанғысыз құрылымы, оның төлем төлеу қабылетiн қалпына келтiрудiң нақты мүмкiндiгiнiң жоқтығы.
Тармақ 2
2. Таратуға ұсынылатын кәсiпорындар тiзбесiне төлем төлеуге қабылетсiз, олардың қаржылық-экономикалық жағдайы сауықтырудың қандай да бiр түрiн қолданудың мүмкiнсiздiгi мен мақсатсыздығын алдын-ала бiлдiретiн кәсiпорындар енгiзiледi. Олардың технологиялық және қаржылық-экономикалық жағдайын айқындайтын факторлар ұзақмерзiмдi және керi бұрылмайтын сипат алады. Бұл факторларды кәсiпорынды техникалық реконструкциялау нәтижесiнде жою мүмкiн емес.
Тармақ iii. III. Комиссия жұмысын аяқтау нышаны
III. Комиссия жұмысын аяқтау нышаны Қабылданған шешiмдер хаттамамен ресiмделедi. Комиссия хатшысының мойнында қабылданған шешiмдердiң орындалуына бақылау жасау қалады. Комиссия тоқсан сайын облыс экономикасын қаржылық тұрақтандыру жайында қорытындылар мен ұсыныстар жасайды. Экономика басқармасының бастығы