Об утверждении Правил взаимодействия органов прокуратуры, национальной безопасности, финансовой полиции, налоговой службы и таможенных органов при проведении совместных проверок налогоплательщиков, участвующих во внешнеэкономической деятельности, по вопросам государственного контроля при применении трансфертных цен Күшін жойған
Басқа 0
Трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселесі бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушы салық төлеушілерге бірлескен тексерулер жүргізу кезіндегі прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы, салық және кеден қызметтері органдарының өзара iс-қимыл жасау ережесiн бекiту туралы
"Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселесі бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушы салық төлеушілерге бірлескен тексерулер жүргізу кезіндегі прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы, салық және кеден қызметтері органдарының өзара iс-қимыл жасау ережесi бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокурорының, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының, Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы) Төрағасының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетi Төрағасының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендiк бақылау комитетi Төрағасының тиісті орынбасарларына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетi осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселесі бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушы салық төлеушілерге бірлескен тексерулер жүргізу кезіндегі прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы, салық және кеден қызметтері органдарының өзара iс-қимыл жасау ережесi
Қазақстан Республикасы
Бас прокурорының
2005 жылғы 2 қыркүйектегі N 46,
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
төрағасының
2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 167,
Қазақстан Республикасының
Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттiгi (қаржы
полициясы) төрағасының
2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 196,
Қаржы вице-министрi -
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Кедендiк
бақылау комитетi төрағасының
2005 жылғы 23 тамыздағы N 319,
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитетi төрағасының
2005 жылғы 12 қыркүйектегі N 404
бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселесі бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушы салық төлеушілерге бірлескен тексерулер жүргізу кезіндегі прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы, салық және кеден қызметтері органдарының өзара iс-қимыл жасау ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережелер трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселесі бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушы салық төлеушілерге бірлескен тексерулер жүргізу кезіндегі прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы, салық және кеден қызметтері органдарының (бұдан әрі - комитеттер мен ведомстволар) өзара iс-қимыл жасау тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселесі бойынша салық тексерулерін жүргізу үшін тиісті комитеттер мен ведомстволар тиісті салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-ші күніне дейін тоқсан сайын тексерулер жүргізу қажеттілігінің себептерін негіздей отырып салық төлеушілердің тізбесін, сондай-ақ кейіннен тиісті салық органының бақылау-экономикалық жұмыс жоспарына енгізу үшін трансферттік баға белгілеу мәселелерімен байланысты растаушы материалдарды жібереді.
Тармақ 3
3. Тиісті салық органы комитеттер мен ведомстволардан осы ереженің 2-тармағында көрсетілген салық төлеушілердің тізбесін алған соң, бес жұмыс күні ішінде, аталған салық төлеушілер бойынша жоспар жасайды және тиісті комитеттер мен ведомстволарды мұндай тексерулер жүргізудің мерзімдері туралы және сол немесе басқа салық төлеушілердің тексеру жоспарына енгізілмеу себептерін хабардар етеді.
Тармақ 4
4. Салық төлеушілерге тексеру жүргізу мерзімдері туралы хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде комитеттер мен ведомстволар көрсетілген тексерулерге қатысу үшін мамандардың тізімдерін ұсынады және олардың бірлескен тексерулерде қатысуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселесі бойынша тексерулер жүргізудің тәртібі мен мерзімдері салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Прокуратура органдары
2. Прокуратура органдары
Тармақ 6
6. Тексеруді жүргізу кезінде ескеру үшін трансферттік баға белгілеу мәселелерімен байланысты қолдағы бар ақпаратты береді.
Тармақ 7
7. "Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерін түсіндіреді.
Тармақ 8
8. Тексеруге қатысқан прокуратура органының лауазымды тұлғасы тексеру нәтижелері бойынша анықтама жасайды.
Тарау 3. 3. Ұлттық қауіпсіздік органдары
3. Ұлттық қауіпсіздік органдары
Тармақ 9
9. Өз құзыреті шегінде жедел ақпарат беру жолымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың трансферттік баға белгілеу туралы заңнаманы сақтауына бақылауды жүзеге асыру бойынша салық қызметі органдары мен кеден органдарына көмек көрсетеді.
Тармақ 10
10. Қолдағы бар халықаралық келісімдердің шеңберінде, олар бойынша ақпарат тексерулердің нәтижелеріне әсер ететін тиісті сұрау салулар жібереді.
Тармақ 11
11. Тексеруге қатысқан ұлттық қауіпсіздік органының лауазымды тұлғасы тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жасайды.
Тарау 4. 4. Қаржы полициясы органдары
4. Қаржы полициясы органдары
Тармақ 12
12. Тексеруді жүргізу кезінде ескеру үшін трансферттік баға белгілеу мәселелерімен байланысты қолдағы бар басқа да ақпаратты береді.
Тармақ 13
13. Қолдағы бар халықаралық келісімдердің шеңберінде, олар бойынша ақпарат тексерулердің нәтижелеріне әсер ететін тиісті сұрау салулар жібереді.
Тармақ 14
14. Тексеруге қатысқан қаржы полициясы органының лауазымды тұлғасы тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жасайды.
Тарау 5. 5. Кеден органдары
5. Кеден органдары
Тармақ 15
15. Салық органдарымен бірлесе отырып трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселесі бойынша тексерулерді жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Жүк кедендiк декларация мен тауарға ілеспе құжаттарда мәлімделген мәліметтердің барлығын және дұрыстығын, сондай-ақ жүк кедендік декларацияда және оған қоса берілетін құжаттарда кеден органының лауазымды тұлғасының жеке нөмірлі мөрімен және қолымен куәландырылған кеден органы белгісінің барлығын тексереді.
Тармақ 17
17. Тексеруді жүргізу барысында тауарлардың экспорты (импорты) дұрыстығын, салық төлеушінің банктік шотына валюталық түсімнің немесе импорт бойынша тауарлардың түсімдерін тексереді.
Тармақ 18
18. Қолдағы бар халықаралық келісімдердің шеңберінде, олар бойынша ақпарат тексерулердің нәтижелеріне әсер ететін тиісті сұрау салулар жібереді.
Тармақ 19
19. Тексеру нәтижелері бойынша салық органдарымен бірлесе отырып тексеру актісін жасайды және қол қояды.
Тарау 6. 6. Салық қызметі органдары
6. Салық қызметі органдары
Тармақ 20
20. Уәкілетті мемлекеттік органдарға нарықтық бағалар, сапа, дифференциал және сату бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына әсер ететін жағдайлар бойынша ақпарат алу үшін сұрау салулар жібереді.
Тармақ 21
21. Кеден органдарымен бірлесе отырып кешенді жоспарлы тексерулердің шеңберінде трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселесі бойынша тексерулер жүргізеді.
Тармақ 22
22. Тексерулер аяқталған соң уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған ақпаратты және тексеруге қатысқан комитеттер мен ведомстволар уәкілетті тұлғаларының қорытындыларын ескере отырып тексеру актісін жасайды.