Об усилении ответственности должностных лиц в области защиты населения, окружающей среды и объектов хозяйствования от чрезвычайных ситуаций в области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облсысындағы төтенше жағдайлардан жене солардың кесірінен болған зардаптан халықты,қоршаған ортаны және шаруашылық объектілерін қорғау саласындағы лауазымды қызметкерлердің жауапкершілігін күшейту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық Әділет басқармасы бастығының 02.12.2003 жылғы қорытындысымен. Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 7 мамырындағы "Азаматтық қорғаныс" жене 1996 жылдың 5 шілдесіндегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі" Заңдары негізінде төтенше жағдайлардан және оның зардабынан халықты , қоршаған ортаны және шаруашылық объектілерін қорғауды күшейту мақсатында шешім етемін:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғаныс" Заңының 15 бабы 2 тармағының негізінде облыстық Азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары болып облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы X. А. Маматов бекітілсін;
Тармақ 2
2. Аудандардың және қалалардың әкімдері,меншік нысанына қарамастан,ұйымдардың,кәсіпорындардың,мекемелердің басшылары: Халықты, қоршаған ортаны жене шаруашылық объектілерін төтенше жағдайлардан жене оның зардаптарынан қорғау әрекеттерінің орындалуын жеке бақылауына алсын; төтенше жағдайлардан және оның зардаптарынан қорғау әрекеттерінің орындалуын жеке бақылауына алсын; төтенше жағдай болуының қаупі немесе төтенше жағдй болған кезде 1 сағаттың ішінде " Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою туралы шаралары жөнінде облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына мәлімет беру тәртібі туралы Ережеге "байланыс т ы ақпарат берс і н; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласында жасыру, уақытында хабарламау немесе әдейі жалған мәлімәт беруге жол бермесін; облыстық Азаматтық қорғаныс бастыгының орынбасары облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы бастығының табиги және техногендік төтенше жағдайлар саласындағы нұсқауларық дер кезінде, сапалы түрде және мерзімде орындасын; Төтенше жағдайлардың пайда болған әрбір оқиғасы жөнінде, әсіресе адам шығыны болса,себептерін және кінәлі адамдарын көрсетіп, мұқият тәксеру жүргізілсін, тексеру нәтижесін облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі басармасы арқылы облыс әкімінің аппаратына табыс етсін. техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмаудың барлық шарасын қолдансын.
Тармақ 3
3. Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы - облыстық Азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары: облыс аумағында болған барлық төтенше жағдайлардың есебін жүргізсін; әр тоқсан сайын аудандардың және қалалардың әкімдерін өндіріс, кісіпорын және мекеме басшыларын Қазақстан Республикасының Заңдарының, облыс әкімі мен оның орынбасарларының халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық объектілерін төтенше жағдайлардан және оның зардабынан қорғау туралы шешімдері мен нұсқауларының орындалуы жайлы тыңдап, тыңдау нәтижесін маған түрде хабарласын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарының міндетін орындаушы - Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссияның терағасы Ж.Р. Аманқұловқа жұктелсін.