Об утверждении Положения о присвоении звания «Почетный гражданки города Курчатова» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Курчатов қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Ережені бекіту жөнінде «Қазақстан Республикасьщдағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II ҚРЗ Заңының 6 бабына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Берілген «Курчатов қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихаттың депутаттық өкілеттік, әдеп және азаматтардың құқын қорғау мәселесі бойынша тұрақты комиссиясына жүтелсін (Семенин С.С.).
Тармақ 3
3. Осы шешім ШҚО әділет Департаментінің Курчатов қалалық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және 2005 жылдың 1 октябрінен қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. "Курчатов қаласының Құрметті азаматы атағын беру туралы Е р е ж е
Курчатов қалалық мәслихатының 19 сессиясының 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 19/109 -III шешіміне қосымша "Курчатов қаласының Құрметті азаматы атағын беру туралы Е р е ж е 1. Кіріспе
Тармақ 1. 2. Атақты беру тәртібі
1."Курчатов қаласының Кұрметті азаматы" атағы Курчатов қаласында тұрып, өзінің еңбек ету кезеңінде қаланың дамуына сондай-ақ өндірісті, білім- “ғылымды, мәдениетке, өнерге, денсаулықсақтауға және спортқа ерекше елеулі үлесін қосқан, жастар тәрбиесі ісіне, қоғамдық жұмысқа белсене қатысқан, қала тұрғындарының ілтипатына бөленген азаматтатарға және қаланың беделді тұрғындарына беріледі. 2. Атақты беру тәртібі
Тармақ 2
2."Курчатов қаласының Құрметті азаматы" атағы Қала күніне байланысты қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының шешімімен жылына бір рет екі адамға дейін беріледі.
Тармақ 3
3. Атақ беруге кандидатура туралы ұсыныс қала әкімімен енгізіледі, сондай-ақ қала әкімдігіне қалалық мәслихат депутаттарымен енгізілуі мүмкін, бірақ депутаттар санының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.
Тармақ 4
4. Өтініш хатқа кандидат туралы келесі деректер қоса берілуі тиіс:
Тармақша 1
1) кандидаттың өмірбаяны;
Тармақша 2
2) 13x18= 2 дана және 3x4= 2 дана фотосурет;
Тармақша 3
3) мінездеме (кандидаттың сіңірген еңбегі және марапатталған күні сөрсетілген үкіметуік, сондай- ақ өзге де марапаттауларының тізімі жасызлған);
Тармақша 4
4) хаттама қосымшасымен еңбек ұжымының немесе оның өкілдерінің киналысы негізіндегі кәсіпорын, ұйым басшысының өтініш хаты.
Тармақ 5
5. Ұсыныс қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына дейін бір ай бұрын жіберілуі тиіс.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік мәселелер жөніндегі ұдайы комиссия (депутаттық өкілеттік және қалалық мәслихат этикасы бойынша) екі апта ағымында қалалық .мәслихат сессиясында қарау үшін ұсыныс қорытындысын әзірлеуі тиіс.
Тармақ 7. 3."Курчатов қаласының құрметті азаматы" дипломының сипаты
7. Курчатов қаласының Құрметті азаматына қалалық мәслихат :сессиясында немесе еңбек ұжымында куәлік, диплом және "Курчатов қаласының құрметті азаматы" төс белгісі салтанатты түрде табыс етіледі. 8. Куәлікті, төс белгісін жасау бойынша шығындар қала бюджетінде қалалық мәслихат аппаратының қызметін қамтамасыз ету үшін көзделген қарпжаттар есебінен жүзеге асырылады. 3."Курчатов қаласының құрметті азаматы" дипломының сипаты
Тармақ 9. 4."Курчатов қаласының құрметті азаматы" белгісі туралы
9."Курчатов қаласының құрметті азаматы" дипломы тығыз ақ қағазда орындалады. Сыртқы бетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде: "Диплом, Курчатов қаласының Құрметтті азаматы" деген жазуы бар. Дипломның ішкі бетінде түрлі-түсті суреттелген Қазақстан Ресубликасының Елтаңбасы және "Курчатов қаласыньщ Құрметті азаматы" атағын беру туралы қалалық мәслихат шешімінің мәтіні : сол жақта - мемлекеттік тілде, оң жақта - орыс тілінде. Диплом Қазақстан Республикасы байрағының түсіне сәйкес арнайы папкасымен беріледі. 4."Курчатов қаласының құрметті азаматы" белгісі туралы
Тармақ 10. 5. Курчатов қаласьшың Құрметті азаматтарын тіркеу
10."Курчатов қаласының құрметті азаматы" белгісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының түсіне сәйкес боялған металлдан жасалады. "Курчатов қаласының құрметті азаматы" белгісіндегі жазу мемлекеттік тілде. 5. Курчатов қаласьшың Құрметті азаматтарын тіркеу
Тармақ 11. 6."Курчатов қаласының құрметті азаматы" атағынан айыру
11. Курчатов қаласының Кұрметті азаматтарын тіркеу қалалық мәслихатта сақталған Құрмет Кітабына жазу арқылы жүргізіледі. 6."Курчатов қаласының құрметті азаматы" атағынан айыру
Тармақ 12
12."Курчатов қаласының құрметті азаматы" атағынан қалалық мәслихат шешімімен төмендегідей жағдайларда айыру мүмкін:
Тармақша 1
1) құрметті атақ иесінің қылмыс жасағаны үшін соттың кінәлау үкімі заң күшіне енгеннен кейінгі айыпталуы;
Тармақша 2. 7. Курчатов қаласының құрметті азаматтарына ұсынылатын жеңілдіктер
2) атақ иесінің қоғамда үлкен дау туғызған жағымсыз қылықтары, атақ туралы ұсынысы бойынша. 13."Курчатов қаласының құрметті азаматы" атағынан айырылған тұлғалap қалалық мәслихатқа дипломын, куәлігін және төс белгісін қайтарады. 7. Курчатов қаласының құрметті азаматтарына ұсынылатын жеңілдіктер
Тармақ 14
14. Курчатов қаласының Құрметті азаматтары құрметті азамат куәлігін көрсете отырып, құрметті азамат ретінде салтанатты жиындар мен қалалық мерекелік іс-шараларға қатысуға құқылы.
Тармақ 15
15. Курчатов қаласының Құрметті азаматына Курчатов қаласының Күні құрметіне бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне бір реттік материалдық жәрдем беріледі. Курчатов қаласы әкім аппаратының басшысы А. Ондаканов