О реорганизации органов Государственной службы занятости области и об утверждении структуры областного управления труда, занятости и социальной защиты населения. Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың мемлекеттік жұмыспен қамту қызмет органдарын қайта құру және облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының құрылымын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық Әділет
басқармасы бастығының 02.12.2003 жылғы қорытындысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.01 . 1999ж. N 68 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының, және мемлекеттік халықты жұмыспен қамту қызметінің мәселелері" туралы қаулысының, негізінде шешін етемін:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің "Қазақстан Республикасы Үкі метінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік халықты жұмыспен к,амту қызметінің, мәселелері туралы" қаулысын іске асыру туралы" 1999 жылғы 1 ақпандағы N 18-6 бұйрығымен облыстық жұмыспен қамту орталығы - еңбек биржасы, оның функциясы облыстық еңбек және халыкты әлеуметтік қорғау басқармасына беріле отырып, таратылғаны қаперге алынсын.
Тармақ 2
2. "Облыстық еңбек жене халықты әлеуметтік қортау басқармасы" мекемесі- "Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы құрамында қосымша еңбек рыногы, лицензиялау және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі бөлімдер құрылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек , халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау баскармасының құрылымы, шығыстар сметасы және штат кестесі жалпы саны 72 адам жылдық еңбекке ақы төлеу қоры 11279,8 мың теңге, шығыстар сметасы 17537 мың теңге болып бекітілсін (1, 2, 3 қосымшалар).
Тармақ 5
5. Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (А.Баужанова) бағдарлама лардың әкімші - мекемесі ретінде екі апта мерзімде ведомствосына қарасты ұйымдарды заңдарға сәйкес қайта тіркетуді жүзеге асырсын:
Тармақша а
а) мемлекеттік мекемелер етіп;
-Ақтау қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі н;
-Жаңаөзен қалалық еңбек халықты жұмыспен қамту жене әлеуметтік қорғау бөлімін;
-Қарақия аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту жене әлеуметтік қорғау бөлімін;
-Бейнеу аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту жене әлеуметтік қорғау бөлімін;
- Түпқараған аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімін;
-Маңғыстау аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімін.
Тармақша б
б) коммуналдық, мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (КМҚК) - еңбек биржасы етіп;
-Ақтау коммуналдық, мемлекеттік қазыналық кәсіпорны – еңбек биржасын;
-Жаңаөзен коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны — еңбек биржасын;
-Қарақия коммуналдық, мемлекеттік қазыналық кәсіпорны – еңбек биржасын;
-Бейнеу коммуналдық мемлекеттік қазыналық, кәсіпорны – еңбек биржасын;
-Маңғыстау коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны – еңбек биржасын;
Тармақша в
в) әрбір мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның қаржылық балансын
бекітсін жене бір ай мерзімде калалық, аудандық еңбек биржалары бойынша
жинақталған қаржылық балансын келісуге облыстық қаржы басқармасына табыс етсін;
Тармақша г
г) мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қаржыландыруды бюджеттік қаржылундыру шеңберінде 1999 жылға арналып бекітілген бюджеттің шекті сомасында мемлекеттік тапсырыс шартымен жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасында С.Б.Шаметова аудандық, қалалық комунналдық мемлекеттік коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды –еңбек биржаларын бекітілген шығыстар сметасы шегінде облыстық бюджеттен уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М.Бортникке жүктелсін.
Басқа 12
№ 1 Қосымша
Облыс әкімінің
1999 жылғы 30 наурыздағы
№ 46 шешімімен бекітілген
Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының құрылымы
Басқа 13
№ 2 Қосымша
Облыс әкімінің
1999 жылғы 30 наурыздағы
№ 46 шешімінен бекітілген
Шығыстар сметасы
Басқа 14
№ 3 Қосымша
Облыс әкімінің
1999 жылғы 30 наурыздағы
№46 шешімінің
бекітілген
Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту жіне әлеуметтік қорғау басқармасының штат кестесі