Об утверждении Правил содержания домашних животных, собак и кошек в населенных пунктах Шемонаихинского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шемонаиха ауданының елді мекендеріндегі үй жануарларын, иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-II Заңының 10 бабы 1 тармағының 1,2 тармақшаларына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 311 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-И Заңының 6 бабына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Шемонаиха ауданының елді мекендеріндегі үй жануарларын, иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Шешім Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді
Басқа 3. Шемонаиха аудандық елді мекендеріндегі үй жануарларын, иттер мен мысыкщарды үстау ЕРЕЖЕСІ
Шемонаиха аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 18/9-ІІІ шешіміне қосымша Шемонаиха аудандық елді мекендеріндегі үй жануарларын, иттер мен мысыкщарды үстау ЕРЕЖЕСІ І. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережелермен Шемонаиха аудандық елді мекендерінде үй жануарларын ұстау тәртібі және жануарлар ауруларына қарсы алдын алу іс-шараларын жүргізу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ескеріледі.
Тармақ 2
2. Осы ережелер Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңы, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 156-11 Кодексі негізінде жасалды.
Тармақ 3
3. Осы ережелер Шемонаиха ауданының елді мекендері аумақтарында үй жануарлары бар барлық занды және жеке тұлғаларға таратылады, бұдан әрі мәтін бойынша «Иеленуші» деп аталады.
Тармақ 4
4. Иттері, мысықтары бар иеленушілер жалпы пайдаланудағы орындарды осы жануарларға ластауға жол бермеуді (олардың артынан міндетті түрде жинау), санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық нормалар мен оларды ұстау ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ адамдардың қауіпсіздігін міндетті түрде қамтамасыз етуге, үйде сағат 23-00 ден 7-00- ге дейін тыныштықты қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 5
5. 4 тармақта көрсетілген талаптарды сақтау кезінде ұстауға рұқсат етіледі:
Тармақша 1
1) жеке үйлерде, тек қана сенімді қоршалған аумақтарда, иттер ұстауға, иттің бар екендігі туралы кіреберісте жазу болу керек;
Тармақша 2
2) санитарлық-эпидемиологиялық жөне ветеринарлық қызмет рұқсатымен балалар мен жас өспірімдер мекемелерінде, жазғы және қысқы сауықтыру санитарлық-курорттық мекемелерде (санаториялар, демалу орындары, пансио- наттар) «зообұрыштарда», «тірі бұрыштарда» иттер, мысықтар мен басқа жануарлар;
Тармақша 3
3) мекемелер мен ұйымдарда күзет иттерді тек қана байлауда немесе вольерлерде;
Тармақша 4
4) тыйым салынатын жазулар жоқ болса, мекемелерде, азық-түлік емес дүкендерде, поштада тұмылдырықпен немесе қысқа баулы итпен иесі болса рұқсат етіледі;
Тармақ 6
6. Қоғамдық көліктерде иттер мен мысықтарды тасымалдау жолаушыларды мазаламау шартымен жүзеге асырылуы керек. Бүл жағдайда жануарлар не тұмылдырықта, не арнайы торларда, қолдорбаларда болу керек.
Тармақ 7
7. Қоғамдық орындарда иттерді адамдар ертіп жүрмесе (көшелерде, аула аумақтарында, бақтарда, саябақтарда, жөне басқа жерлерде) иелері байлауда қалдырғандардан басқасы, қаңғып жүрген деп есептеліп, қаңғыбас кезбе және өлген жануарлар өлексесін жинау және бес төулік бойы вольерде ұстау бойынша арнайы бригадалармен міндетті түрде ұстауға жатады
Тарау 2. 2. Үй жануарлары иелерінің міндеттері:
2. Үй жануарлары иелерінің міндеттері: 8 Ит пен мысық иелері:
Тармақша 1
1) үнемі жануарларға жүйелі егуді жүргізуге;
Тармақша 2
2) Ит пен мысық келтірген жарақаттар туралы, ит тістеп алған жағдайда медициналық мекемелерге, қалалық ветеринарльгқ стансаларға тез хабарлауға;
Тармақша 3
3) Көшелерде ит тек қана қысқа баумен, ал үлкен ит болса — Тұмылдырықпен қыдыртуға;
Тармақша 4
4) пайдалануында жер учаскесі болтан жағдайда тек қана сенімді коршалған аумақта иттерді еркін немесе байлауда ұстауға;
Тармақша 5
5) иесі жануарларды биологиялық қажеттілігіне сай ұстауға, онымен дұрыс қарым-қатынас жасауға,қараусыз қалдырмауға, ал ауырған жағдайда уақытында ветеринарлық көмек көрсетуге міндетті;
Тармақша 6
6) аулаларды, үйдің кіреберістердегі, баспалдақ бөліктерін, балалар алаңшаларын, жолдарды, жаяусоқпақтарды, саябақтарды, демалыс орындарын ластамау, ал ластаған жағдайда арнайы құралдармен (пакет, қалақша) міндетті түрде жинауды жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 9
9. Мал мен құс иелері:
Тармақша 1
1) мал мен құс иелері жануарларды аулада көршілерге ыңғайсыздық келтірмейтін арнайы бөлінген және бейімделген жайларда ұстауға;
Тармақша 2
2) Мал иелері оларды ұстаудың зоотехникалық және ветеринарлық- санитарлық талаптарын сақтаута, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге міндетті.
Тармақша 3
3) Мал жайларын тоқсан сайын әк таспен әктеуге және жылына бір рет уытсыздандыруға міндетті. Көң, тамақ қалдықтарын, қоқысты арнайы бөлінген жерлерге уакытында шығаруға міндетті.
Тармақша 4
4) Малды көшелерге, алаңдарға, саяжайларға және басқа жалпы қолданымдағы жерлерге шығаруға тыйым салынады.
Тармақ 10
10. Жануарлар иелеріне тыйым салынады:
Тармақша 1
1) Жануарларды балалардың аула алаңшаларына, балалардың мектепке дейінгі мекемелері, мектептер мен оқу орындары, денсаулық сақтау нысандары, спорт алаңдары, саябақтар, сутартқылар мен қалалық жағажай аумақтарында қыдыртуға;
Тармақша 2
2) мас күйіндегі адамдар мен 14 жасқа толмаған балаларға қоғамдық орындарда жануарларды қыдыртуға және олармен көлікке отыруға;
Тармақша 3
3) жануарларды қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына, сауда және ақық-түлік дүкендерінің өндіріс залдарына әкелу мен ұстауға;
Тармақша 4
4) жалпы қолдану орындарында, кіреберістерде, баспалдақ бөліктері мен шатырдың астында, жертөлелерде, жатақханалардың дәліздерінде жануарларды ұстауға;
Тармақша 5. З. Жануарлар иесінің күкріғы.
5) өлген жануарлар өлексесін тастауға немесе өз еркімен көмуге. З. Жануарлар иесінің күкріғы.
Тармақ 11
11. Кез келген жануар иесінің жеке меншігі болып табылады және әрбір жеке меншік сияқты заңмен қорталады.
Тармақ 12
12. Жануар құтырық ауруымен ауырған жағдайдан басқа кезде, иесінен тек оның келісімі бойынша ғана алынады
Тармақ 13
13. Иесі итін шектеулі уакытқа уақытқа дүкен немесе басқа мекеме жанында (үлкен итті — тұмылдырықта) қысқа баумен байлаулы қалдыруға құқы бар.
Тарау 4. 4. Осы ережелерді сащпамағаны үіиін жануар иесінің жауапкершілігі
4. Осы ережелерді сащпамағаны үіиін жануар иесінің жауапкершілігі
Тармақ 14
14. Иеленуші ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды сақтамағаны үшін ж әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 310 бабына сәйкес жауап береді.
Тармақ 15
15. 0сы Ережелерді бұзғаны үшін жануарлар иелері өкімшілік кұкык бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 311 бабына сөйкес жауап береді. Айыпақы салу туралы қаулыны АІІБ өкілі жазып береді. Материалдық зиян келтірген жағдайда жөбірленуші өтемін алу үшін сотқа беруге кұкығы бар.
Тармақ 16
16. Жануарлармен қатыгез қарым-қатынасы үшін олардың өліміне немесе Мертігуіне әкеп соқса, жануар иесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 276 бабына сәйкес қылмыстық жауап береді.
Тармақ 5
5. Ветеринарлык, щдағалау органдарының міндеттері
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігінің Шемонаиха аудандық аумақтық басқармасы міндетті:
Тармақша 1
1) жануарлар иелерімен ветеринарлық-санитарлық іс-шаралардың орындалуына, оларды орындау мерзіміне бақылау жасауға;
Тармақша 2
2) жануарлар ауруының алдын алу, жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан халықты қорғау, Шемонаиха аудандық елді мекендерінде ветеринарлық- санитарлық бақуаттылықты қамтамасыз ету мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті.