О комиссии по борьбе с наркоманией и наркобизнесом при акимате Шемонаихинского района Қолданыста
Басқа 0
Шемонаиха ауданы әкімиятының жанындағы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссия туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағы 17-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 сөуірдегі № 411 "2004- 2005 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің Бағдарламасы туралы" қаулысына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шемонаиха ауданы әкімиятының жанынан нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссия құрылсын (бұдан әрі комиссия) (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Комиссияның жеке құрамы Шемонаиха аудандық мөслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) Комиссия туралы Ереже (2 қосымша);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 411 қаулысының орындалуы бойынша іс-шаралар жоспары (3 қосымша).
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.А. Беляеваға жүктелсін.
Басқа 7. Шемонаиха ауданы әкімиятының жанындағы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссияның дербес құрамы
Шемонаиха ауданы
әкімиятының
2005 жылғы 06 қыркүйек
№ 1262 қаулысына
1 -қосымша
Шемонаиха ауданы әкімиятының жанындағы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссияның дербес құрамы
Беляева Любовь Алексеевна
- аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы
Айткенов Марат Ешімұлы
- АІІБ қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы, комиссия төрайымының орынбасары аудан әкімі
Тайшұбекова Ахия Мансұрқызы
–- аппаратының мемлекеттік-құқықтық және кадрлар бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Абайділдінов Түсүпхан Мүсінұлы
- "Шемонаиха АОА" КМҚК бас дәрігері
Колтунова Татьяна Дмитриевна
- білім және спорт бөлімінің бастығы
Степанова Татьяна Сергеевна
- ішкі саясат бөлімінің бастығы
Селтеева Әлия Қайыпқанқызы
- мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы
Лымарь Виталий Иванович
- Глубокий ауданы бойынша ҚПӨБ ерекше маңызды істері жөніндегі аға инспекторы
Аудан әкімі аппаратының басшысы
Ж. Қалиева
Басқа 8. Аудан әкімідігі жанындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комиссия туралы
Шемонаиха ауданы
әкімиятының
2005 жылғы 06 қыркүйек
№ 1262 қаулысымен
бекітілген
Аудан әкімідігі жанындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігі жанындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі Комиссия (бұдан әрі мәтін бойынша "Комиссия") консультативтік-кеңес органы болып табылады да, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөнінде мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін құрылды.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Конституцияға, қолданыстағы заңнамаларға, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылгы 16 мамырдағы № 394 Жарлығымен бекітілген, 2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес стратегиясына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз құзырындағы мәселелер бойынша қаралатын мөселелердің сипаты мен мазмұнына қарай комиссия хаттамасымен ресімделетін ұсынымдарды әзірлейді, қорытындылар береді.
Тармақ 4
4. Комиссия аудан әкімінің орынбасары болып табылатын төрағадан, төраға орынбасарынан, және хатшыдан тұрады.
Тармақ 5
5. Комиссия мүшелері лауазымы бойынша АІІБ -ның қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы, білім және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің бастықтары, "Шемонаиха АОА" КМҚК бас дәрігері болып табылады.
Сондай-ақ басқа да лауазым тұлғалар, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер мүшелері және жеке азаматтар Комиссия мүшелері болуы мүмкін.
Тармақ 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 6
6. Комиссияның негізгі міндеттері мыналарға жәрдемдесу:
Тармақша 1
1) нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатқа негізделген өзара байланысты бара-бар шаралар кешенін жүзеге асыру кезінде жаңа тәсілдерді әзірлеуге;
Тармақша 2
2) ауданда нашақорлықпен және есірткі бизнесінің таралуына, нашақорлықтың және есірткі қылмысының алдын алу, есірткіге тәуелді тұлғаларды емдеу және сауықтырудың тиімді мемлекеттік және қоғамдық қарсы әрекеттер жүйесін нығайтуға және құруға;
Тармақша 3
3) аудан халқында әлеуметтік есірткіге карсы иммунитет қалыптастыру болып табылады.
Тармақ 7
7. Жүктелген міндеттеріне сәйкес мыналар бойынша ұсынымдар әзірлеу Комиссияның функциясы болып табылады:
Тармақша 1
1) есірткілік құралдар, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымына және оларды шектен асыра қолдануға қарсы өрекеттер саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) есірткінің заңсыз айналымына қарсы әрекеттер механизмін іске асыру және одан әрі жетілдіру, есірткіні асыра қолданатын тұлғаларды дер уақытында анықтау, оларды емдеу және әлеуметтік сауықтыру;
Тармақша 4
4) бұл істе мемлекеттік органдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын, оқу орындарын, медициналық, мәдени спорттық мекемелерді, үкіметтік емес ұйымдарды, қогамдық бірлестіктер мен халықты белсенді қатыстыру арқылы нашақорлықтың және есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыспен күрес тиімділігін арттыру.
Тармақ 3. 3. Комиссия өкілеттігі
3. Комиссия өкілеттігі
Тармақ 8
8. Комиссия өзінің негізгі міндеттерін іске асыру және функцияларын жүзеге асыру барысында мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) атқарушы, құқық қорғаушы және басқа мемлекеттік органдардан, үкіметтік емес ұйымдардан жөне қоғамдық бірлестіктерден өз құзыры шеңберінде нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Стратегияларын, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын, сондай-ақ өз іс-шараларын жүзеге асыру туралы ақпараттар сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік нашақорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысатын мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің қызметтерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің лауазымды тұлғаларының есептерін тыңдауға;
Тармақша 4
4) аудан әкімінің, аудандық мәслихат сессиясының, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың қарауына нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің айрықша өзекті мәселелерін қарауға және осы саладағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізуге.
Тармақ 9
9. Комиссия мыналарға:
Тармақша 1
1) олардың құзырына енетін олармен қолданыстағы заңнамаларға сойкес функцияларды жүзеге асыру кезінде онымен кызметтерін үйлестіретін мемлекеттік органдардың дербестік сақтауын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың алдында өзінің қызметтері, аудандағы нашақорлық жағдай және оны жақсарту жөніндегі шаралар туралы есеп беруге міндетті.
Тармақ 4. 4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Комиссияның дербес құрамы қала әкімінің ұсынысы бойынша қалалық мәслихатпен бекітіледі.
Тармақ 11
11. Комиссия өз құрамында кіші комиссия, кеңес, жұмыс топтарын құра алады.
Тармақ 12
12. Комиссияның жұмысы алқалық және жеке жоспар бойынша жариялылық негізінде құралады.
Тармақ 13
13. Комиссия өз жұмысын мемлекеттік, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, осы Ережемен көрсетілген міндеттер мен функциялардың мазмұны және нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес Стратегиясында Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалармен көзделген негізгі іс-шаралар негізінде үйлестіреді.
Тармақ 14
14. Комиссия өзінің кезекті отырысын кем дегенде тоқсанда бір рет өткізеді. Отырыс Комиссия мүшелерінің жартысынан астамы болған жагдайда құқықты деп саналады. Кезектен тыс отырыстар Комиссия төрағасы (төрайымы) - аудан әкімінің орынбасарының бастамасы бойынша немесе Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамының бастамасы бойынша шақырылады.
Тармақ 15
15. Комиссия төрагасы (төрайымы):
Тармақша 1
1) Комиссия қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және оның жұмысына басшылық етеді;
Тармақша 2
2) Комиссияның құзырына енетін мәселелер бойынша мемлекеттік, құқық қоргау және басқа органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен қоғамдық бірлестіктермен және азаматтармен өзара іс- қимыл жасайды.
Тармақша 3
3) өзінің қызметі туралы аудан әкімі, аудандық мәслихат алдында аудандағы нашақорлық жағдай туралы есеп береді.
Тармақша 4
4) осы Ережемен көзделген басқа да өкілеттіктерді іске асырады.
Тармақ 16
16. Комиссия мүшелері мыналарға:
Тармақша 1
1) аталмыш алқалық органның құзырына жататын мәселелерді комиссияда қарау кезінде кеңестік дауысқа;
Тармақша 2
2) Комиссия қабылдаған шешіммен келіспеген жагдайда жазбаша түрде Комиссия төрағасының назарына жеткізе отырып, өзінің ерекше пікірін білдіруге;
Тармақша 3
3) Комиссия төрағасының тапсырыстары бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің басшылық құрамының және ұжымдарының мәжілістеріне, отырыстарына, жиналыстарына қатысуға құқылы;
Тармақша 4
4) Комиссия төрағасың (төрайымының) тапсырмаларын орындауға міндетті.
Аудан әкімі аппаратының басшысы
Ж. Қалиева
Басқа 49. 2004-2005 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасындағы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 411 қаулысын жүзеге асыру жөніндегі
іс-шаралар ЖОСПАРЫ
Шемонаиха ауданы
әкімиятының
2005 жылғы 06 қыркүйек
№ 1262 қаулысына 3-қосымша
2004-2005 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасындағы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 411 қаулысын жүзеге асыру жөніндегі
іс-шаралар ЖОСПАРЫ
Іс-шаралар
Аяқгалу түрі
Орындалуына
жауаптылар
Орын-
далу
мерзімі
1.
Қоғамдық, есірткілік иммунитет қалыптастыру мақсаттарында ақпараттық, үгіт және кеңес беру жұмыстарын жүргізу
БАҚ-та
ақпараттар, аудан әкімінің аппаратына істелген жұмыстар туралы ақпарат
АІІБ, білім және спорт бөлімі, ҚПӨБ (келісім бойынша), "Шемонаиха АОА" КМҚК, қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісім бойынша)
Тоқсан
сайын
2.
Азаматтарды есірткіге қарсы күрес заңнамасын сақтау қажеттігі туралы, мемлекеттік органдар нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы жүргізіп жатқан шаралар туралы ақпараттандыру
БАҚ-та
ақпараттар, аудан әкімінің аппаратына істелген жұмыстар туралы ақпарат
АІІБ (келісім бойынша), білім және спорт бөлімі, ҚПӨБ (келісім бойынша), "Шемонаиха АОА" КМҚК, қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісім бойынша)
тоқсан
сайын
3.
Бұқаралық спорттық және туристік іс- шаралар ұйымдастыру
БАҚ-та
ақпараттар, аудан әкімінің аппаратына істелген жұмыстар туралы ақпарат
білім және спорт бөлімі, "Шемонаиха АОА" КМҚК, АІІБ (келісім бойынша), ҚПӨБ (келісім бойынша), қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісім бойынша)
2005ж.
4.
Жастардың демалысын дұрыс ұйымдастыру бойынша семинар- тренинг өткізу жөніндегі іс- шараларды ұйымдастыру
БАҚ-та
ақпараттар, аудан өкімінің аппаратына істелген жұмыстар туралы ақпарат
білім және спорт бөлімі, "Шемонаиха АОА" КМҚК, АІІБ (келісім бойынша), ҚПӨБ (келісім бойынша), қорғаныс істері
жөніндегі бөлім (келісім бойынша)
2005 жылғы 4 тоқсан
5.
"Допинг","Мак","Канал","Арна", "Подросток" жөне т.б. арнайы жедел профилактикалық операциялар жүргізуді жалғастыру
аудан әкімінің аппаратына істелген жұмыстар туралы ақпарат
АІІБ (келісім бойынша), ҚПӨБ (келісім бойынша), АҮҚКБ (келісім бойынша), білім және спорт бөлімі, "Шемонаиха АОА" КМҚК, қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісім бойынша)
2005 жыл
6.
Құрамында есірткі бар өсімдіктерді қауіпсіз экологиялық әдістермен жою жөніндегі ғылыми ізденістік жұмыстардың нәтижелерін сараптау және қолдануды ұйымдастыру
аудан әкімінің аппаратына істелген жұмыстар туралы ақпарат
АІІБ (келісім бойынша), ҚПӨБ (келісім бойынша), АҮҚКБ (келісім бойынша), білім және спорт бөлімі, "Шемонаиха АОА" КМҚК, қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісім бойынша)
2005жыл
7.
Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ақпарат, тәжірибе және әдістермен алмасу мақсаттарында ведомствоаралық семинар-кеңестер өткізу
аудан әкімінің аппаратына ақпарат
АІІБ (келісім бойынша), ҚПӨБ (келісім бойынша), АҮҚКБ (келісім бойынша), қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісім бойынша)
2005жыл
8.
Есірткіге тәуелділерді әлеуметтік психологиялық сауықтыру орталығын құру жөніндегі қажетті іс-шараларды жалғастыру
аудан әкімінің аппаратына істелген жұмыстар туралы ақпарат
АІІБ (келісім бойынша), "Шемонаиха АОА" КМҚК
2005жыл
Аудан әкімі аппаратының басшыс
Ж.Қалиева