О внесении дополнения в Закон Республики Казахстан "О государственных социальных пособиях по инвалидности, по случаю потери кормильца и по возрасту в Республике Казахстан" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына толықтыру енгізу туралы
Бап 1
1-бап. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 11, 154-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 6-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: "3-1. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.".
Бап 2
2-бап. Осы Заң 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.