Об изменениях в административно-территориальном устройстве Алматинской, Восточно-Казахстанской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областей Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемiн:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) Алматы облысы бойынша: Гвардия, Қапал, Кеген, Күртi, Үйгентас, Шелек аудандары;
Тармақша 2
2) Шығыс Қазақстан облысы бойынша: Абыралы, Ақсуат, Большенарым, Мақаншы, Марқакөл, Самар, Таврия, Шар, Шұбартау аудандары;
Тармақша 3
3) Қарағанды облысы бойынша: Қарағанды қаласының Киров және Ленин аудандары, Ағадыр, Жездi, Қазыбек би, Молодежный, Тельман, Теңiз, Тоқырауын аудандары;
Тармақша 4
4) Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша: Возвышен, Преснов аудандары таратылсын.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының Серебрянка және Қарағанды облысының Абай қалалары аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын. Әкiмшiлiк жағынан: Серебрянка қаласы - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының әкiмiне; Абай қаласы - Қарағанды облысы Мичурин ауданының әкiмiне; 📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2003.12.11. N 1247 жарлығымен .
Тармақ 3
3. Мыналардың:
Тармақша 1
1) Алматы облысы Райымбек ауданының әкiмшiлiк орталығы Нарыңқол селосынан Кеген селосына;
Тармақша 2
2) Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкiмшiлiк орталығы Катонқарағай селосынан Большенарым селосына;
Тармақша 3
3) Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкiмшiлiк орталығы Ақжар селосынан Ақсуат селосына;
Тармақша 4
4) Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкiмшiлiк орталығы Никитинка селосынан Молодежный поселкесiне;
Тармақша 5
5) Қарағанды облысы Мичурин ауданының әкiмшiлiк орталығы Топар поселкесiнен Абай қаласына;
Тармақша 6
6) Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкiмшiлiк орталығы Благовещенка селосынан Пресновка селосына ауыстырылсын.
Тармақ 4
4. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қарағанды облысының Мичурин ауданы Абай ауданы болып;
Тармақша 2
2) Қарағанды облысының Ульянов ауданы Бұқар жырау ауданы болып аталсын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қолданатын болсын.
Тармақ 6
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.