Қарқаралы ауданының аумағындағы елді - мекендері көркейту Қағидасын бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Қарқаралы ауданының аумағындағы
елді - мекендері көркейту Қағидасын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің негізінде аудандық Мәслихаттың кезектен тыс жиырмасыншы сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Қарқаралы ауданының аумағындағы елді-мекендерді көркейту Қағидасы» бекітілсін (№1 қосымша).
Тармақ 2
2. Бекітілген Қағида Әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдансын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық Мәслихаттың «Бюджет саясаты мен экономика, аграрлық мәселе және экология, өндіріс, құрылыс, байланыс, көлік және коммуналдық шаруашылық жөніндегі» тұрақты комиссияға (Р.Әлин) және аудан әкімінің орынбасары С.Ж.Аймақовқа жүктелсін.
Келісілді
Қарқаралы ауданының қала қурылысы,
қурылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары
бөлімінің меңгерушісі
Омаров Талғат Зейноллаұлы
22 қазан 2005 жыл
Басқа 4. Қарқаралы ауданының аумағындағы елді-мекендерді көркейту
Қағидасы
2005 жылғы 22 қазандағы
Қарқаралы аудандық Мәслихатының
№20/70 шешімімен бекітілген
№1 қосымша
Қарқаралы ауданының аумағындағы елді-мекендерді көркейту
Қағидасы
Осы Қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (Ерекше бөлім), Қазақстаң Республикасының Әкімшілік Құқықбұзушылық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесін бекіту туралы» сәйкес әзірленіп дайындалды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қарқаралы ауданының көркейту қағидасы елді-мекендердегі қоршаган ортаны толығымен күтіп ұстау және ғимараттар бойынша шаралар кешенін өткізу тәртібін анықтайды, көркейту элементтері мен объектілерінің жағдайына сәулет, санитарльқ және экологиялық сипаттағы негізгі талаптарды анықтайды.
Осы қағида аудан аумағында тұратын немесе өз қызметін жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғалар үшін меншік нысанына қатыссыз міндетті болып табылады.
Тармақ 2
2. Қағида нормативтік құжат болып табылады, оған ауданды көркейтуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар өндірісін жүргізу және ұйымдастыру, сондай-ақ барлық меншік түріндегі заңды және жеке тұлғалардың жауапкершілігі, міндеті және құқығы енеді.
Тармақ 3
3. Меншік нысанына қарамастан ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды түлғалар және азаматтар көркейту Қағидасын сақтауға міндетті.
Тармақ 4
4. Қарқаралы ауданы әкімдігі жанындағы қала, поселке және селолық округтер әкімдері көркейту және инженерлік инфрақұрылымдар элементтері мен объектілерін қорғау, ағымдағы және күрделі жөндеу, қызмет көрсету, күтіп ұстау жөніндегі кәсіпорындармен шарттар жасау, ортақ пайдаланыстағы объектілерде және аумақтарда мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру, көркейту жөніндегі қызметтерді үйлестіруде тапсырыс берушінің қызметін жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Көркейту элементтері мен объектілерін, инженерлік инфрақұрылымдарды, жағдайды қамтамасыз етуге бақылау жасауды жүзеге асыруға тиісті өкілетгі мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Қағида да қолданылатын негізгі түсініктер
2. Қағида да қолданылатын негізгі түсініктер
Тармақ 6
6. Өкілетті орган - Қарқаралы ауданың көркейту қызметін жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік атқарушы органдар.
Тармақ 7
7. Көркейту - адамның елді-мекендерде жақсы да жайлы және қауіпсіз өмір сүру ортасын қамтамасыз ететін элементтер мен жұмыстар кешені. Осы жұмыс кешені төмендегі негізгі бағыттар бойынша көркейту объектілері мен элементтерін жөндеу және қорғау, пайдалану, күтіп ұстау және ұйымдастыруды қарастырады: инженерлік көркейту, сыртқы көркейту, санитарлық көркейту, көгалдандыру, жарықтандыру, үй маңындағы аумақты көркейту.
Тармақ 8
8. Бекітілген аумақ - белгіленген аумаққа созылатын немесе оған қызмет ету үшін пайдаланатын немесе қорғау зонасы табылатын жер учаскесі.
Тармақ 9
9. Инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдар-инженерлік жабдықтар, байланыс, көлік коммуникациялары мен құрылымдары, сондай-ақ ауданның қызметі мен дамуын тұрақты қамтамасыз ететін, тұрғындарға әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін объектілер кешені.
Тармақ 10
10. Жер жұмыстары - аумақты қазу, тас төсеу және қайта жабумен байланысты жұмыстар.
Тармақ 11
11. Бөлінген аумақ - өкілетті органның шешіміне сәйкес, жер пайдаланушыға өзіне қарасты объектілерді (пайдалану) орналастыру үшін меншікке немесе пайдалануға берілген жер учаскесі.
Тармақ 12
12. Салынбаған аумақ - жобалаудың негізгі нормаларын қолдануды шектейтін, жер үсті және жер асты құрылыс түрлері жоқ аумақ.
Тармақ 13
13. Санитарлық тазалау - жинау жүйесі, қалдықтарды жою және жинау, қайта өңдеу, залалсыздандыру.
Тармақ 14
14. Қаттытұрмыстық қалдықтар - бұл жалпы және тұрғылықты ғимараттарда пайда болған тұрмыстық қоқыстары, қазіргі пәтерлерді жөндеудегі, жергілікті жылытудағы жылыту қондырғыларындағы, қалдықтарды, тротуар және аула маңындағы, үй тұрмысындағы ірі заттар қалдықтары.
Тармақ 15
15. Сұйық тұрмыстық қалдықтар - кәзір жүйесіне қосылмаған үй-жай қалдықтары.
Тармақ 16
16. Қалдықтар жиынтығы - олардың пайда болу көзінен бекітілген шоғылдандырылған орындарға қалдықтарды қабылдау бойынша арнайы кәсіпорынның қызметі.
Тармақ 17
17. Қалдықтарды шығару (жою) -анықталған орынға қалдықтарды автокөліктермен жеткізу (қалдықарту пункті, қалдық жинау орны, полигон).
Тармақ 18
18. Қалдықтарды көму - арнайы орындарға (полигон) одан әрі пайдалануға келмейтін қалдықтарды қоршаған табиғат ортасына зияңды заттардың түсуінің алдын алу мақсатында оқшалау.
Тармақ 19
19. Полигон - жергілікті атқару органдары шешімдерімен анықталған, қалдықтарды жою және бүктеуге арналған, жалпы қолдану орындары.
Тармақ 20
20. Инженерлік жүйелер мен құрылғылар - аудан тұрғындары мен кәсіпорындарының қажеттіліктеріне кешенді қызмет көрсетуге, елді мекендер аумағынан жер үстіндегі суды жинап, бұруға арналған инженерлік көркейтудің маңызды элементтері.
Тармақ 21
21. Қоғамдық орындар - ортақ пайдаланыстағы демалу аймақтары (бақтар, жағажайлар, скверлер), алаңдар, қоғамдық көліктердің аялдамалары.
Тармақ 22
22. Көше - даңғыл жолдар, тротуарлар, жасыл көшеттер, жер асты және жер үсті инженерлік желілері орналастырылған аумақ.
Тарау 3. 3. Жалпы талаптар
3. Жалпы талаптар
Тармақ 23
23. Заңды және жеке тұлғалар жол жамылғыларының, тротуарлар, көк майсалар және басқа объектілердің, көркейту элементтерінің және инженерлік құрылғылардың бүлінуіне байланысты, жұмыстарды жол жергілікті әкімдіктерінен жөндеу мәселелерімен органдарымен жазбаша рұқсат қағаз негізінде (ордер) ғана іске асырылады.
Тармақ 24
24. Көлік жолдарын пайдаланушылар келісімді іске асырады:
Тармақша 1
1) өкілетті органдармен, жол полициясы бөлімдерімен және төтенше жағдай бойынша басқармамен мыналарды келісімдеуге:
қатты әсер ететін және радиоактивті, қопарғыш заттар таситын ірі аумақты және (немесе) ауырсалмақты көлік құралдары жолын;
көлік жолдарын арналармен, байланыс және электр беру жүйелерімен, газ, су өткізуші және темір жолдармен және басқа инженерлік және коммуникация жүйелерімен қиылысумен;
бір деңгейде көлік жолдарымең қиылысу кезіндегі қосымша жолдарды төсеу немесе теміржолдарының төмендеуін және жоғарлауын;
теміржол өткелдерін тарату және жөндеу, қайта жөндеу, орнату;
көлік жолдарын бақылау зонасында және бөлінген жол жиегінде дүңгіршектер, павильондар немесе басқа ғимараттар орнатуды;
жол ақпаратына қатысы жоқ, транспаранттардың көлік жолдарын, жарнама, плакаттарды жол жиегіне орнатуды;
көлік жолдарының бақылау зонасына және жол жиегіне сыртқы жарықтандыру тірегін орнатуды;
жолдарда жалпылай және спорт шараларын өткізуді;
аялдама пункттерінің орнатылуын және жолаушылардың жалпы пайдалану транспорт құралдары қозғалысы маршруттарының ашылуын;
жүктерді арту және тасу үшін алаң және жолдардан келуді орнату;
бөгет болатын түрлі жұмыстарды өңдіруге;
Тармақша 2
2) өкілетті органымен мыналарды келістіруге:
жолдарды бақылау зоналарында және жол жиегіндегі карьерлерді өндеуді, сәнді көшеттерді, дуалдарды орнатуды, ескерткіштер, ғимараттарды қалпына келтіруді;
көлік жолдарының жиек жолағындағы көшеттерді отырғызу және алуды;
Тармақ 25
25. Жер жұмыстары өндірісіне рұқсат (ордер) беру тәртібі:
Тармақша 1
1) жер асты құрылғыларын, жолдарды және басқа жұмыстарды салуға, жөндеуге және қайта жаңартуға байланысты жер жұмыстарын көлік жолдарының баланста ұстаушы өкілетті органынан және жол полициясы органынан жұмыс өндіру құқына арнайы рұқсат (ордер) берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
Тармақша 2
2) өкілетті органдарынан осы жұмысты өндірушілер, үйымның инженерлік коммуникациясын жөндеу және өткізуге рұқсат алу үшін төмендегі құжаттарды ұсынуға міндетті;
белгілі тәртіпте өңделген және бекітілген бас жоспар көшірмесін немесе жоба құжаттарын;
жұмыс өндірудің күнтізбекті кестесі;
жолдың бүлінген элементтерін қалпына келтіру туралы міндетті. Жер жұмыстарын ондіруге рұқсат беру (ордер) 2 - күндік мерзімде орындалады.
Тармақ 26
26. Шұғыл аварияны қалпына келтіру жұмыстары, осы қағиданың 25 тармағында бекітілген рұқсат беру тәртібімен келесі рәсімдеуімен, осы жолдар мекеме бақылауындағы, өкілетті органның өкілінің қатысуымен орындалуы керек.
Тармақ 27
27. Жұмыс өндіруші жұмыс басталғанға дейін төмендегілерді орындауға міндетті:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгіде ескерту белгілері мен қажетті қоршауларды жұмыс жүргізілетін қауіпті аймақ шекарасы бойына орнату;
Тармақша 2
2) жүргіншілер жүретін жерлерге құрылғылар орнату және қазылған аумақтарды түңгі уақытта жарықпен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) нөсерлік кәріз жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау;
Тармақша 4
4) механизімдер жұмыс істейтін аймақтарда жасыл көшеттер болған жағдайда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қатты қалқандармен қоршау;
Тармақша 5
5) жол өткелдері мен қозғалыс жолдарын жабу қажет болған жағдайда айналама жолдарды дайындап, тиісті белгілер арқылы айналама жолдарды анық көрсету;
Тармақша 6
6) жұмыс өндірісі қолданыстағы нормалар мен ережелерге, сондай-ақ ордерде көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі;
Тармақша 7
7) құрылыс матералдарын сақтау жел ұшырмайтын және шаң - тозаңды болдырмайтын шараларды сақтала отырып жүргізіледі. Жұмыс барысында одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдар өндіріс процесінде шығарылады. Жасыл көшеттер, жер асты құрылымдарының құдық қақпақтарын, су ағар торларды, лотоктарды және т.б. құрылыс материалдарымен және топырақпен жабуға жол берілмейді. Құрылыстың аталған элементтерін қорғау үшін люктер мен құдықтарға қол жеткізуге мүмкіндік болатындай ағаш қалқандар және қоршаулар қолданылуы тиіс.
Тармақ 28
28. Қоршаған ортаның нашар жағдайын ескере отырып, ауданды көркейту мақсатында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға, жеке тұлғаларға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) қоқыстарды, тұрмыстық қалдықтарды, лайлар мен басқа да қоқыстарды, құрылыс қалдықтарын, сондай-ақ қар мен мұзды арнайы бөлінген орындардан басқа, нөсер қабылдағыштар мен торларға, байқайтын және бақылайтын кәріз жүйесіндегі құдықтарға, су құбыры мен жылу жүйелеріне, фонтандарға, суаттарға, өзендер мен жасыл көшеттерге, көгалдарға, алаңдарға, гүлзарларға, көлік жолдарына, қоғамдық көліктерді тосатын аялдамаларға тастауға;
Тармақша 2
2) аулалар, гүлзалар, бақтар және басқа да қоғамдық пайдаланатын орындардағы жабдықтарды сындыруға;
Тармақша 3
3) аудан әкімдігімен арнайы бөлмеген үйлердің, ғимараттардың, қондырғылардың қасбеттеріне, су ағар құбырларға, жарық беру бағаналарына, инженерлік желі және коммуникация қондырғыларына, көпшілік пайдаланатын орындарда және меншік иесінің келісімінсіз басқа да жерлерге хабарландырулар, жарнамалар, ұгіт баспа өнімдерін (афиша, плакат, листовкалар) және басқа да көзбен шолу ақпараттарын орналастыруға және тастауға;
Тармақша 4
4) қоқыс төгетін қорыптарда қоқыстарды өртеуге, қоқыс төгетін орынға құрылыс материалдарын, металл қалдықтарын тастауға;
Тарау 4. 4. Көлік жүйесі
4. Көлік жүйесі
Тармақ 29
29. Көлік құралдарымен тасымалданатын сусымалы және басқа да жүктер көшелердің ластануына жол бермес үшін ұқыпты жабылуы тиіс.
Тармақ 30
30. Күтпеген жағдайлар, стихиялық апаттар туылған кезде (өрт, төтенше, апатты жағдайлар) апатты жұмыс өндірісі орнында заттар мен басқа да мүліктерді қоймалаған меншік нысанына қатыссыз заңды және жеке тұлғалар өкілетті органның бірінші талабы бойынша өз күштерімен осы учаскені босатуға міндетті.
Тармақ 31
31. Егер қазған кезде жобада жол жер асты коммуникациялары белгілі болса, жұмысты жүргізуші ол туралы жол органдарына және осы коммуникациялар қарайтын мекемеге хабарлауға міндетті.
Тармақ 32
32. Жұмыс өндірісі орындарында ақпараттық қалқандар (объектінің, кәсіпорынның атауы) орнатылуға тиіс.
Тармақ 33
33. Мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) арнайы рұқсатсыз шынжыр табан көліктермен қала көшелерінде жүру;
Тармақша 2
2) белгіленбеген орындарға қоқыс шығару;
Тармақша 3
3) көлік құралдарынан темекі қалдықтарын, қағаздарды және басқа да қоқыстарды лактыру;
Тармақша 4
4) белгіленбеген орындарда автомашиналарды жуу;
Тармақша 5
5) аула ішінде өрт сөндіру автокөлігінің жүруіне бөгет болатын кедергілерді орнатуға.
Тарау 5. 5. Жер асты жер үсті инженерлік коммунникациялардың жүйесі
5. Жер асты жер үсті инженерлік коммунникациялардың жүйесі
Тармақ 34
34. Елді мекендерді көркейтудің бұзылуын болдырмау үшін инженерлік жүйелердің техникалық жағдайы және құрылымы арнайы инженерлік коммуникацияларға иеліктері бар заңды және жеке тұлғалардың үнемі бақылауында болады жөне олар төмендегілерге міндетті:
Тармақша 1
1) аумақтарды су басуына жол бермеу;
Тармақша 2
2) бөлінген және қорғау аймақтардың жағдайын бақылау, люктердің қақпақтары, құдық және камералардың жабындылары, нөсерлік канализациялардың торлары жол жабындыларының деңгейінде болуы тиіс және үнемі дұрыс істеп тұруын тексеріп тұру;
Тармақша 3
3) қайтадан құм төгу және пайдалану, орнату тәртібін сақтамау салдарынан бұзылатын жер асты жолдары мен топырақ және қатты жабындыларының жағдайына үнемі көңіл аудару.
Тармақ 35
35. Жоғары және жер асты суларына арналған каналдарды, құдықтарды, құбырлар мен дренаждарды тазалау мен жинау, нөсерлік кәріз жүйелерінің коллекторлары мен жаңбыр қабылдағыш құдықтарды тазалау қажетіне қарай жаз мезгілінде төрт реттен кем емес, ал қыс мезгілінде бір реттен кем емес жүргізіледі.
Тарау 6. 6. Аумақты жарықтандыру
6. Аумақты жарықтандыру
Тармақ 36
36. Аумақты жарықтандыру сыртқы жарықты орнату арқылы қамтамасыз етіледі. Сыртқы жарықты орнатуға төмендегілер жатады.
Тармақша 1
1) электрмен жабдықтау құрылғылары, бөлуші жүйелер;
Тармақша 2
2) электр желілерін орналастыру және қорғау қондырғысы;
Тармақша 3
3) кронштейндер, тросты іліншек тіректері.
Тармақ 37
37. Тар жолдар, тротуарлар және алаңдарға жарық түсіру ғимарат қабырғасына ілінген шамдармен оларға жақсы жарық түсетіндей жерге ілуге жол беріледі.
Тармақ 38
38. Сыртқы жарық қондырғысына қызмет көрсету және күтіп ұстау төмендегі шараларды қамтиды:
Тармақша 1
1) сыртқы жарық қондырғысын техникалық дұрыс жағдайда ұстау, ондағы сандық және сапалық көрсеткіштер берілген параметрге сәйкес келумен қоса, лампаларды ауыстыру және шамдардағы істен шыққан шашыратқыштарды ауыстыру, шамдарды тазалау, жарық түсіру деңгейін өлшеуді енгізу;
Тармақша 2
2) Шамдарды жөндеу кезінде неғұрлым сапалы, қазіргі заманғы және тиімді жарық лампаларын пайдалану қажет.
Тармақ 39
39. Жарықтандыру тірегіне жарнама қалқандарын, баланста ұстаушының келісімінсіз басқа инженерлік жүйелерді орнатуға жол берілмейді.
Тармақ 40
40. Сыртқы жарықтандыру қондырғысын орнату жағдайын және шамдардың жану пайызын анықтау үшін, екі жұмада бір рет бақылаулы тексеріс жүргізіледі, сыртқы жарықтандыру қондырғысы жағдайы бойынша акт қүрылады. Шамдардың жану пайызы 95%-дан кем болмауы керек.
Тарау 7. 7. Ерекшелінген аумақтардағы нысандарды тазалау
7. Ерекшелінген аумақтардағы нысандарды тазалау
Тармақ 41
41. Ерекшеленген аумақтардағы нысандарда (базарлар, жағажайлар, бақтар, емдеу-сауықтыру мекемелері) санитарлық-эпидемиялогиялық станциялардың келісімінсіз санитарлық қондырғыларды орнатуға және құрылыстарын жүргізуге, күл қоқыстарды жинауға, автокөліктерін жууға, шашылған шөлмектерді жөне ағаштарды сақтауға жол берілмейді.
Тармақ 42
42. Қоғамдық орындардағы аумақтарды жинау (жалпы қолданыстағы демалыс орындары) таңертеңгілік және адамдар аз жүретін уақыттарда (түнгі, таңертеңгілік кезде) жүргізіледі.
Тармақ 43
43. Жазғы маусымда аумақтарды тазалауға адамдар жүретін жерлерді және тротуарларды шаң-тозаңнан, кір-қоқыс жерге түскен жапыратқтардан, көше күл-қоқыстарынан тазалау жатады. Жолдар, алаңдар көшелер және инженерлік құрылыстар жүру бөліктері түнгі уақыттарда жуылады.
Тармақ 44
44. Жапырақтар саулап түскен шақтарда оларды көшелерден, тротуарлардан дер кезінде жинап алу керек немесе газондарды жауып тастау қажет. Жиналған жапырақтарды арнаулы белгіленген аумақтарға жеткізу қажет. Жапырақтарды елді мекендерде, скверлерде және парктерде өртеп, жинақтауға жол берілмейді.
Тармақ 45
45. Қысқы жинау жұмысы тұрақты (қар жауған кездерде) және мезгілді (қар жауған және одан кейінгі уақытта) болып екі түрге бөлінеді.
Тармақ 46
46. Жолдардағы және тротуарлардағы көктайғақтармен күресу үшін тұз араластырылған құм (немесе басқа хлоридалы құмдар) қолданылады. Жолдарды қауіпсіздендіру жүру қозғалысы жоғары жерлерде ең бірінші кезекте апатты-қауіпті жерлерден басталады: құлдилауда, көтерілуде, қиылыстарда, қоғамдық көліктер тежелетін орындарда, көпірлердің өту бөліктерінде, жол өтімдерінде және басқа инженерлік құрылыстарда.
Тармақ 47
47. Мұз үйінділерін, қардың кірлік қалдықтарын жасыл көшетті аумақтарға апарып, тастауға жол берілмейді.
Тармақ 48
48. Көшелердің өту жолдарын, алақдарын қиылыстарын, көпірлер, жоғары және ылдиларды механизмділік себу жұмыстарын конкурста жеңіп шыққан ұйымдар мен мекемелер атқаруға құқылы. Аула ішіндегі жаяу кісілі жолдарға құм себу пәтер иелері кооперативтер күшімен немесе мамандандырылған кәсіпорындармен шарт жасасу тәртібі арқылы іске асырылады.
Тармақ 49
49. Жер учаскесі иелері және жер пайдаланушылар бекітілген және белгіленген аумақтарда қар және мұздарды ойып жинауға, тайғақ жерлерге инертті жадығаттармен өз бетімен себуге немесе мамандандырылған ұйымдар шарты бойынша іске асыруға міндетті.
Тармақ 50
50. Шатырларды және карниздегі, төбедегі су құбырларындағы қардан тазалау маңайы міндетті қоршалған жасыл көшеттерді, шамдарды, ауа жүйелерінің бүлінуінен және жолаушылардьщ бақытсыз жағдайынан сақтану шараларын сақтау міндетімен ғимарат және мекеме иелерінің құралымен және күшімен, жүйелі түрде өткізіледі.
Тармақ 51
51. Өтетін жерлерді бөгеуге жасыл көшетті газондарға залалын тигізетін қар және мұз қалдықтарын тастауға жол берілмейді.
Тарау 8. 8. Базарлар
8. Базарлар
Тармақ 52
52. Базарлар аумағында (оның ішінде шаруашылық алаңдарға кірме жолдар, өткелдер) жауын және көктемгі су ағындарының төмен ағып кетуін қамтамасыз ететін қабаттар (асфальт, жұмыртас) төселуі керек. 0,2 гектар алаңы бар базарларға еркіндік етілген жағдайда бұрынғы төселген жоғарғы қабатты кем дегенде 3 см құммен тағы нығырлауға жол беріледі.
Тармақ 53
53. Базардың аумағында кәріз жүйесі және су құбыры болуы керек.
Тармақ 54
54. Шаруашылық алаңдарды санитарлық қағидалар мен нормалар 2003 жылдың 5 ақпаны № 131 «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру Қағидасы» есебімен сауда орындарынан кем дегенде 30 метр қашықтыққа орналасуы тиіс.
Тармақ 55
55. Базардың техникалық жүмысшылары ол жабылғаннан кейін аумағын тазартуы керек. Күндіз қалдықтар жиналып қалған жерлерге тазарту жұмыстары жүргізілуі керек.
Тармақ 56
56. Жылдың жылы маусымында базар аумағын міндетті сыпырумен бірге күн сайын жуып отыру керек.
Тарау 9. 9. Бақтар
9. Бақтар
Тармақ 57
57. Ауыспалы күл қоқыс жинағыштарға бөлінген шаруашылық учаскелері демалушылардың көп жиналатын орындарынан (би алаңдары, эстрадалар, фонтандар және т.б.) 50 метрден жақын орналаспауы керек.
Тармақ 58
58. Парктің 800 шаршы метріне кем дегенде бір күл қоқыс салатын орындар орнатылуы керек. Басты аллеялардағы күл қоқыс салатын орындардың ара қашықтығы 10 метрден аспауы тиіс.
Тарау 10. 10. Табиғи суаттар
10. Табиғи суаттар
Тармақ 59
59. Табиғи жағдайларда медициналық пункттер, құтқару станциялары, тамақтану орындары, киініп шешінетін кабиналар, әжетханалар орналасады. Егер фонтандар болса су ауыз суы Қазақстан Республикасының санитарлық қагидалар мен нормаларының «Елді мекендердегі ауыз суы және сумен жабдықтау» № 3.01.067-97 талаптарына сәйкес болуы керек.
Тармақ 60
60. Күл-қоқыс салатын орындар жасыл көшекттерден және су көзінен кем дегенде 10 метрлік қашықтықта орналасуы керек. Күл қоқыс салатын орындар жағажайдың 1600 метрлік аумағына кем дегенде біреуі орнатылуы қажет. Орнатылған жағажайдың күл қоқыс салатын орындарының ара қашықтыгын бір-бірінен 40 метрден аспауы тиіс.
Тармақ 61
61. Суға шомылу үшін арналған орындарда машина, кір жууға, жануарлар суға түсіп және оларды ертіп жүруге жол берілмейді.
Тармақ 62
62. Қысқы маусым аяқталғанда су тоғандарының жағалық аймақтары күл қоқыстардан, бей берекет үйінділерден арылуы керек, су бассейінінің санитарлық жағдайын күтіп ұстау бойынша шаралар жүргізілуі қажет.
Тарау 11. 11. Қатты қалдықтарды жинау, шығару және залалсыздандыру
11. Қатты қалдықтарды жинау, шығару және залалсыздандыру
Тармақ 63
63. Түрғын үйлерден, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан, мәдениет кәсіпорындарынан, қоғамдық және басқадай ұйыдардан қатты қалдықтарды шығару жинауды жоспарлы-тұрақтандыру жүйесі бойынша арнайы кәсіпорындар арқылы жүргізіледі.
Тармақ 64
64. Қоқыстар мен қалдықтарды үшін контейнерлерді орналастыру үй иелерімен, кәсіпорындармен шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпорын, мекеме және ұйым басшылары санитарлы қызметтер және өртке қарсы қызметтер келісімі бойынша контейнер орнатуды өндіреді.
Тармақ 65
65. Қоқыс жинайтын алаңдар елді мекендерде тұратын адамдар үшін қолайлы жағдайда, топырақ беті мен ауаның ластануына мүмкіндік бермейтін, тиісті эстетикалық талаптарды қамтамасыз етуді есепке ала отырып орналастырылады. Алаңқайлар асфальтпен жабылып және оған үй не кіре беріс жақтан арнаулы транспорттың кіріп шығуына мүмкіндік жасалған жөн.
Тармақ 66
66. Қалдықтарды сыртқа шығару ісіне өкілетті органдар бақылау жасайды.
Тарау 12. 12. Құрылысты бұзу және шығару
12. Құрылысты бұзу және шығару
Тармақ 67
67. Қолданылып жүрген заңдылықтар және бекітілген жобалық процедуралар орындалуы қамтамасыз етілген жағдайда ғана аумақтардағы ескірген және құлауға шақ қалған құрылыстарды тазарту жұмыстарына кірісуге болады.
Тармақ 68
68. Бұзу және бөлшектеу технологиясы Қазақстан Республикасының NA.3.2.5-96 «Құрылыстағы еңбек және қауіпсіздік техникасын қорғау» құрылыс нормалары мен қағидалар талаптарына сәйкес қызметкерлер мен жұмысшылардың қауіпсіздік еңбек талаптарын қамтамасыз ету керек.
Тарау 13. 13. Үй-маңайын күтіп -ұстау және тазалау
13. Үй-маңайын күтіп -ұстау және тазалау
Тармақ 69
69. Үй маңындағы аймаққа контейнер орнату үшін, ыңғайлы транспорт ету жолдары үшін арнайы алаңдар бөлінуі керек.
Тармақ 70
70. Аулалық қоқыс жинағыштардың көлемі Қазақстан Республикасының «Қалақұрылысы. Қалалық және селолық қоныстарды жоспарлау және салу» 3.01-01-2002 талаптарына сәйкес анықтау ұсынылады.
Тармақ 71
71. Жеке жер үйлер қожайындары кондоминиум объектісі мекеме органына аула маңайы және үйге жүру жолын жинау жүктеледі.
Тармақ 14
14. Осы Қағиданы бұзғандығы үшін жауапкершілік
Тармақ 73
73. Осы Қағиданы бұзғаны үшін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген санкциялар қолданылады.
Тармақ 74
74. Осы Қағиданың орындалуын бақылауды қолданыстағы заңға сәйкес әр бақылаушы органдар өз құзыретті шегінде іске асырылады.