О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1119 қаулысымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаменті" бөлімі мен реттік нөмірі 408-жол алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 25-7-жолмен толықтырылсын: "25-7 "Есеп" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы";
Тармақша 2
2)
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207 қаулысына : аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымына: "Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаменті" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы басқармасы"; "Персоналмен жұмыс істеу жөніндегі басқарма" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Кадр және ұйымдастыру жұмысы департаменті"; аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Есеп" республикалық мемлекеттік кәсіпорны". 📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармағындағы 2)-тармақшасының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.07.23. N 1046 қаулысымен.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 тамыздағы N 1279 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 40, 372-құжат) күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.